Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет48/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын
Документ (1), Шашубай Нурай.Шугыл, IdentityCard-060402651357-20230424102230
Машықтық жұмыс

1 тапсырма. Канцерогенездің сызбанұсқасын жасаңыз. «Мылқау» сызбанұсқаны


толтырыңыз
Бастама




!
Күшею




!
Өршу




2. Тапсырма. Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің жағындысындағы


өспе жасушаларының атипиясын зерттеу.
Романовский – Гимза әдісімен боялған Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің дайын жағындысын алып, алдымен микроскоптың кішкене ұлғайтуы арқылы қарап, соңынан иммерсиялық объективтің көмегімен зерттейді. Ядросы мен цитоплазмасының арасында анық шекарасы бар обыр жасушаларын табады. Морфологиялық атипияға тән белгілерді зерттейді:
● Өспе жасушаларының көп түрлілігі ( кішкентай және алып жасушалардың болуы).
● Ядросы көп жасушаларының болуы ( цитоплазма бөлінбей ядролардың бөлінуі).
● Гиперхромды ядролары бар алып жасушалардың пайда болуы.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:

  1. Жағындыда өспе жасушаларының қандай атипиялық белгілері байқалады?

  2. Атипияның туындау тетіктері қандай?

№ 3. тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.
1 есеп. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.
Сұрақтар:
1. Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?
● жаңа өспенің пайда болуымен?
● өкпе өспесінің қайталануы?
● өкпе өспесінің метастаздануы?
2. Ерекшеліктердің даму тетігін түсіндіріп, жауапты негіздеңіз.

2 есеп. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.


Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.
Сұрақтар:
1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?
2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай? Түсіндіріңіз?
3 есеп. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.

  1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

  2. Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды? «Патофизиология» оқулығын қараңыз 525 бет

4 есеп. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.



  1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?

  2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?

2 тапсырма. Сөзтізбекті шешіңіз


Тігінен:
1. Эпителий тінінің қатерлі өспесі.
2. Қатерлі өспеге тән өсу сипаттамасы
3. Май тіндерінің қатерлі өспесі.
4. Дәнекер тіндерінің қатерлі өспесі.
5. Қалыпты жасушаны өспелік жасушаға айналдыратын ген.
6. Көп оралымды хошиісті көмірсутектерге жататын
канцероген.
7. Өспенің өсу барысында қатерлілігінің күшеюі.
8. Түрін өзгерткен жасушалардың өсіп-өнуі болатын канцерогенез сатысы.
9. Белсенді емес онкоген, өсу және жасушаның нақтылану гені.
10. Басқа тіндерге тән антигендердің түзілуімен сипатталатын өспе
жасушаларының антигендік атипиясы.
11. Өспелер пайда болуының вирустық – гендік теорияның авторы.
12. Өспе жасушаларындағы анаэробтық гликолиздің белсенділенуінің
нәтижесін ашққан ғалым.
13 Өспелер пайда болуын туындататын патогендік жайт.
14. Өспе пайда болуында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибе
Жүзінде дәлелдеген жапондық ғалым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет