Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есімнің мағыналық түрлерін, зат есімнің жасалу жолдарын, емлесі туралы түсіндіру



Дата08.09.2017
өлшемі72,13 Kb.
#31319
түріСабақ
Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Абильдина Баян Кабдуалиевна

Пәні: қазақ тілі Сынып: 6 «А»

Тақырып

Зат есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға зат есімнің мағыналық түрлерін, зат есімнің жасалу жолдарын, емлесі туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: Зат есімнің сұрақтарын

- мағынасына қарай (жалқы, жалпы, деректі, дерексіз)



-құрамына қарай бөлінуін білу(дара, күрделі)





Дамытушылық: Оқушылар өздігінен іздене отырып, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, мәдени сөйлеу дағдысын дамыту.




Тәрбиелік: Топтық жұмыс жасай біледі, достықпен бірін-бірі сыйлайды.Рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:

Дәптермен сауатты жұмыс жүргізеді. Қиын және жеңіл сұрақтар қойып үйренеді.Оқушының сыни ойлауы дамиды. Оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды.Көшбасшылығы айқындалады.

Түйінді идея

Заттың атауын білдіретін сөздер

Сабақтың түрі

Іздену, шығармашылық сабағы

Сабақтың типі

Қайталау, пысықтау сабағы

Көрнекілігі

Тірек сызбалар, суреттер, сөзжұмбақтар, үлестірме қағаздар, кластер, стикер, маркер т.б.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын, қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, кластер, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын.Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Сабақтың барысы:




Сабақ кезеңдері


Уақыт



Мұғалім әрекеті



Оқушы әрекеті



Кіріспе

Негізгі бөлім

Сабақты қорыту

Рефлексия

Бағалау


Үйге тапсырма




2 мин
2 мин


7 мин

3 мин

1тапсырма

10мин

Сергіту сәті

2 мин


2 тапсырма

Оқулықпен жұмыс

6 мин

3 тапсырма
5 мин
2 мин


3 мин

3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу.

Сәлемәтсіздерме, кәне балалар бәріміз шеңбер жасап тұрайық.
Кәне,достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

Топқа бөлу

Осы кезде әр топ өз топ басшыларын сайлайды.


2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру

Жаңа тақырыпқа шығу.

Әр топтың алдына кесте беріледі, сол кестені толтыру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбына шығу.

Осы сөздердің бәрі сендерге таныс па? Осы сөздердің бәрі қандай сөз табына жатады?

Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы:



«Зат есімнен өткенді қайталау»

-Балалар сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Зат есімнің мағыналық түрлерін, зат есімнің жасалу жолдарын ,құрамына қарай бөлінуін тапсырмалар арқылы бекіту,пысықтау.


1 топ- Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл уақытта зымырап келіп қалды..

Мәтіннен зат есімдерді тауып, құрамына, мағынасына талдау.

Асты сызылған зат есімге фонет-қ талдау жаса.
2 топ- Венн диаграммасы

Жалпы есім мен жалқы есім, деректі, дерексіз зат есімдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.


3 топ- «Тәуелсіз ұлы дала» тақырыбына эссе жазу.

Мәтінде жалқы, жалпы, деректі, дерексіз, дара, күрделі зат есімдерді қатыстыру.


4топ- «Қыс» тақырыбына мәтін құрау.Мәтіндегі зат есімдерді талдау.
Музыка интербелсенді тақтада қосылады, сол бойынша қимыл жасайды.

82-жаттығу. Мәтіннен зат есімдерді теріп, түрлеріне талдау.

1топ. Зат есімнің түрлеріне схема сызу. (постерге)

2топ. Зат есімге сөзжұмбақ құрастыру. (постерге)

3топ. Бес жолды өлең жазу.

4топ. Күрделі зат есімі бар 5 сөйлем құрастыру.


Сабақ несімен ұнады?

Қиындық туғызған сұрақтар бар ма?
Осы кезде әр топтағы топ басшылары өздерінің қорытынды бағаларын қойып, талдайды, себебін түсіндіреді.

Денгей бойынша беріледі.



І денгей. 83-жаттығу.

Мәтіннен қызықты деректерді өздерің үшін қысқаша жазып алу.

Мәтіндегі қарамен жазылған зат есімдерге талдау жасау.



ІІ деңгей. 2-тапсырма.

ІІІ деңгей. «Тәуелсіз елдің ұланымын» эссе жазу.


Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

Оқушылар кәмпит түстері бойынша топқа бөлінеді.Кәмпит баланың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамытады.Сол мақсатпен алынды.


Әр топтан оқушылар жазған шығармаларын оқиды.

« ЭКСПО-2017»

Мәтіндегі зат есімдердің түрлеріне тоқталу.

Кәне балалар дәптерлерімізді ашамыз

1.Берілген тапсырмаларды сапалы орындау.
Түсініксіз сөздерді сөздіктен немесе ғаламтордан тауып,мағынасын ашу.

4 топқа бір тапсырма

Әр топтан бір-бір сөйлемнен оқу.

Оқушылар түймедаққа өздерінің стикерлерін жабыстырады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет