Сабақтың мақсаттары: Білімділік



Дата01.06.2017
өлшемі305,95 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Бактрия Уақыты: 10. 01. 2011

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Ежелгі Бактрияның орналасқан жері, табиғаты, шаруашылығы, даму тарихы туралы білім беру.

Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмалар, көрнекіліктер арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген құштарлықтарын оятып, адамгершілік, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап,топпен жұмыс, жеке-жұптық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек-сызбалар, кестелер

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.

  1. Бактрия тарихының деректері.

  2. Б. з. б. І мыңжылдықтың ортасындағы Бактрия.

  3. Мың қала елінде.

  4. Тәуелсіздік үшін күрес.

Картамен жұмыс. Оқушыларға картадан Бактрияның орналасқан жерін көрсету, қазіргі Тәжікстан мен Ауғанстан жері.

Кестені толтыру. Бактрияның тарихы туралы деректер.

Парсы деректері, «Авеста»

Сақ дастандары

Грек тарихшылары

Қытай тарихшылары













Тірек-сызбамен жұмыс. Бактрияның шаруашылығы.

Егіншілік Малшылық Жеке кәсіптер:



«Синоним» табу. Бактрия патшасы - «Мың қаланың билеушісі»

Астанасы – Бактр қаласы.



Кесте толтыру. Бактрия билеушілері.

Патша

Атқарған қызметі

Диодот




Евтидем




Үй тапсырмасы: параграфтар № 16 (мазмұндау, сөзжұмбақ құрастыру)

Сабақтың тақырыбы: Кушан патшалығы Уақыты: 17. 01. 2011

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға Кушан патшалығының қалыптасуы,экономикалық қатынастары, діни көзқарастары, өнері туралы білім беру..

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, көркем сөз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, иллюстрациялар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Бактрия қазіргі қай мемлекеттрдің жерінде орналасқан?

  2. Бактриялықтар қандай кәсіппен айналысқан?

  3. Бактрияқалаларының ерекшіліктері неде?

  4. Бактрияның билушілері туралы айтып беріңдер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

  1. Кушан патшалығының қалыптасуы.

  2. Кушан мемлекетінің гүлденуі және құлауы.

  3. Экономикалық қатынастары.

  4. Діни көзқарастары.

  5. Кушандықтардың өнері.

Мұғалімнің түсіндіруі. Кушан патшалығының пайда болуының алғышарттарын айтып, мемлекеттің нығаюына ықпал еткен факторлар туралы сөз қозғайды.

Терминдермен жұмыс.

ІІ Қатпыз - Кушан мемлекетін біріктіруші.

Қанышке - Кушан патшалығының нығаюына күш салған патша.

Манихей діні - б. з. б. ІІІ ғасырда Орта Азияда тараған дін.



Топпен жұмыс Оқушылар бес топқа бөлінеді, әр топ өзіне бөлінген сұрақтар бойынша мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. топ. Кушан мемлекеті қалай құрылды? Қанышке патша кезіндегі Кушан мемлекетінің дамуы.

  2. топ. Кушан мемлекетінің құлауына қандай жағдайлар себеп болды? Кушан мемлекетінің тарихи маңызы неде?

  3. топ. Кушандықтардың шаруашылығы туралы айтыңдар. Кушандық қолөнершілер қандай бұйымдар жасаған?Кушандықтар саудасының дамуына Ұлы Жібек жолы қалай әсер етті?

  4. топ. Кушандықтарда қандай діни түсініктер болды? Манихей діні деген не?

  5. топ. Кушандықтарда мүсіндеу өнері қалай дамыды? Оның ерекшіліктері неде?

IV Рефлексия.




Білемін

Білдім

Білгім келеді











Үй тапсырмасы: § 16 (мазмұндау)

Сабақтың тақырыбы: Парфия патшалы ы Уақыты: 24. 01. 2011

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға Парфия патшалығының құрылуы, саяси өмірі Рим империясымен күресі туралы білім беру..

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, көркем сөз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, иллюстрациялар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Кушан мемлекеті қалай құрылды?

  2. Кушандықтардың шаруашылығы туралы айтыңдар. Кушандық қолөнершілер қандай бұйымдар жасаған?

  3. Кушандықтардың саудасының дамуына Ұлы Жібек жолы қалай әсер етті?

  4. Кушандықтар қандай елдермен сауда байланысын орнатты?

  5. Манихей діні деген не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

  1. Парфия патшалығының құрылуы.

  2. Парфиядағы басқару жүйесі.

  3. Көшпелілер және Парфия.

  4. Парфияның римдіктерді талқандауы.

Сыныптағы оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігі бойынша дайындалады. Уақыт өткеннен кейін әр топ мүшелері өз мәтіндері бойынша ойларын айтады. Басқа топтар оларға сұрақтарын қояды.

IV Жаңа білімді пысықтау. Тест.

  1. Парфия мемлекеті қашан пайда болды?

А) б. з. б. ІІІ ғасырда; Ә) б. з. б. І ғасырда; Б) б. з. б. ІІ ғасырда.

  1. Парфия мемлекетін құрған кім??

А) Арпак; Ә) Арсак; Б) Аршак.

  1. Парфияның қай билеушісінің тұсында елдің батыс шекарасы Евфрат өзеніне дейін созылды?

А) Тиридат; Ә) Арсак; Б) І Митридат.

  1. Б. з. б 130 жылы Парфияға қарсы жорық жасаған Сирия билеушісі кім?

А) Диодот; Ә) ІІІ Антиох; Б) Тиридат

  1. Парфияға қарсы жорық жасаған рим қолбасшысы кім?

А) Цезарь; Ә) Сулла; Б) Красс.

V. Рефлексия.


Білемін

Білдім

Білгім келеді











Үй тапсырмасы: § 17 (мазмұндау).

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістан Күні:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға Үндістан түбегінің табиғат жағдайлары, орталықтанған мемлекеттің құрылуы, шаруашылығы мен әлеуметтік жіктелуі туралы білім беру..

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, көркем сөз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карта
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Парфия патшалығы қалай қалыптасты?

  2. Оның қандай билеушілерін білесің?

  3. Парфия патшасының билігі неге шектеулі болды?

  4. Парфияның көшпелілермен қарым-қатынасы қандай болған?

  5. Парфиялықтар римдіктерді қалай талқандады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

І. Табиғат жағдайлары.

ІІ. Ең ежелгі қалалары.

ІІІ. Үнді мемлекетінің құрылуы.

IV. Шаруашылығы.

V. Әлеуметтік қатынастар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Мұғалім оқушыларға картадан Үндістан түбегін көрсетіп, оның табиғат жағдайлары туралы баяндайды.

Картамен жұмыс. Оқулықтың 91-шы бетіндегі картамен жұмыс істеп, одан Парсы мемлекетінің жаулап алу жорықтары туралы баяндау.

Терминдермен жұмыс.

Пенджаб – «Бес өзен елі», Үнді өзеніне келіп құятын өзендердің бойындағы аймақтың атауы

Варна немесе каста –үнді қоғамындағы әлеуметтік топ

Брахман – үнді қоғамындағы абыздар

кшатрий – жауынгерлер



вайшилер – шаруалар: егіншілер, малшылар, саудагерлер

шудралар – ең төменгі каста, құлдар ретінде ұсталды

арийліктер – «таза қанды, асыл текті адамдар», б. з. б. ІІ мыңжылдықтың соңында Үндістанға солтүстіктен келген арий тайпалары

Паталипутра – Үнді мемлекетінің астанасы

Даталармен жұмыс

Б. з. б. ІІ мыңжылдықтың басы - Үндістанда алғашқы мемлекеттер мен ірі елді мекендердің пайда болуы.

Б. з. б. ІІ мыңжылдықтың соңы – Үндістанға солтүстіктен арийтайпаларының басып кіруі

Б. з. б. VI ғасыр - бір орталыққа бағынған Магадха мелекетінің құрылуы

Б. з. б. ІІІ ғасырдың ортасы - Ашок патшаның бүкіл Үндістанды бағындыруы.

IV Жаңа білімді пысықтау. Тест.



  1. Үндістан түбегінің орталық бөлігінде орналасқан таулы үстірт қалай аталады?

А) Ректор; Ә) Декан; Б) Куратор.

  1. Үнді өзіне келіп құятын бес өзеннің жалпы атауы.

А) Пенджаб; Ә) Хиджаб; Б) Паранджа.

  1. Б. з. б. VI ғасырда Үндістанда құрылған мемлекеттің атауы.

А) Махараджа; Ә) Могадиши; Б) Магадха.

  1. Үндістан елінің астанасы

А) Брахмапутра; Ә) Паталипутра; Б) Калькутта.

  1. Үнді қоғамындағы дінді уағыздаушылардың, абыздардың атауы.

А) кшатрийлер; Ә) вайшилер; Б) брахмандар.

  1. Үнділіктердің сыйынған құдайының есімі.

А) Будда; Ә)Брахма; Б) Иегова.

V. Рефлексия.


Білемін

Білдім

Білгім келеді











Үй тапсырмасы: § 18 (мазмұндау). «Үндістан» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі үнді мәдениеті Күні:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға әлемдік өркениеттің алдыңғы қатарында болған ежелгі үнділіктердің әдебиеті, діндері, ғылыми білімдері туралы айту.

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, көркем сөз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, иллюстрациялар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Үндістан түбегі қайда орналасқан? Картадан көрсетіңдер.

  2. Чандрагупта деген кім? Ол қандай әулеттің негізін қалады?

  3. Варна дегеніміз не? Үнді қоғамы неше топқа бөлінді?

  4. Үнділіктердің шаруашылығы туралы айтып беріңдер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

І. «Махабхарата» мен «Рамаяна».

ІІ. Ману заңдары.

ІІІ. Будда діні.

ІV. Өнер мен білім негіздері.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Мұғалім оқушыларға ежелгі үнді мәдениетінің озық үлгілері туралы айтып, олардың өзге елдердің өміріне қалайша әсер еткендігі туралы әңгімелейді.

Топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігі бойынша жұмыс істейді. Болғаннан кейін әр топтан шешендер шығып, өз мәтіндері бойынша әңгімелейді. Өзге топтардың мүшелері оларға сұрақтар қояды.



Рефлексия.


Білемін

Білдім

Білгім келеді











Үй тапсырмасы: § 19 (мазмұндау).

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен маңыызы.

Басқыншылық жорықтары мен халық көтерілістері. Күні:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға Қытай жерінде алғашқы мемлекеттердің қалыптасуы, Цинь патшалығының құрылуы, қытайлықтардың шаруашылығы мен Ұлы Жібек жолының қалыптасуы туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, өз ойын ашық айтып білдіруге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: мәтінмен, картамен жұмыс, топпен жұмыс, тест



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. «Махабхарата» дастанында қандай оқиғалар туралы айтылады?

  2. «Рамаяна» дастанында кімнің басынан кешкен оқиғалары суреттеледі?

  3. «Ману заңында» елді басқару туралы не айтылады?

  4. Будда деген кім? Буддизм қалай пайда болды?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

  1. Алғашқы мемлекеттер.

  2. Цинь патшалығы.

  3. Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы.

  4. Ұлы Жібек жолы.

  5. Басқыншылық жорықтар мен халық көтерілістері.

Картамен жұмыс. Мұғалім оқушыларға картадан Қытай мемлекетінің бастапқы аумағын, елдегі ірі өзендерді көрсетіп, олардың қытайлықтардың өміріне тигізген әсері туралы баяндайды.

Кестені толтыру. «Алғашқы мемлекеттер»

Мемлекеттің атауы

Пайда болған уақыты

Саяси өмірі

Құлауының себептері

Шан-Инь мемлекеті

Б.з. б. ІІ мыңжылдықтың ортасы







Чжоу мемлекеті

Б. з. б. XII







Цинь патшалығы

Б.з.б. VI ғасыр








Суреттермен жұмыс. Тақтадағы суреттерге қарап, қытай шаруаларының, қолөнершілерінің еңбегіне сипаттама беру.

Картамен жұмыс. Картаны қолдану арқылы мұғалім оқушыларға Ұлы Жібек жолының тармақтарын, жібек матаның басқа елдерге таралу жолдарын, жібек матаның жасалу ерекшіліктерін түсіндіреді.

Мұғалім оқушыларға Хань әулетінің елшісі Чжан Цзянның көршілес елдерге жасаған саяхаты туралы әңгімелеп береді.



Кестені толтыру. «Халық көтерілістері»

Көтеріліс

Уақыты

Көсемі

Көтерілістің барысы

Жеңілу себептері

«Қызыл қастылар көтерілісі»













«Сары орамалдылар көтерілісі»













Рефлексия.

Нені білдім?

Не үйрендім?

Білгім келеді?










Үй тапсырмасы: § 22,21 (мазмұндау)

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті Күні:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға Қытайдағы өнер-білімнің дамуы, өнердегі жетістіктері, қытай ғұламалары мен ойшылдарының өмірі мен еңбектері туралы білім беру.

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, көркем сөз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, иллюстрациялар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Қытайдың табиғат жағдайлары туралы әңгімеле.

  2. Алғашқы қытай тайпалары қай жерде орналасты? Шан-Инь мемлекеті ше?

  3. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қалай құрылды?Цинь Ши Хуанди дегеніміз кім?

  4. Қытайлықтардың ауыл щаруашылығы қалай дамыды?

  5. Қолөнер мен сауданың дамуы туралы не білесің?

  6. Еңбекші халықтың жағдайы неге нашарлады?

  7. «Қызыл қастылар» мен «Сары орамалдылар» көтерілісі туралы не білесің?

Тест.

  1. Қытай мемлекеті алғаш қай жерде пайда болды?

А) Орхон; Ә) Хуанхэ; Б) Янцзы.

  1. Қытай жерінде құрылған алғашқы мемлекет.

А) Цинь; Ә) Хань; Б) Шан-Инь.

  1. Чжоу мемлекеті қашан пайда болды?

А) б. з. б. ХІІІ ғ.; Ә) б. з. б. ХІІ ғ; Б) б. з. б. ХІ ғ.

  1. Б. з. б. ІІІ ғасырда Қытайда бір орталыққа бағынған мемлекет құрған патша

А) Ин Чжен; Ә) Чжан Цзянь; Б)Фан Чун.

  1. Цинь патшалығы тұсында реформа жүргіген сарай қызметкері.

А) Шан Ян; Ә) Ван Ман; Б) У Ди.

  1. Б. з. б. жылы император атағын алған тұңғыш Цинь патшасы.

А) Шан Ян; Ә) Ин Чжен; Б) Ван Ман.

  1. Ферғана, Хорезм, Бактрия елдеріне барып қайтқан қытай саяхатшысы

А) Ин Чжен; Ә) Чжан Цзянь; Б)Фан Чун.

  1. Көрші елдерге басқыншылық жорықтар жүргізген Хань әулетінің билеушісі.

А) Шан Ян; Ә) Ван Ман; Б) У Ди.

  1. «Қызыл қастылар» көтерілісі қай жылы басталды?

А) б. з. б. 21 ж.; Ә) б. з. б. 18 ж; Б) б. з. б. 16 ж.

  1. «Сары орамалдылар» көтерілісі неге жылға созылды?

А) 30 жыл; Ә) 25 жыл; Б) 20 жыл.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:



І. Жазуы мен әдебиеті.

ІІ. Кун-фуцзы - Ежелгі Қытай данышпаны.

ІІІ. Сыма Цянь - қытай тарихының атасы.

ІV. Ғылыми білімдері мен өнертабыстары.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Мұғалім оқушыларға ежелгі қытай мәдениетінің озық үлгілері туралы айтып, олардың өзге елдердің өміріне қалайша әсер еткендігі, әлемнің жаратылуы жайында қытай мифін әңгімелеп береді.

Суреттермен жұмыс. Оқушылар тақтадағы суреттерге қарап, қытайлықтардың алфавиттік жүйесінің қалай дамығандығы, тақтайшалардан жасалған кітаптардың қалай пайда болғандығы туралы ой түйеді.

Топтастыру стратегиясы. Оқушылар Кун фуцзы мен Сыма Цянь туралы тірексызбаны толтырады.





Кестені толтыру.

Ғылым саласы

Ашылған жаңалықтар

Астрономия

Аспан картасы, жылдың ұзақтығын есептеп шығарды

География

Құбыланама, сейсмограф

Химия

Оқдәрі, қағаз

IV Жаңа білімді пысықтау. Тест.

  1. Қытайда қағаз қашан ойлап табылды?

А) б. з. б. ІІ ғасыр; Ә) б. з. б. ІІІ ғасыр; Б) б. з. б. І ғасыр.

  1. Қытай мифтеріндегі алғашқы адамның есімі.

А) Пенал; Ә) Парнас; Б) Паньгу.

  1. Б. з. б. ІІ ғасырда өмір сүрген Қытайдың атақты ақыны кім?

А) Сыма Цянь; Ә) Сыма Сянжу; Б) Сыма Чжан.

  1. Кун-фуцзыдың жазып қалдырған кітабының атауы.

А) «Нақылдар»; Ә) «Өсиеттер»; Б) «Тарихи жазбалар».

  1. Қытай тарихшысы Сыма Цянь қай жылы дүниеге келді?

А) б. з. б. 141 ж.; Ә)б. з. б. 167 ж.; Б) б. з. б. 151 ж.

  1. Қытайлықтар ойлап тапқан жер сілкінісін болжайтын құрал.

А) барометр; Ә) тахограф; Б) сейсмограф.

Үй тапсырмасы: § 22 (мазмұндау).

Сабақтың тақырыбы: Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары мен Грекия қала-мемлекеттері

Уақыты: 28. 02. 2011

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға Грекияның орналасқан жері, табиғаты, Крит-Ахей мемлекеттері, Афины және Спарта қаламемлекеттері туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, өз ойын ашық айтып білдіруге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: мәтінмен, картамен жұмыс, топпен жұмыс, Венн диаграммасы, тест



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Қытай жазуының ерекшілігі неде?

  2. Кун-фуцзыдың өмірі туралы баяндап бер.

  3. Сыма Цянь туралы не білесің?

  4. Қытайлықтар ғылымда қандай табыстарға жетті?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

  1. Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты

  2. Крит-Ахей мемлекеттері

  3. Гректердің шаруашылығы

  4. Афины мемлекеті

  5. Ежелгі Спарта

Картамен жұмыс. Мұғалім оқушыларға картадан Грекияның орналасқан жерін көрсету, табиғаты туралы әңгімелеу.

Терминдермен жұмыс.

Фреска - әшекейленген сурет, сылақ кеппей тұрып, қабырғаға салынған

Акрополь - грек сөзі, «үстіңгі қала», қаланың орталық бөлігі

Агора - грек сөзі, «базар, алаң», қаланың орталығындағы қоғамдық үйлермен, жабық галереялармен, ғибадатханалармен қоршалған ішкі бөлігі

Илоттар - Спарта мемлекетіндегі құлдар

Олигархия - грек сөзі, аз адамдардың билігі



Венн диаграммасын толтыру. Афины мен Спарта





Кестені толтыру.

Тарихи дата

Тарихи оқиға

Б. з. б. 2000 жылдар

Грекияда Крит-Ахей мәдениетінің қалыптасуы

Б. з. б. XV ғасыр

Фера аралындағы жанартаудың атқылауы, Крит патшалығының күйреуі

Б. з. б. 1200 жыл

Микены қаласының Агамемнон деген көсемінің бастауымен гректердің Троя қаласын басып алуы

Б. з. б. ХІІ ғасыр

Солтүстіктен келген дорийліктердің шапқыншылығы, шағын мемлекеттердің талқандалуы

Б. з. б. ІІ мыңжылдық

Аттикада Афины, Лаконикада Спарта мемлекеттерінің орнауы

Б. з. б. VII ғасыр

Спарталықтардың Мессенияны жаулап алуы

Рефлексия.

Нені білдім?

Не үйрендім?

Білгім келеді?












Үй тапсырмасы: § 23,24 (мазмұндау)

Қосымша әдебиет: Н. Кун «Ежелгі Грекияның мифтері»

Сабақтың тақырыбы: Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы

Уақыты: 7. 03. 2011

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға Афины мемлекетінде демократиялық құрылыстың орнауы,македон патшасы Филипп ІІ-нің Грекияны жаулап алуы туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, өз ойын ашық айтып білдіруге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: мәтінмен, картамен жұмыс, топпен жұмыс, Венн диаграммасы, тест



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Крит және Ахей мемлекеттері Грекияның қай бөлігінде орналасқан?

  2. Ежелгі Грекияда шаруашылықтың қандай түрлері болған?

  3. Полис деген не? Қала-мемлекеттерді сипаттап бер.

  4. Афины қаласын сипаттап бер.

  5. Спарта қаласына сипаттама бер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

  1. Аттикадағы демократиялық өзгерістер

  2. Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуыі

  3. Грекиялық қала-мемлекеттердің арасындағы күрес

  4. Грекияда Македония билігінің орнауы

Картамен, суреттермен жұмыс. Мұғалім оқушыларға картадан Аттика аймағының елді мекендерін, Афины қаласының көрнекті орындарын көрсетеді, олар туралы әңгімелеп береді.

Тірексызбамен жұмыс.


Аристократия



Ақсүйек-шонжарлар




Таблицаны толтыру. «Демократиялық реформалар»

Солонның реформалар

Клисфеннің реформалары







Топтастыру стратегиясы.



Тарихи даталармен жұмыс.

Б. з. б. 431 жыл - Пелопоннес соғысы

Б. з. б. 338 жыл - Херонея қаласы маңындағы соғыс

Рефлексия.

Нені білдім?

Не үйрендім?

Білгім келеді?












Үй тапсырмасы: § 25 (мазмұндау)

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі грек өнері мен мектебі Уақыты: 14. 03. 2011

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға ежелгі грек өнері, мерекелері, аңыздары, ғылыми білімдерінің дамуы туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, өз ойын ашық айтып білдіруге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: мәтінмен, картамен жұмыс, топпен жұмыс, Венн диаграммасы, тест



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Аристократ, демократия, демос сөздерінің мәнін түсіндір.

  2. Солон мен Клсифеннің реформаларының қарапайым халық үшін маңызы қандай болды?

  3. финылықтардың тәуелсіздік үшін күресін кім басқарды?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

  1. Грекиялық мерекелер мен ойындар

  2. Ежелгі грек театры мен мифтері

  3. Сәулет өнері мен мүсіндер

  4. Грек мектептері

  5. Ғылыми білімдер

Терминдермен жұмыс.

«Трагедия» - текелер әні

«Комедия» - көңілді шаруалар әні.

«Скене» - ойын көрсететін орын



Т
Грек мектебі
ірек-сызбамен жұмыс.

1 басқыш


палестра

гимнасия



Таблицаны толтыру. «Грек ғалымдары»

Ғалымдардың есімі

Ашқан жаңалықтары

Гомер




Гиппократ




Аристотель




Пифагор




Демокрит




Рефлексия.

Нені білдім?

Не үйрендім?

Білгім келеді?












Үй тапсырмасы: § 26, 27 (мазмұндау)
Каталог: uploads -> doc -> 1355
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1355 -> Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы
1355 -> Сабақтың тақырыбы Тіл мәдениеті. Суреттеу, мінездеме Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет