Жұмыс бағыты: Тәжірибелі жұмыс басында үй қоянның тыныс алуын және пульсін санайды, дене қызуын, рефлекстік қоздырғыштығын тексереді. Зонд көмегімен асқазанына 25% этил спиртінен, 16 мл 1 кг салмағына өлшеп, енгізеді немесе 2,5 % хлоралгидрат ертіндісін 4 мл 1кг салмағына мөлшерлеп жібереді. Жануарда тежелу кезеңі пайда болғаннан кейін қайталап клиниқалық зерттеу жүргізіледі және тамыр ішіне 1% кофеин-бензоат натрий ерітіндісі 0,5 мл 1кг салмағына енгізіледі. Қоянда рефлекстік қоздырғыштығы жылдам қалпына келеді, ұйқышылық қүйі жойылады, тынысы тереңдейді және жиіленеді. Жануарды тағыда клиниқалық әдістермен зерттейді де алынған мәліметтерді хаттама жазады: