Сабақтың мақсаты: «Қорықтар» тақырыбына байланысты білімдерін қолдануға, жинақтауға бағыттау



Дата28.01.2018
өлшемі84,61 Kb.
#34681
түріСабақ
Сатыбалдина Дина Кабаевна

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

КГУ КШДС № 33 Қарағанды қ.
Қорықтар


Күні:

Сынып:8

Сабақтың мақсаты:

«Қорықтар» тақырыбына байланысты білімдерін қолдануға, жинақтауға бағыттау

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар тақырыпқа байланысты сөйлемдерді толықтырады, диалог құрастыра алады. Жуан-жіңішке сұрақтар қояды. Берілген тақырып бойынша әңгімелей алады.Сөзжұмбақ шешеді.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты меңгерту




Сабақ-тың

кезең


дері

Жұмыс түрі

Іс-әрекеттер

І. Ой ша


қыру:


Сәлемдесу
«Аквариум» стратегиясы

«Миға шабуыл» стратегиясы


топтастыру

топтық жұмыс


«Екі бөлімді күнделік»

Мәтінмен

жұмыс


Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, жұмысты бастайық.

Үй тапсырмасы тексеру

Табиғаттың бір бөлшектері өсімдіктер мен жануарлар туралы жинаған ақпараттарды ортаға салайық (ішкі шеңберде отырған оқушылар үй тапсырмасы туралы білгендерін ортаға салады, ал сыртқы шеңберде тұрған оқушылар бағалау критериялары берілген бланк бойынша білімдерін бағалайды)
«Табиғат» туралы видео көрсету

Не білдік?

Табиғат, өсімдік, жануарлар туралы көрдік.

Осы жануарлар мен өсімдіктер құрып кетпеу үшін қандай жұмыстар атқарылады?

-Сирек кездесетін аңдарды ауламау, емдеу

-Өсімдіктерді жұлмау

- Өсімдіктерді отырғызу

Қорықтар ұйымдастыру


Оқушылар жазуларды алып топтасады.

І топ мәтіні: Ақсу-Жабағылы қорығы

ІІ топ «Барсакелмес» қорығы

ІІІ топ «Қорықтар»


Мәтінді өздері оқиды.

Таныс сөздер

Таныс емес сөздер






1. Мәтінге ат қою.

2. Мәтіндегі тірек сөздер.

3. Мәтін бойынша қысқаша ақпарат беру.

4. Қойылған жуан сұраққа жауап беру.

І топ

Мына сурет туралы не айтасыңдар?

Барыстың символ ретінде алыну себебін түсіндіріндер.

Бұл - Президент жолдануындағы «Қазақстан барысы»

Барысты символ ретінде алу себебі:

Барыс -өте сирек кездесетін ерекше алғыр, айлалы, жасқануды білмейтін батыл аң.



ІІ топ

1. Мәтінге ат қою.

2. Мәтіндегі тірек сөздер.

3. Мәтін бойынша қысқаша ақпарат беру.

4. Қойылған жуан сұраққа жауап беру.

Қорыққа неліктен «Барсакелмес» деп ат қойған?

Барсакелмес деп аталу себебі: Аңыз бойынша Аралға барған адам қайта оралмайды.

ІІІ топ

1.Мәтінге ат қою.

2. Мәтіндегі тірек сөздер.

3. Мәтін бойынша қысқаша ақпарат беру.

4. Қойылған жуан сұраққа жауап беру.

Елтаңбада не бейнеленген?

Неліктен Елтаңбада бидайдың масағы мен қанатты пырақ бейнеленген?

Өйткені:


Бұл-жерге деген сүйіспеншілік. Өсімдіктер, жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туған.

ІІ. Ой өрбіту:

І топ
ІІ топ


ІІІ топ


Тапсырма.

Берілген сөйлемдерді сөз тіркестерімен толықтырып жазып, үш тілде айтыңдар.

1. « Ақсу-Жабағылы» қорығы ЮНЕСКО жасаған ... ... тізіміне енді.

Қазақша:


Орысша:

Ағылшынша:

2. Қорық Ақсу және Жабағылы атты ... ... арасында орналасқан.

Қазақша:


Орысша:

Ағылшынша:

3. Биік таулардың басында ... ... тіршілік етеді.

Қазақша:


Орысша:

Ағылшынша:

Тапсырма

Берілген сөйлемді сан есімдермен толықтырып, мағыналық түрлерін анықтаңдар.

Қорық .... жылы ұйымдастырылған.(1939 жылы есептік сан есім)

Аралда жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ... аса түрі өскен.( 250-ден болжалды сан есім)

Тапсырма

Сөйлемдерді толықтырыңдар.




Сөйлемнің басы

Жалғасы

1. Қорықтар ғылыми мекемелер

жұмыс істейді

2. Қорықтарда күзетшілер, дәрігерлер, ғалымдар

қатарына жатады.

Қорықтарды «табиғат эталоны» немесе

«ашық аспан астындағы» табиғат мұражайы деп те атайды.

І топ. Ақсу-Жабағылы

Диалог құрастыру

ІІ топ. Барсакелмес Сөзжұмбақ толтыру

1. Жануарлар мен өсімдіктерді тіркейтін кітап (Қызыл)

2. Ауаны тазартушы( орман)

3. Қазақстан Жолдауында бейнеленген аң ( Барыс)

4. Мемлекеттік қорықтың аты ( Қорғалжын)

5. Жыртқыш аң (қасқыр)


ІІ. Ой толғаныс:




Венн диаграммасы:

ерекшелігі ортақ ерекшелігі



Ақсу-Жабағылы




Барсакелмес

Талас Алатауында орналасқан

Екеуі де қорық

Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан

1927ж құрылған

Мақсаттары: Өсімдіктер мен жануарларды қорғау

1939ж ашылған

Мақсаты: Фауна мен флораны сақтау

Күзетші, дәрігер, ғалымдар жұмыс істейді.

Мақсаты: Құландар мен қарақұйрықтарды сақтау

Барыс тіршілік етеді

Бақылайды, жаңа түрлерін өсіріп шығарады

Неміс ғалымы Бернхард Гржимек болған




Жаңа жағдайларға үйретеді. Аулауға тыйым салынған









Бес жол өлең



1. Зат есім. Қорық

2. Етістік. Бақылайды, қорғайды.

3. Сын есмі. Мемлекеттік, ұлттық, табиғи

4. Табиғатты құрметейік, аялайық, сақтайық!

5. Синонимі. Алқап.

Бағалау:


Ү/т

І топ Презентация жасау

ІІ топ. «Менің кіші достарым» Эссе.

ІІІ топ Қызыл кітап туралы ақпараттар




Тапсырма. І топ

Берілген сөйлемдерді сөз тіркестерімен толықтырып жазып, үш тілде айтыңдар.

1. « Ақсу-Жабағылы» қорығы ЮНЕСКО жасаған ... ... тізіміне енді.

2. Қорық Ақсу және Жабағылы атты ... ... арасында орналасқан.

3. Биік таулардың басында ... ... тіршілік етеді.

дүниежүзілік қорықтар

екі өзен


қар барысы

-----------------------------------------------------------------------------------------



Тапсырма ІІ топ

Берілген сөйлемді сан есімдермен толықтырып, мағыналық түрлерін анықтаңдар.

Қорық .... жылы ұйымдастырылған.

Аралда жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ... аса түрі өскен.

1939 жылы

250-ден

Тапсырма ІІІ топ



Сөйлемдерді жалғастырыңдар.


Сөйлемнің басы

Жалғасы

1. Қорықтар ғылыми мекемелер

жұмыс істейді

2. Қорықтарда күзетшілер, дәрігерлер, ғалымдар

қатарына жатады.

Қорықтарды «табиғат эталоны» немесе

«ашық аспан астындағы» табиғат мұражайы деп те атайды.

Арал теңізінің солтүстік – батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі – 16,8 мың га. Ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен, құландар мен қарақұйрықтарды қорғау болды. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде.

Барсакелместе неміс ғалымы Бернхард Гржимек болған. Ол өзінің «Қазақстан кереметі» әңгімесінде қазақстандықтардың құландар мен қарақұйрықтарды қалпына келтіріп, сақтап қалудағы еңбектерін керемет деп жоғары бағалаған.

Барсакелмес деп аталу себебі бар. Аңыз бойынша, баяғыда бір адамдар мұз үстімен жүріп, сол аралға шығады. Алайда күн бұзылып, сең жүреді. Содан адамдар орала алмай қалады. Сөйтіп, ел аралды Барсакелмес деп атап кеткен.

Барсакелмес қорығының арқасында қарақұйрықтардың, құландардың толық жойылып кетуіне жол берілмеді.

ІІ топ


1.Мәтінге ат қою.

2. Мәтіндегі тірек сөздер.

3. Мәтін бойынша қысқаша ақпарат беру.

4. Қойылған жуан сұраққа жауап беру.

Қорыққа неліктен «Барсакелмес» деп ат қойған?

Себебі:



Ақсу-Жабағылы қорығы — (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Қорық Ақсу жәТалас Алатауыныңне Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. Ол 1927 жылы құрылған. Ақсу-Жабағылы қорығының мақсаты- табиғаттың сан алуан көріністерін және ондағы фауна мен флораны сақтау. Ақсу-Жабағылы қорығында биік таулардың басында қар барысы тіршілік етеді. Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Президент Жолдауында: «Қазақстан барысы» өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, табиғаттың жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады» деген.




І топ

1.Мәтінге ат қою.

2. Мәтіндегі тірек сөздер.

3. Мәтін бойынша қысқаша ақпарат беру.

4. Қойылған жуан сұраққа жауап беру.
Елбасы Жолдауында Барыс неліктен символ ретінде алынған себебін түсіндіріндер.

Табиғатты қорғаудың ұтымды, әрі негізгі жолы болып қорықтар жүйесі саналады. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын, барлық табиғат байлықтары қорғауға алынған алқаптарды қамтиды. Олардың алып жатқан жер көлемі де түрліше. Қорық ұйымдастырылған жерлерде ешқандай шаруашылық жұмыстар жүргізілмейді

ондағы табиғи құбылыстар мен заңдылықтар өз бетінше жүреді. Қорықты жерлерде тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, сондықтан да қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Осыған байланысты қорықтарды «табиғат эталоны», «табиғат лабораториясы» және «ашық аспан астындағы» табиғат мұражайы деп те атайды. Қазіргі кезде республиканың әрбір табиғат белдеулерінің өзіне тән табиғат байлықтарын қорғап қалу мақсатында 9 мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған.

Қорықтар елімізде өсімдіктер мен жануарлар арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар, қорықтар ұйымдастырылған:

1) Алматы мемлекеттік қорығы (1931)

2) Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы(1927)

3) Барсакелмес мемлекеттік қорығы(1939)

4) Қорғалжын мемлекеттік қорығы(1968)

5) Наурызым мемлекеттік қорығы(1959)

6) Марқакөл мемлекеттік қорығы (1976)

7) Үстірт қорығы(1984)

8) Батыс Алтай қорығы(1992)

9)Алакөл қорығы(1998)

Қорықтарда күзетшілер, дәрігерлер, ғалымдар жұмыс істейді. Олар аңдардың тіршілігін бақылайды, жаңа түрлерін өсіріп шығарады, жаңа жағдайларға үйретеді.

Өзіміз қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай, құрметтей білейік!

1.Мәтінге ат қою.

2. Мәтіндегі тірек сөздер.

3. Мәтін бойынша қысқаша ақпарат беру.

4. Қойылған жуан сұраққа жауап беру.

Неліктен Елтаңбада бидайдың масағы мен қанатты пырақ бейнеленген?



Каталог: userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Есжан ержан әуелханұлы м. Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> Программа учебной дисциплины опд. Ф "Онтология и теория познания"i специальность (направление) – 030101


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет