Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру. Міндеттері



Дата19.02.2017
өлшемі49,46 Kb.
#10821
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 25.10.2015ж

Тақырыбы: Бақыт құшағында

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Адамдарға риясыз кызмет ету, ізгілік, кешірімшіл болу, шынайылық

Пән мұғалімі: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 7 «а, ә» сынып Оқушы саны-17,19

Мектебі: Қаракөл орта мектебі


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы

түсінік беру.

Міндеттері:

Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;

Оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларды өз бағыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, шарлар.



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.


Сабақ барысын талдау:


Үй тапсырмасын тексеру Қ.Толыбаев

Бақытқа барар жол

  • Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді өтінді?

  • Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?

  • Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?




Дәйексөз.

Бақыттың мәні парасаттылықта, әр кімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.

Әл-Фараби





Мұғалім сыйы:

Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым.

Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Арман сияқты Бақыт та мұраттың тылсымдық-эмоциялық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді. Әдептану саласында Бақыт мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология(грек. Бақыт туралы ілім) деп атайды.

Бақыт — көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері:


  1. бақ-дәулет, “қолға қонған құс”, ырыздық;

  1. қуаныш, ләззат, рахат;

  1. жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық;

  1. өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу.




Шығармашылық жұмыс

«Ата-ана бақыты» тақырыбында ой-толғау






Топпен ән айту.

Бақыт құшағында


с. Т.Молдағалиев 
ә. Ш.Қалдаяқов

Көзіңнен бір ұшқын 


Ұшты ма білмедім 
Әйтеуір нұр құштым 
Әйтеуір гүлдедім 
Көктемнің бұлбұлы 
Кеудеме қонады 
Құшаққа қыр гүлі 
Толғандай болады

Кел билейік, кетпе менің қасымнан 


Қызғалдағым таң нұрымен ашылған 
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды 
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Әнбісің төгілген 


Жырмысың армандай 
Бір бақыт көрінген 
Жақындап қалғандай 
Жанарың ұшқыны 
Жүректе жанады 
Қолыңның ыстығы 
Қолымда қалады

Мен бүгін бұлақпын 


Ілгері жүгірген 
Бір нәзік шуақпын 
Жаныңа үнілген 
Сүйемін мен күнді 
Көңілді жалынды 
Сен биле еркімді 
Әлдиле жанымды




Үй тапсырмасы.

Бақытты адамның көйлегі

(ертегі)




Соңғы тыныштық сәті.

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет