Сабақтың мақсаты



Дата06.02.2022
өлшемі22,76 Kb.
#79447
түріСабақ
Байланысты:
0001da60-08be4dc0



Сабақ тақырыбы:

Сенің айналаңдағы түстер. Негізгі және құрама түстер.




Күні :







СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты

1.1.1.1Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін)

Сабақтың міндеттері

Мұғалім үшін: білім алу мен өмір сүрудің арасында тығыз байланыс орнату. Айналадағы әр алуан түстерді көре білуге үйретеді.
Оқушылар үшін: Негізгі және құрама түстерді атап, қоршаған әлемдегі түстерді танып білу.
Барлығы: Түстерді біледі.
Көбі: Түстерді ажырата біледі.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Нені білулері керек

Кемпірқосақтағы түстердің атауы мен орналасуын: олардың белгілі бір заттармен ұқсастығын біледі.

Нені үйренулері керек

Түстерді танып,дұрыс атауды; айналадағы түстердің әртүрлігін байқап жұмыста қолдануды үйренеді.

Жұмысқа қажетті материалдар

Акварель және гуашь, қылқаламжиынтығы, су құятын ыдыс, палитра, қол сүртетін орамал.

Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар
Тілдік құзіреттілік

Оқулық, фотосуреттер альбомы.


ТҮС ЦВЕТ COLOUR

Сабақтың басы
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут

Аудиозапись тыңдау


Сабақтың ортасы

Қауіпсіздік ережелері


Суретпен жұмыс


Сергіту кезеңі


Оқулықпен жұмыс


Бейнетаспа


Сергіту кезеңі
б ейнетаспа

-Сәлеметсіздер оқушылар?
-Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанамыз бәріміз
арайлап атқан күнге.

Сурет салу өнерің
Сай келе ме талапқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық
-Балалар қандай сабақ туралы айтылған?
- Балалар бізде қазір қандай сабақ?
- Көркемеңбек сабағында біз не істейміз?
-Ал балалар сурет салуда біз қандай құралдарды пайдаланамыз?
Сурет салу үшін бізге не керек екенің білу үшін жұмбақтар шешейік?
Жұмбақтар шешу: Қылқалам, бояу, қарындаш, палитра, суқұйғыш.
Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазды бояймын . (Бояу)
Қабы сояу,
Дiнi – бояу.
(Қарындаш)
Қылқалам, суқұйғыш
Сонымен балалар бұдан басқа тағы қандай зат бар? Палитра. Палитра дегеніміз бұл бірнеше түстерді араластыратын құрал.
Енді осы құралдарды сабақ үстінде пайдалану үшін оның біз қауіпсізідк ережелерін білуіміз керек.
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста. 
2. Қылқаламды дұрыс ұста. 
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз. 
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама. 
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.
-Балалар суретке қарайық.
-Ненің суреттерін көріп тұрмыз?
Дұрыс атаймыз балаппн, шие, аспан.
-Қандай түстермен көрсетілген?
Дұрыс көк, қызыл , сары
Балалар жан жағымызға қарайықшы түрлі түстер бар. .
Ендеше бүгін біз сабақта Айналадағы түстер . Негізгі және құрама түстер түралы білетін боламыз.
Бүгін біз сабақта 1 түстен бірнеше бояулар шығаруға үйренеміз.
Шырша биі
Слайдтан ненің қандай түстер көріп тұрсындар?
1 Қызыл, сары, көк.
Бұларды біз негізгі түстер деп айтамыз.
-1 сары балапан, күнбағыс, күн, жүгері
2-қызыл- қызанақ, шие, құлпынай, қызғалдақ.
-3 жасыл- шөп, ағаш, қияр, қарбыз
Сонымен балалар суретші негізгі суретті бояған кезде қандай негізгі тұстерді пайдаланады?
Сенің айналандағы түстер
Сені әр түрлі түсті әлем қоршап тұр. Әрбір заттың өзіне тән түсі бар.
Фотосуреттерге қара. Көріп тұрған түстеріңді ата. Осындай түстерден тұратын басқа заттарды еске түсір.
-Балалар қалай ойлайсыңдар қандай құбылыс 7 түстен тұрады?
Бейнетаспада кемпірқосақтың неше түсі бар екен?
-Ол қашан пайда болады екен?
Қызғалдақ қырда, сарғалдақ жайлауда, көкте күміс күн.
-Бұл сергіту кезеңінде қандай түстер туралы айтылған?
Кемпірқосақтың ретін сақтау қиын емес.
Кемпірқосақ орысша ағылшынша қалай болады?
-Біз түс деген сөзін басқа тілде қалай айтамы?
Түс, цвет,глоур
Енді балалар осы негізгі суреттерден біз қазір басқа түсті бояуларды шығаруға үйренеміз.
Бейнетаспаны тыңдату.
Сонымен біз негізгі үш түстен араластыру арқылы басқа түсті шығаруға болады екенің білеміз.
Ол үшін біз тәжірибие жасайық.

Тақта алдында жұмыс, Өздік жұмыс
Дәптермен жұмыс

Балалар тақтаның алдына келеміз. Бояуларды бір-бірімен палитрада араластырады. Палитра-бояуларды араластыруға арналған тақтайша.
1-ші қандай түс шығарамыз
Қызыл мен сары - қызылсары
2-ші Сары мен көк- жасыл
3-ші Көк пен қызыл- күлгін –
Біз қандай түстерді шығардық?
Дәптердегі 22-23 б орындау
Түстерді қайталату

Сабақтың қорытындысы

Балалар бүгін біз сабақта қандай түстермен таныстық?
Негізгі және құрама түстер.
Ойын. Оқушыларға түстерге байланысты жұмбақтар шешкізу.
Оны ағаштың басынан ізде. Түрлі түске боянады күзде. Ол не? (жапырақ)
Қызылы бар, сарысы бар. Құйрығы бұлғандаған.
Түздің сондай тағысы бар. Ол не ? (түлкі)
Жеміс деймін шіркін асыл. Іш қызыл. Сырты жасыл. Ол не ?(қарбыз)
Сендердің алдарында карточкалар жатыр. Сол карточка бойынша мен сендерге 2 түс көрсетемін ал сендер ол түстен құрама түс шығарасыңдар.
Сары+қызыл қызыл сары
Сары+көк жасыл
Қызыл көк - күлгін

Кері байланыс

Балалрдың жұмысын мадақтау
Бағдаршам түстері арқылы сабақты қаншалықты түсінгендерін тексеру






+ =
+ =


+ =

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет