Сабақтың мақсаты: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту



бет2/5
Дата13.02.2017
өлшемі0,86 Mb.
#9028
түріСабақ
1   2   3   4   5

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып  жазылатын сөздер. С.Көбеев «Екі соқа»
Сабақтың мақсаты: Бас әріптен жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту.Мәтіннің негізгі идеясын ашу.
а) жер-су аттарының бас әріпппен жазылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс, түсініп оқуға үйрету.
ә)  түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
б) оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.   Көрнекілігі: карта, суреттер, сызбалар,карточкалар.
Әдісі: проблемалық, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап.   Пәнаралық байланыс:математика, дүниетану.
Сабақтың барысы:
I.    Ұйымдастыру.
II.    Өткен  материалдарды еске түсіру.
1.    – Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді  білесіңдер?
2.    – Ендеше, балалар «Кісі аттарын жалғастыр»ойынын ойнайық.
3.    Олжас
Назерке                           Осы балалар қайда тұрады?
Ернар
- Қапшағай ненің аты?
- Қапшағайда қандай су қоймасы бар?
- Іле өзені қай көлге құяды?
( Картадан көрсету.)
Қапшағай
Іле                                    Ненің аты?(жер-судың аты)
Балқаш
III.    Жаңа сабақ.
1.    Мақсат қою.
-    Ендеше, балалар бүгінгі сабақта жер-су аттарының қалай жазылатынын білеміз.
2.    135-жаттығу(оқыту, жаздырту, талдау, сұрақ-жауап арқылы қорыту).
-    Алматы ненің аты?
-    Балқаш ше?
-    Медеу ненің аты?
-    Жер–су аттары қандай әріппен жазылады?(Ережені шығарту, оқушылардан сұрау).
3.    Салыстыру. Ережені хормен оқыту.
4.    136-жаттығу(ауызша).
5.    Топпен жұмыс.
Ұнаған жердің, судың атын қатыстырып сөйлем құрату.
IV.    Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығаш болып
Ұшып-қонып,Ұшып-қонып алайық.
V.    Жаңа сабақты пысықтау.

1.    – Қарлығаш қандай құсқа жатады?


-  Жыл құстары қай жыл мезгілінде оралады?
-  Көктемде  жүргізілетін қандай жұмыс түрлерін білеміз?
- Жерді немен жыртады?
2. Спандияр Көбеевтің «Екі соқа»атты  шығармасын оқиық.
а) сөздік жұмыс(соқа, тот)
ә) мәтінді мәнерлеп оқып беру.
б) оқушыларға оқыту.
в) сұрақ-жауап арқылы қорыту.
- Екі соқа қайдан істеліп шықты?
- Біреуі кімнің қолына түсті?
- Егінші соқамен не істеді?
- Ал, екінші соқа не істеді?
3. а) Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіндер?
ә) Мақалды оқыту, түсіндіру.
адамның атын шығарады.
Еңбек                       білім береді.
өнерлі етеді.
4.    Ойын: «Кім тапқыр?»
Қанат, Марат екеуі,  Қамшы өре  алады
Талғат,Талап екеуі,  Тамаша ән салады.
Самат, Сағат екеуі,Төгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі,   Біледі көп ертегі.
Балаларды өнерлі,   Есептеп көр, сен енді! (8)
(Балалардың атын атап бер).
VI.    Қорыту. Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді білдік?
VII.     Бағалау.
VIII.    Үй жұмысын беру. С.Көбеевтің «Екі соқа» атты  шығармасын оқу,мазмұндау.
4-сынып

 

Сабақтың тақырыбы: ЕР ТАРҒЫН

 

Сабақтың мақсаты:

1.     Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.

2.     Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру.

3.     Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру.

4.     Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

1.     Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

2.     Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру.

Сабақта күтілетін нәтижелер:

1.     Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

2.     Сол сезімін әңгімелеп беруге ынталандыру.

Сабақта қолданылатын стратегиялар:

1.     Ой қозғау.

2.     Галереяны аралау.

3.     Түртіп алу жүйесі.

4.     Топпен жұмыс.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ватман, қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, батырлар жыры туралы көрме, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар т.б.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі. Ой ашар.

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сол мақалдарға арнап сурет салу әңгімелеу тапсырылған. 2, 3 оқушыдан сұралып, қалған оқушылар "Галереяны аралау” стратегиясы бойынша үй жұмысын пысықтайды.

ә) күз туралы суреттер көрсету, әңгімелеу.

Жаңа сабақ: Ер Тарғын жырынан үзінді.

Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады.



Ой қозғау: Енді "Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. Э

Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) "Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, –) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.

Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.

-         Жыр кімнің атынан баяндалған?

-         Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.

Сөздік жұмысын (—) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.



Топпен жұмыс:

І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің?

Жырда қандай батырлар бар?

Оқиға қай заманда болған?

Тарғын кіммен кездесті?

Не үшін кездесті?

Оның сырт бейнесінен нені байқадың?



ІІ топтың сұрағы:  Домбауыл қай елдің батыры?

Ол қандай адам деп ойлайсың?

Саған үнады ма?

Жоқ әлде ұнамады ма?

Неге ұнамады?

ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.

Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?

Дұрыс па? Неге?

Келісесің бе?

Келіспейсің бе?

ІV топтың сұрағы: Ер Тарғын қай елдің батыры?

Оның жауабын тауып бер, саған ұнады ма?

Тарғын қандай деп ойлайсың?

Мінездеме бер.



V топтың сұрағы: Тарғын қалай аман қалды?

Оқиға қалай жалғасты?

Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?

Кім жеңіске жетті?

Топпен жұмыс талданып болған соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады.

Сабақты қорыту.

-         Біз бүгін не үйрендік?

-         Батыр болу, елін қорғауға дайын болу т.б.

Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға шашу ретінде сыйлықтар таратылып, бағаланады.  

Үй тапсырмасы: Жырдан үзінді беріліп, музыка тыңдату, сыйлық үлестіру, қонақтарға дулығаның суретін тарату. Тілек: "Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!”


4-класс

Сабақтың тақырыбы:              Сын есімді қайталау.

Сабақтың тегі:                          Білім мен дағдыны бекіту сабағы.

Сабақтың түрі:                         Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың ұйымдастырылуы: Топтық жұмыс

Сабақтың білімдік мақсаты:  Сабақ барысындағы жаттығулар және

                                                  Абай өлеңдері арқылы сын есімнің оқушы

                                                  тіліндегі қолданыс аясын кеңейту, сын есімнің 

                                                  ерекшеліктерін таныту.

Тәрбиелік мақсаты:                Абай тағлымына баули отырып,                                           

                                                  оқушыны өнерді түсіне білуге,

                                                  сұлулықты  сезіне білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:       Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөйлеу 

                                                  мәдениетін дамыту, оқушылардың жеке-дара

                                                  қабілеттерін ұштап,  шығармашылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі:            Абайдың суреті, Абай шығармаларының

                                                  жинағы,  үнтаспа.

Пәнаралық байланыс:            ана тілі, музыка, дүниетану    

Сабақтың барысы:               

І. Сабақтың кіріспе кезеңі.

1. Ұйымдастыру бөлімі, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп өту.

2. Сабақ мақсатын айқындау, тақырыпты хабарлау.                                         

3. Сызбалар бойынша жұмыс, сын есімді қайталау, ереже қорыту.

ІІ. Сабақтың негізгі кезеңі.

1. Оқулықпен жұмыс.

1-топ –              Мәтінді оқу, оқу машықтарын жетілдіру. Сын есімді табу,

                           құрамына ажырату.

2-топ -               Мақалды оқу. қарсы мәндес сын есімді табу, тәрбиелік

                           мағынасын ашу.

                           

                          

3-топ -           Сын есімдердің байланысын анықтау, талдау.

2. Топтық тапсырма. Оқушылардың сөйлем ойлау, талдау, тілдік қорларын байыту, көркем сөйлеуін жетілдіруге тапсырмалар:

1-топ  – ақ боз

2-топ – қара ала

3-топ – ақ қасқа

  

Ауызша жаттығулар арқылы,



 сызба арқылы қорытылған ойды пысықтап дәлелдеу.

3. Мұғалім таратқан өлеңді жатқа жазу (көру, есте сақтауын дамыту), сын есімді табу, астын сызу; құрамын анықтау; өзара тексеру (жауапкершілікке үйрету).

4. Көрнекіліктермен жұмыс.

А) – Абай атамыз өлең туралы не деді? Оқушының ықтимал жауабы:

                  Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

             Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Ә) Оқушыларға Абайдың табиғат туралы өлеңдерінен үзінділер оқыту: «Қыс», «Көктем», «Күз». Бірінші шумақтарын жатқа жазу:

1-топ  – «Күз».

2-топ – «Қыс»

3-топ – «Көктем»

Шарты: сын есімдерді табу, талдау, мағыналарын ашу, Абай өлеңдерінің ерекшеліктеріне тоқталу.

Б)Абай жастайынан нені сүйіп өсті?

Оқушының ықтимал жауабы: ән тыңдауды, әңгімелесуді жақсы көрген.

Мына шумақты жатқа хормен айтқызу:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.



5. Сергіту сәті (үнтаспадан Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау)

Есте сақталуын жетілдіру. Тыңдай білуге үйрету. Ауызша әңгіме «Алған әсерім». Әңгімелету.



6. Тақтамен жұмыс. Шарты: Бір бағанға өлеңдегі сын есімдерді, екінші бағанға қарсы мәндес сын есімдерді тауып жазу.

Желсіз             -         желді

Жарық             -        қараңғы

Терең               -        саяз

Қалың             -           жұқа

7. Ілесе – тере жазу (Мақсаты: шапшаңдыққа баулу)

Абайдың «Аттың сыны» өлеңін мәнерлеп оқимын. (Шарты: ілесе сын есімдерді жазу: Шоқпардай, шығыңқы, салпы, майда, ұзын, жуан, тақыр, т,б,

- Оқыту, мадақтау.

8. Ойын «Мақал қуаласпақ». Мақалға айналған нақыл сөздерін айтқызу, тізбектеме.

Досыңа достық – қарыз.

Дұшпаныңа әділ бол.

Өнерпаз болсаң арқалан, т.б.



ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

1.«Болмасаң да ұқсап бақ». Сурет бойынша бір шумақ «Жаз» тақырыбына өлең құрастыру.Шарты: Тірек сөздердің берілуі, шығармашылыққа баулу.

- Оқыту, мадақтау.



2. Үйге тапсырма: Абай өлеңдері негізінде эссе жазу.

3. Әр топ өзара қорыту сұрақтарын беріп пысықтау.

4.Сабақтан алған білімдерін бағалау.
Қазақ тілі 3-сынып

Сабақ тақырыбы: 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс пен әріпті қайталаймыз.


Сабақ мақсаты:
1/ Өткен сыныптағы дыбыстар мен әріптер туралы білімін пысықтау, дыбыс пен әріпті айыра білуін қайталау, дыбыс түрлерін еске түсіру, дұрыс талдауға үйрету.
2/ Оқушының сөздік қорын, дұрыс жазып, сөйлеу деңгейін арттыру, тіл байлығын дамыту;
3/ Мектеп - ананы құрметтеуге, білімді сүюге тәрбиелеу;
Сабақ түрі, типі:қайталау, дәстүрлі.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, талдау, сұрақ-жауап, практикалық.
Көрнекіліктер: әліпби, оқулық, суреттер, Венн диаграммасы.

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру сәті.
2.Қызығушылығын ояту:
а/ Сұрақтарға жауап беру.
Дыбыс дегеніміз...
Әріп дегеніміз....
Дыбыстар бөлінеді...
Дауысты дыбыстар деп...айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп...айтамыз.
Қазақ тілінде ...әріп бар
ә/ «Иә-жоқ» Қойылған сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап береді.
Қ қатаң дауыссыз /иә/
А жіңішке дауысты /жоқ/
Балалық сөзінде 4дауысты бар /жоқ/
От бір буынды сөз /иә/
Е жіңішке дауысты /иә/

3. Мағынаны ашу: Көркем жазу. Аа аАа Астана –асқақ қала. Айбат –ақылды бала.


а/ Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Өлеңді оқушыларға іштей оқытып шығу.
Барлығына хормен оқытқызу; Қысқаша мазмұнын сұрау:
- Өлең не туралы?
- Мектепті неге анаға теңейді?
- Мектепте бала қалай өседі?
- Өз мектептерің туралы не айтасыңдар?
ә/ Өлеңнен жуан және жіңішке айтылып тұрған сөздерді табу. Жуан, жіңішке дыбыстарды атау.
б/ Тақтада жұмыс. 2-жаттығу. Әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған дыбыстарды тауып, оларды құрастыру арқылы мақалды табу. Шыққан мақалды тақтаға жазу.
Оқу түбі - тоқу
Мақалдың мағынасын ашып, талдау;

Сергіту сәті. «Кім көп біледі?» 2 қатардағы оқушылар, әр түрлі тақырыптарға мақал-мәтелдер айтып жарысады. Өзіндік жұмыс. 3-жаттығу. Өлеңді әдемілеп көшіріп жазып, бір дыбыстың өзгеруінен жасалған сөздердің астын сызу. (сор-зор, қор-бор)


4.Ой қорыту. Шығармашылық жұмыс
4-жаттығу.Суреттердегі заттардың аттарын жазып, оларға дыбыстық талдау жасау.
Ою-2буын, 2әріп, 3 дыбыс /о й+у/
Венн диаграммасы Дыбыс пен әріпті салыстыру

5. Үйге тапсырма: Дыбыстар түрлерін қайталау, 5-жаттығу /5 бет/ 1сөзге дыбыстық талдау жасау.


6.Бағалау

Қазақ тілі 3-сынып

Сабақ тақырыбы: И, й, у әріптерінің жазылуы.


Сабақ мақсаты: 1. Й, и, у әріптерінің емлелік ережесін еске түсіру, сөздерде дұрыс жазуын пысықтау. Осы әріптерге дұрыс талдау жасауға үйрету.
2. Оқушының сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін нығайту.
3. Жақсы оқуға деген құштарлықтарын арттыра отырып, білімді сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі, типі: қайталау, дәстүрлі.


Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, практикалық, талдау, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: сызбалар, оқулық, әліпби

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру сәті
2. Үй жұмысын сұрау - тексеру:
Дыбыстар деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. Дауысты дыбыс түрлерін айт. Әріп пен дыбыстың айырмашылығын ата.
Үйге берілген 5-жаттығуды тексеру.

3. Өткенді еске түсіру. Сұраққа жауап беру..


- У дыбысы қай кезде дауысты және қай кезде дауыссыз болады?
- и әрпі қай жерде жазылады?
- й әрпі қай сөздерде жазылады?
- й мен и қандай дыбыстар?
- й, и, у дыбыстары кездесетін сөздерді атаңдар.

4. Білімді қайталау. Көркем жазу. ӘәӘ Әділхан, әлем, әділдік. Әсемнің әпкесі әсем билейді.


Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Өлеңді өздеріне 1 рет оқытып шығу. Өлеңді көшіріп жазу.
И, й әрпі бар сөздердің астын сызу. Венн диаграммасы арқылы й, и дыбыстарын салыстыру.

Тақтада жұмыс. 2-жаттығу. Алдымен сөздерді дұрыс оқытып алу. Көп нүктенің орнына й, и, ый әріптерінің тиістісін қойып жазып шығу. Сый, тый сөздерінің дұрыс жазылу ережесін еске түсіру. Сызбаларды пайдалану.


Сергіту жаттығуы. Й, и дыбыстары кехдесетін сөздерді айтып, тез сөйлемдер құрастыру.

5. Алғашқы бекіту. 3-жаттығу. Оқушылар әңгімені мәнерлеп оқып шығады. Қысқаша мазмұнын айтқызу. У дыбысы дауысты болып тұрған сөздерді бөлек, дауыссыз болып тұрған сөздерді бөлек жазады. Сызбаны пайдалану. (ауа-дауыссыз, су-дауысты)

6. Шығармашылық жұмыс. 5-жаттығу Жаңылтпашты түсініп оқу. Й әрпі кездесетін сөздерді айтқызып, жазылу ережесін еске түсіру. /дауысты дыбыс+й/ ай, ой, сый, той.
Сөздік жұмысы. Йемен, Йена- мемлекет, қала атаулары.

7. Сабақты қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбыстарды қайталадық? Не есімізде қалды? У дыбысы - қандай дыбыс? Й әріптері қай сөздерде бірінші кездеседі?


8.Үйге тапсырма: Сұрақтарға жауап беру. 4-жаттығу. /үй жаттығуын түсіндіру/
9.Бағалау.

Қазақ тілі 3-сынып

Сабақ тақырыбы: я, ю әріптерінің жазылуы.


Сабақ мақсаты:
1. Я, ю әріптерінің дұрыс жазылу және айтылу ережелерін қайталап, оларды сөйлем ішінде дұрыс жазуға үйрету, дыбыстық талдауды қатесіз жасауға дағдыландыру.
2. Оқушының сөздік қорын толықтыру, сауаттылығын нығайту, каллиграфиясын жақсарту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі, типі: қайталау, дәстүрлі


Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, тест, баяндау, жаттығу
Көрнекіліктер: тест, сөзжұмбақ, сызба, оқулық.

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру сәті.
2.Үй жұмысын сұрау-тексеру: Дыбыстар мен әріптерге байланысты 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын беру. Белгіленген уақыттан кейін дұрыс жауаптарын тақтаға ілу. Оқушылар өздерін өздері тексереді. 2-3 оқушы үйге берілген жаттығуды оқып, қалғандары тексереді.

3. Өткенді еске түсіру: Сөйлемдерді ауызша толықтыру:


Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына не жазылады?
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына қай әріп жазылады?
Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, қай әріп жазылады?

4. Білімді меңгерту. Сызбамен жұмыс. Я- /й+а/, Ю- /й+у/ Жазылғанда я, ю әріптері жазылады. Айтқанда йу, йа дыбыстары естіледі.


- Қане, оқушылар я, ю дыбыстары естілетін сөздерді айтайық. Осы дыбыстар сөздердің қай жерінде орналасқан?
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Сөзжұмбақты шешіп, шешуі болған сөздерге тақтада дыбыстық талдау жасау. (ұя, мая, Әлия, қария) мая, қария сөздерінің мағынасына тоқталып кету.
2-жаттығу. Я әрпі дауысты дыбыстан кейін келген сөздерді бір бөлек, я әрпі и әрпінен кейін келген сөздерді бір бөлек жазу.
Жая, мая, сая, аяз, аяқ, таяқ, шаян, қоян, ұя; мия, сия, қия /Қосымша тапсырмаларын орындау/
Сергіту сәті. «Есіктегі құлыпты,
Аша алмадық қиналдық.
Сартылдаттық құлыпты, сыртылдаттық құлыпты.
Әрлі-берлі қозғадық, ойнадық та ойладық
Міне, құлып ашылды»

5.Алғашқы бекіту. 3-жаттығу. Ю әрпі бар сөздерді белгілері бойынша екі бағанға бөліп жазу. 1-бағанға: дауысты дыбыстан кейін келген ю әрпін, 2-бағанға и әрпінен кейін келген ю әрпін жазу.


Өзіндік жұмыс. 5-жаттығу. Сөздердегі көп нүктенің орнына и, ы әріптерінің тиістісін қойып жазу.
6. Шығармашылық жұмыс. Көп нүктенің орнына у, ю әріптерінің тиістісін қойып жазу: еңкею, түсіру, жию, бастау.
7. Сабақты қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбыстар туралы өттік? Я, ю дыбыстары қай дыбыстардан құралған? Дыбыстық талдау жасағанда қалай жасаймыз?

8. Үйге тапсырма: ережені еске түсіру, 4-жаттығу 9 бет.


9. Бағалау.

Қазақ тілі 3-сынып.
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз б мен п
Сабақ мақсаты:
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіріп, б мен п дыбыстарының ерекшеліктеріне, емлелік ережелеріне тоқталу.
2. Оқушының фонетика бойынша білімін кеңейту, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін нығайту;
3. Күз мезгілінің ерекшелігін көре білуге, әдемілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі, типі: қайталау


Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, практикалық, талдау
Көрнекіліктер:көкөністер мен жемістер суреттері, сызба, дауыссыз дыбыс түрлері жазылған парақтар, оқулық

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру сәті
2. Қызығушылығын ояту: «Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру
- Қазақ әліпбиінде 42 бар. (Иә)
- Дауысты дыбыстар 3-ке бөлінеді. (жоқ)
- Әріптерді айтамыз, естиміз. (жоқ)
- Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә)
- я дыбысы (й+а) дыбыстарынан құралған. /иә/
- сөздегі буын саны дауысыз дыбысқа байланысты /жоқ/

3.Мағынаны ашу. Сызбамен жұмыс «Дауыссыз дыбыстар»


Дауыссыз дыбыстар

Қатаң…
Ұяң...


Үнді...
Қатаң, ұяң. Үнді дыбыстарды оқушылар өздері толықтырып, еске түсіріп жазады.
Шешім шығару: дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс естілсе, б-ға өзгереді.

Көркем жазу: Бб Пп Балдырған бірінші партада отырады. Кітап - кітабы, жіп - жібі.


Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Суреттегі заттардың аттарын атап, дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді жазу. Дауыссыз дыбыстарды олардың түрлеріне қарай топтап жазу.
Қызанақ, картоп, қарбыз, жапырақ, қауын, бидай.

Өзіндік жұмыс. 2-жаттығу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқытып шығу. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жасау.


- Күз мезгілінің айларын айтайықшы. Қыркүйек айында қандай өзгерістер болады? Күзді неге алтынға теңейміз? Балалар үшін қандай қуанышты күн бар?

Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар,


Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Тақтада жұмыс. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жазу. Сөйлемдердегі сөздер санын анықтау. П дыбысына ауызша талдау жасау.
4. Ой қорыту. Үлестірме парақтардағы дауыссыз дыбыс түрлерін толықтыру. Сөздердегі керек әріптерді қойып, айту.
5-жаттығуды өздері орындап шығады.
5.Үйге тапсырма: дауыссыз дыбыс түрлерін жаттап келу, 3-жаттығу /12 бет/
6.Бағалау

Дүние тану 4-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты :1. Білімділігі: Оқушыларға дала өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру, олардың адамға пайдасы жайында білімдерін кеңейту.

2 Дамытушылығы: Өлкемізде,ауылымызда кездесетін өсімдіктер жайында,дала аңдары, «Қызыл кітапқа» енген аң-құстар жайында ой-өрісін кеңейту.

3.Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,туған өлке өсімдіктері мен жануарларын аялау және экологиясын тануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :аралас сабақ

Көрнекілігі:тірек-сызбалар, тест сұрақтары жазылған парақшалар, «қызыл кітапқа»енген өлкенің аң-құстарының суреті салынған бүктемелер,мақал-мәтелдер жазылған плакаттар

Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап тест,тірек-сызбалар арқылы оқулықпен,дәптермен жұмыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын шолу.



Парақшалар тарату(тест сұрақтары)

1.Шалғын не үшін пайдаланылады?

А-мал жайылуға

Ә-пішен дайындауға

Б-келесі жылға тұқымын сақтауға



2.Шалғын өсімдіктерінің түсі қандай?

А-сарғыш тартқан

Ә-жасыл

Б-аралас рең



3.Шалғынның жақсы өсуіне мыналардың қайсысы пайдалы?

А-ара


Ә-шегіртке

Б-көбелек



4.Шалғын қандай жерлерде өседі?

А-өзен аңғарында

Ә-тау етегінде

Б-жазық жерде



5.Шалғында мына жануарлардың қайсысы жүреді?

А-ақбөкен

Ә-саршұнақ

Б-қоян


ІІ.Тақтада екі оқушы шалғын өсімдіктері мен жануарларының аттарын жазады.Екі оқушы шалғын өсімдіктері мен жануарлары жайында қысқаша әңгімелейді.Үш оқушы «эколог»ретінде шалғынды қалай қорғау керектігі жайында айтады.Үш-төрт оқушы тақтаға өздері салған шалғын суреттері мен жануарларының суретін іледі.

ІІІ. Өз елімізде өсімдіктер мен жануарлар, аң-құстар жайында өлең жолдарынан үзінділер келтіреді.


Үй тапсырмасын қорытындылау.


Жаңа сабақ(тірек-сызба арқылы жұмыс жүргізу).

ауа райын болжағыш
адам



ауа




жеміс

сусын




көлік




өсімдік

жануар




ем

су




тағам

тамақ




дәрі

кітап

қаржы

сусын

Яғни ,адам баласына өсімдік пен жануарлардың берері көп,ал адам оларды керегіне жаратады,сондықтан оларды қоғау біздің міндетіміз. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтар табиғаттың тілі жоқ»,дегендей, жаңа сабақ тағы да өсімдік пен жануарға қатысты,яғни «Дала өсімдіктері мен жануарлары».

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді оқып,мазмұны бойынша сұрақтар арқылы талдау,өздеріне оқыту,мазмұнын айтқызу.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет