Сабақтың мақсаттары: Қысқы ұйқыға кететін жануарларды анықтайды; Қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды



бет3/10
Дата20.06.2020
өлшемі31,54 Kb.
#74119
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сынып: 1 «Б»

Күні: 12.11.2019 ж.

Пән: Сауат ашу

Кабинет: 228

Тақырыбы: Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.

Мұғалім:

Өткізді: Жумабаева Аяужан
Өзін-өзі талдау
Сабақтың мақсаттары:

Мен Жумабаева Аяужан 12-ші қараша күні Сауат ашу пәнінен сабақ жоспарын өткіздім. Сабақтың басында оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып психологиялық ахуал өткіздім. Психологиялық ахуалдан кейін алдыңғы меңгерілген тақырыпты қайталау барысында өлең оқылады. Өлеңнен кейін, өлеңге байланысты сұрақтар қойылды. Сабақтың ортасында оқулықпен жұмыс істеттім. Тапсырмалардың ішінде кестемен де, ауызша және жазбаша жұмыстар жасалыңды. Сергіту сәті 3 мин аралығын алды. Оқушыларды шынықтыру үшін «Топ, топ, добым» атты қызықты санамақ ретінде құралған шағын мәтін ретінде берілген өлең шумақтарды алдым. Одан кейін оқушылармен жұмбақтар шештік. Шешулерін тапқаннан кейін оқушылар хормен «Д» әріпіне байланысты таппақ жолдарын айтты. Сабақтың соңында бес-бестен оқушылар ортаға шығып «Д» әрпінен басталатын сөздерді айтып жарысты. Бір сөз бір алға қадам жасалынады. Оқушылармен кері байланыс ретінде қимыл-қозғалыстарды алдым бүгінгі сабақ ұнады ма? деген сұраққа оқушыларға ұнаса қол шапалақтау арқылы білдіреді, ал ұнамағандар болса аяқпен топырлайды.

Сабақ өткізген: Жумабаева А.С______________

Павлодар қаласының № 25 жалпы

орта білім беру мектебінің практиканты Жумабаева Аяужан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет