Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Word мәтіндік редакторында


Ұяшықтарды біріктіру үшін



бет3/3
Дата01.04.2017
өлшемі301,97 Kb.
#12875
түріСабақ
1   2   3

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.

  • Макет- Объединить ячейки

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:

  • Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.

  • Макет- Разбить ячейки



Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы

  • Макет- Удалить строки немесе Удалить столбцы

Word мәтіндік редакторында жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар (границы) қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:




  • Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау

  • Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.

  • Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.

  • Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.

  • Соңында ОК-ді басу керек.

Кесте ішіне деректер енгізу  немесе редакциялау үшін деректері бар ұяшыққа шертіп, басу  және редакциялау үшін пернетақтадағы әдеттегі пернелерді пайдаланыңдар. Кесте бойымен орын ауыстыруға мынадай пернелер пайдаланылады.

  • Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін «TAB» пернесін басыңдар.

  • Бір жолда кейін қарай  (солға қарай) қайтып оралу үшін «Shrift+tab» пернелері үйлесімін басыңдар.

  • Жолдан жолға өту үшін «Т» немесе «і» пернелерін пайдаланыңдар.


Маған айтып берсең ұмытып қалармын,
Көрсетіп берсең есте сақтармын,
Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.(Шығыс нақылы)

Оқушыларға тапсырмалар тарату, дербес компьютерде орындату.



Тапсырма:

  1. Қою (Вставка) - Кесте (Таблица) – Кесте қою (Вставить таблицу) командасын орындау арқылы 5 баған, 4 жолдан тұратын кесте құрыңыз.

  2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.

  3. Кестенің соңына 1 баған 4 жол қосып электронды пошта адресі деп жазып, толықтырыңыз

  4. Кестенің соңына жол қосып, барлық ұяшықтарды біріктіріп, «6 «В» сыныбы» деп жазыңыз

  5. Формат → Шекаралар және құю (Границы и заливка) командасы арқылы жиектеу орналастыр

  6. Орындаған тапсырманы мұғалімге көрсетіңіз

Оқушы туралы мәлімет

Р/с

Оқушының аты-жөні

Туған жылы

Мекен-жайы

Телефоны

1














Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығулар

Көзді дем алдыру жаттығулары:

Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу;

Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;

Көзді жұмып және оны қолмен жауып 30 секунд отыру.
ІV. Қорытынды

«Ақпараттық диктант»

1.  Таблица →Вставить Таблицу командасының көмегімен ……… құруға болады.

2.  Число Столбцов өрісіне қажетті ……… санын енгіземіз.

3. Число строк өрісіне қажетті……….. санын енгіземіз.

4. Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа  оңға қарай жылжыту үшін …….. пернесін басамыз.

5. Жолдан жолға өту үшін ...... немесе ....... пернелерін пайдаланамыз.

«Ақпараттық диктант»  жауаптары:

1. Таблица → Вставить Таблицу командасының көмегімен КЕСТЕ  құруға болады.

2. Число Столбцов өрісіне қажетті БАҒАН  санын енгіземіз.

3. Число строк өрісіне қажетті КЕСТЕ санын енгіземіз.

4. Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа  оңға қарай жылжыту үшін TAB пернесін басамыз.

5. Жолдан жолға өту үшін «Т» немесе «і» пернелерін пайдаланамыз.

V.Бекіту

Рефлексия жүргізу


Не білдім


Не үйрендім


Сабақтан алған әсерім











VI. Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау. (кезекші жинастырады)



Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Қорытынды

Барлық ұпай

Баға

«Келесі» ойыны (алма ағашындағы алмада жасырылған сұрақтарға жауап) әр дұрыс жауап

5 ұпай


Тапсырма (практикалық жұмыс)

5 ұпай


Ақпараттық диктант

әр дұрыс жауап

1 ұпай


1

Ануарова Аружан
























60-80 ұпай – «5», 50-70 ұпай – «4», 30-40 ұпай – «3»


VII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, «Менің күнделігім» атты кесте құрып келу (Электронды түрде)
Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!














Кім жылдам, соңғы сөзді мен айтамын! (Тест жұмысы)

1. Word Pad мәтіндік редакторын қалай іске қосуға болады?
А) Бастау → Барлық бағдарламалар → Стандартты →Word Pad командаларын орындау арқылы*
В) Файл → Ашу
С) Бастау → Барлық бағдарламалар → Paint
2. Word Pad стандарт тақтасының орналасуы:
А) құралдар панелінде*
В) тақырып жолында
С) есептер тақтасында
3. Мәтінді туралаудың түрлері:
А) жоларалық интервал түрлерімен
В) шегініс және аралық
С) сол жақ, орта, оң жақ, ені бойынша туралау*
4. Жоларалық интервалдың қызметі:
А) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді
В) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді*
С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді
5. Word Pad программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?
А) Беттің бөлігінің көлемі →Ориентация (бөлік) → кітаптық, альбомдық.*
В) Қою → Бөлу → Жаңа бетке
С) Қою →Беттің нөмірлері
6. Алмасу буфері дегеніміз не?
А) қатқыл дискідегі файл
В) қатқыл дискінің резервті аумағы*
С) файлдар мен бумаларды тұрақты сақтауға арналған сыйымдылық
7. Word Pad редакторында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?
А) Кірістіру → Беттің нөмірлері → Орналасу → ОК*
В) Кірістіру → Бөлу → Жаңа бетке → ОК
С) Файл → Беттің параметрлері
8. Мәтіндік редакторларда бір сөз екінші сөзден қалай ажыратылады?
А) қос нүктемен
В) бос орынмен*
С) үтірмен
9. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
А) мәтіндік ақпаратты компьютерлік желі арқылы жіберу
В) мәтінді дискіге мәтіндік файл ретінде сақтау процесі
С) берілген мәтінге өзгерістер енгізу процесі*
10. Мәтіндік редактордағы мәтін бөліктерін көшіру үшін алдымен не істеу керек?
А) алдыңғы мәтінді дискіге жазу
В) жаңа мәтіндік терезе ашу
С) көшірілетін бөлікті ерекшелеу *

Ой қозғау» Оқушы үш тапсырманың біреуін таңдайды. Тапсырмада жұмбақ берілген, жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтады. Толық жауапқа 15 ұпай, ал екі тілде жауап берсе, 10 ұпай, егер үшінші тілін басқа оқушы жауап берсе 5 ұпай сол оқушыларға беріледі.
Жұмбақ шешу:

1)Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте, Таблица, Table)
2)Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі. (Жол, Строка, Line)
3)Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды. (Ұяшық, Ячейка, Stage)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет