Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет13/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын
Документ (1), Шашубай Нурай.Шугыл, IdentityCard-060402651357-20230424102230
Тәжірибелік жұмыс
1 тапсырма. Қоян эритроциттерінің осмостық төзімділігіне температураның әсерін зерттеу
Әдісі: Дені сау қоян құлағының шеткі көктамырынан 0,5 мл қанды алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған центрифугалық пробиркаға алады. Сали гемометрімен қанды әрқайсысына 5 мл 0,3%, 0,45%, 0,65%, 0,85% хлорлы натрий ерітіндісі құйылған 4 пробиркаға тамызады (бақылау сериясы).
Қалған қанды температурасы 500С су моншасында 5 минөт бойы ұстайды. Осыдан соң ысытылған қанды 0,02 мл мөлшерде басқа штативтегі хлорлы натрийдің сондай ерітіндісіне тамызады (зерттеудің тәжірибелік сериясы). 10 - 15 минөттен соң бақылау және тәжірибелік сериядағы пробиркалардың боялу қарқынын салыстырады. Алынған деректерді кестеге жазып, тұжырым жасайды.
Схема протокола

Тәжірибе сериялары

хлорлы натрий ерітіндісінің мөлшері




0,3%

0,45%

0,65%

0,85%

    1. бақылау

    2. тәжірибе













Ескерту: ерітінділердің боялу қарқынын + белгісінің әртүрлі санымен белгілейді.

2 тапсырма. Қоян қаны эритроциттеріне этил спиртінің зақымдаушы әсерін зерттеу.


Әдісі: Дені сау қоян құлағының шеткі көктамырынан қанды алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған пробиркаға алады. Сосын пробиркаға бір тамшы этил спирті тамызылып, 370С термостатта 5 – 10 минөт ұстайды. Лаборанттар қанды әйнекке жағып жағынды жасайды, оны Романовский-Гимза бойынша бояйды.
Студенттер жағындыны микроскоптың иммерсиялық объективімен қарап, эритроциттердің пішіні өзгергенін анықтап тауып, олардың туындауын түсіндіреді.

3 тапсырма. Азот қышқылды күмістің әсерінен бүлінген бақа тілі тінінің бояуды қабылдау қабілетін зерттеу


Әдісі: Бақаны жұлынын зақымдау арқылы жансыздандырады. Тіл препараты жасалады. Оған бірнеше түйір азот қышқылды күмісті салады және сау тін мен зақымданған тін арасындағы айырмашылықты көзбен қарап ажыратады. Сосын тілге бірнеше тамшы метилен көгін тамызады және тез арада дистилденген сумен жуып тастайды. Тілдің зақымданған бөлігінің боялуын жай көзбен және микроскоппен салыстырады, тілдің көрінген өзгерістерінің суретін алып, тұжырым жасайды.

4 тапсырма. Инфузорийге калий бихроматының зақымдаушы әсерін зерттеу.


Әдісі: әйнектің үстіне инфузория өсірілген суды тамызады. Микроскоптың кіші үлкейтуімен қарапайым жәндіктің қозғалысын, пішінін, көлемін анықтайды. Сосын сол жәндіктердің үстіне калий бихроматының 10% ерітіндісінен бір тамшы тамызады. Бұл кезде жәндіктердің қозғалыс белсендігі өзгеріп, олар өлімге ұшырайды препаратты метилен көгімен боялады, тұжырым жасалады.
5 тапсырма Ситуациялық есептерді шығару
1 есеп. Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.
Сұрақтар:

  1. Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.

  2. Жасуша жағдайын бағалауға ұсынылған нышандарды негізге ала отырып, жасушадағы дерттік өзгерістерді және олардың даму тетігінің бірізділігін келтіріңіз.

2 есеп. Тәжірибеде гемолиздік анемияның үлгісін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді, ол өз кезегінде жасушада бос радикалды тотығуды ынталандырады. Фенилгидразин енгізгеннен кейін жарты сағаттан соң жануардың қанында эритроциттердің мөлшерінің төмендегені, бос Hb және метгемоглобин анықталды.


Сұрақ
Эритроциттердің мембранасының зақымдануының даму тетігін және бос гемоглобин мен метгемоглобин түзілуін түсіндіріңіз.

3 есеп. Терінің эпителий жасушасына жаңа антибиотиктің уыттық әсерін зерттеу үшін тәжірибенің екі топтамасы жүргізілді (А және Б).


А. In vivo тәжірибесінде тәжірибелік сызықтық егеуқұйрықтарда алты сағат бойы жануардың терісіне антибиотиктің ертіндісі бар жапсырғышты таңып қойды (дәрінің мөлшері емдік көрсеткіштен өте жоғары болды). Дәрінің тиімділігін жапсырғышты алғаннан кейін 8 сағаттан соң өмір сүру барысында теріні микроскоппен қарау арқылы бағалады. Кейіннен арасы 8 сағат сайын екі рет микроскоппен қарады.
Б. In vitro тәжірибесінде зерттелетін дәрі бар ортада эпителиалды жасушасының дақылын өсірді. Дәрінің мөлшері in vivo тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес келеді. 6 сағаттан кейін дақылды жуып, дәрісі жоқ ортада ұстауды жалғастырды. Дәрінің әсерін жарықтық әдіспен және in vivo тәжірибесіне сәйкес, сол мезгілде электронды микроскоппен тексеру арқылы бағалады.
Тәжірибелердің нәтижелері
А. In vivo: Жапсырғаннан кейін 8 сағат өткен соң эпителийдің майда ошақты некрозы мен дистрофиясы анықталды. Кейіннен осы дерттік өзгерістердің теріде өскені байқалды.
Б. In vitro: зерттеудің барлық сатыларында тері эпителийінде зақымдану белгілері анықталған жоқ. Тек басында жасушалардың агрегациясы байқалды, кейіннен жүргізілген тексерулерде анықталған жоқ.
1. In vivo жүргізілген тәжірибеде эпителий жасушасының бүлінісі тікелей немесе жанама деп ұйғаруға болады ма? Өзіңіздің ұйғарымыңызды растайтын мәліметтер келтіріңіз.
2. Дәрінің жасушаға бүліндірігіш әсерінің даму тетігі қандай? In vitro жүргізілген тәжірибенің нәтижелерін ескере отырып. сіздің көрсеткен даму тетіктеріңіздің қайсысы (қайсылары) дұрыс болып табылады?

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 1994. – С. 50-73.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.

  6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 63 – 81

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 66-89.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.

  3. Воложин А.И. Общая патология клетки // Общая патология клетки // патологическая физиология под ред А.И. Воложина и Г.В. Порядина. М.: МЕДпресс. – 1998. – с. 41 – 104.

БАҚЫЛАУ

1. Жасуша зақымдануын туындататын ішкі жайттар (4)

  1. вирустар

  2. ауыр металл тұздары

  3. иондайтын радиация

  4. майлардың асқын тотығулық (МАТ) өнімдері

  5. қоршаған ортаның жоғары температурасы

  6. иммундық кешендер

  7. зақымдану дәнекерлері

  8. ацидоз

2. Жасуша зақымдануының арнайы көріністері (2)

  1. жасушаның кезкелген зақымдануымен қабаттасады

  2. этиологиялық жайттың ерекшелігіне байланысты

  3. тек белгілі бір этиологиялық жайтқа тән

  4. әртүрлі зақымдайтын жайттар әсер еткенде пайда болады

  5. кез келген этиологиялық жайтпен туындатылуы мүмкін

3. Жасуша зақымдануының бейнақты көріністеріне жатады (4)

  1. жоғары температураның әсерінен нәруыз молекулаларының табиғатын жоғалтуы

  2. ацидоз

  3. лизосомалар мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы

  4. тотығу және фосфорлану үрдістерінің ажырауы

  5. митохондрийлік ферментердің әсерсізденуі

4. Цианидтердің жасушаға тигізетін зақымдаушы әсерінің арнайылығы (1)

  1. нәруыздық құрылымдардың табиғатын жоғалтуы

  2. МАТ белсенділенуі

  3. жасушаның тектік құралының зақымдануы

  4. цитохромоксидазаның қоршалуы


  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет