Архимед күшін тұңғыш рет грек ғалымы Архимед (б.з.б 287-212 ж.ж) есептеп шығарған Архимедке дейін де адамдар ығыстырушы күштің бар екенін білгені анық. Суда кемелер, қайықтар, салдар жүзген, ығыстырушы күш мүмкіндік беретіндей дәрежеде оларға жүктер тиелген. Алайда осы күштің шамасы неге тең болатынын дәл есептеп шығарған Архимед болатын.
Үстелге шүмегінің деңгейіне дейін су құйылған ыдыс және оның қасына кішірек сауат қояйық. Енді денені абайлап ыдыстағы суға батырамыз. Ығыстырушы күштің әрекетінен динамометр серіппесінің көрсеткіші жоғары көтеріле бастайды. Дене суға батқан сайын суды ығыстыра түседі де, ығыстырылған су сауытқа құылады. Дене суға толық батқан кезде, динамометр дененің судағы салмағы қаншаға азайғанын көрсетеді.
Архимед тәжірибелері
Егер дене ығыстырып шығарған сұйықты динамомертге ілінген ыдысқа құйсақ, онда динамомерт көрсеткіші өзінің бұрынғы орнына қайтадан келеді. Бұдан дененің салмағы ыдыстан ағып шыққан сұйықтың салмағына тең шамаға азайғанын байқаймыз.
7. Атмосфераның қысымы бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал.
№55. Архимед күші.
№55. Архимед күші.
№715, №721
(есептер жинағынан.)
Үйге тапсырма.
Бағалау
Есептер шығару
Архимед заңына негізделген гидростатикалық өлшеу әдісі
Архимед тәжірибелері №1
Штативке динамометр бекітеміз. Динамометрге жүк ілеміз. Динамометрдің шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшнің мәнін белгілеп алайық.
Архимед тәжірибелері №2
Штативке динамометр бекітеміз. Динамометрге жүкті ілеміз. Осыдан кейін денені толық суға батырамыз. Сонда динамометрдің шкаласының көрсетуі өзгергенін байқаймыз. Сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.
Сұйықтағы дененің жан-жағынан әсер ететін ығыстырушы күштер.