Сабақтың мазмұны Ресустар


мектеп-гимназиясы Мерзімі: .12.18ж № 13-сабақ Сабақтың тақырыбы



бет4/9
Дата20.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#56147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ
8сынып .1-34 сабақ

75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: .12.18ж № 13-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сыйластық бастаулары Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ұқыптылық,өзіне - өзі сенімді болу,әдепті болу, отбасындағы, мектептегі парызын орындау . Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі,ұрпақтар парызы екендігі туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - отбасындағы, мектептегі парызын орындау туралы білім беру; Дамытушылық: - өзіне - өзі сенімді болуды баліс-әрекетінде дамыту;

Тәрбиелік: - ұқыптылыққа, әдепті болуға тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Бақыт қайда барасың» Асанұлы Қабан

  • Өлең жолдарында не туралы айтылған?

  • «Сыйластық» ұғымын қалай түсінесіңдер?

  • Адам бақытты болып туа ма, әлде қалыптаса ма?

  • Сендер қазіргі сәттеріңде өздеріңді бақытты сезінесіңдер ме? Мысал келтір.




3. Дәйексөз

«Сыйласаң – сыйысымды боларсың»

  • Сыйластық, сыйлау дегенді қалай түсінесің?

  • Сыйлы болу үшін не істеу керек?

  • Ортаңда сыйлысың ба?

Мағынасын ашып, өз пікір лерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Түп қазық Құрманбай Толыбаев


Сұрақ –жауап (пікірталас)

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма : «Ананың арманы» мәтінін оқып, әже мен немере арасындағы сыйластық туралы эссе жазыңдар.
2-тапсырма «Бақыт» пен «Сыйластық» ұғымына анықтама беріңдер.

Ұйымшылдық ойлаған, Сыйлаған ата-анасын,

Тату жанға барамын . Көргенді ұлға барамын.






6.топпен ән айту

Өміріңе немқұрайлы қарама Тыңд,а досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден өтті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама Дәулетіңе тұрсаң- дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Өміріңе немқұрайлы қарама, Шақша басың айналса да бақыттан.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. Өміріңе немқұрайлы қарама Айдын көлге айналса да өз жасың.

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды



7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Әдемі» А.Шаяхметов сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттау.






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.



Сабаққа белсене қатысып,

сырбөліс кені үшін алғыс айту.


75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .12.18ж № 14-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сыйластық бастаулары Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8«а,ә,б,в»



Сабақтың мазмұны

Ресус




Сабақтың мақсаты: Тәрбиені сүйіспеншілікпен қабылдау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - кешірімшіл болу қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сәлемде сабақты мақсаты міндеті таныстырды




Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Су патшалығына ойша саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Әдемі» өлең жолдарын жатқа айту

Күн сәулесі төгілгені әдемі, Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі

Кемпірқосақ керілгені әдемі Қозы-лақтың ойнағаны әдемі

Көк шалғында асыр салып жүргенде Ақ боз атын ерттеп мініп атамның

Көк көбелек көрінеді әдемі. Қойды өріске айдағаны әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі Ақ ботаның үлкен көзі әдемі

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі. Әжеміздің күлген көзі әдемі

Қариялар жол үстінде кездесіп Бәріненде жасқа толған бөпемнің

Амандықты сұрасқаны әдемі. Тәй-тәй басып жүрген кезі әдемі.



Музыка қойылад






  1. Дәйексөз Ғабиден Мұстафин

«Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес,

жалпы адамды сыйлауға баулиды»

  • Қандай дәстүрді білесің? Тәрбиелік мәнін атап өт.







  1. Әңгімелеу

Сөз анасы – сәлем Зейнеп Ахметова

  • Сөздің басын неліктен сәлемнен бастауымыз керек?

  • «Шүйіркелесу», «үйірсектік» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

  • Қазақ халқының дарқан ниетінен қандай қасиеттерді байқауға болады?

  • Кез келген халықтың тұрмыс-тіршілігінің мінез-құлық жаратылысына әсері бола ма?

  • Өзің ылғи да сәлемдесіп жүресің бе? Айтып бер.

Сұрақ –жауап(пікірталас)






5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі өлең жолдарындағы сыйластық белгілерін дәптерлеріңе жазыңдар.

Сырттан келген мейманды, Есік ашып енгізіп,

Сәлем беріп, қол алсаң, Көрпе төсеп, құп алсаң,

Бірінші еткен құрметің. Үшінші еткен қызметің.

«Түсіңіз», - деп түс беріп,

Шылбырына оралсаң,

Екінші еткен құрметің.
2-тапсырма: Сәлемдесудің түрлеріне жағдаяттар ойластырып, сахналаңдар.

3-тапсырма: Ұлы адамдардың ой-тұжырымдарындағы негізгі ойды тауып, талдаңдар.

..... «Ата-аналар балаларына сыйлы болуға тиіс. Бірақ сый-сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет»

..... «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді»

..... «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдақтан түк те шықпайды».

...... «Үйрет те, ізгілікпен үйрен»

...... «Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз».

Қазақ – тым туысқаншыл, бауырмал халық. Жеті атаға дейін бауыр-туыс, ағайын, одан әрі жекжат-жұрағат болып, жалғаса береді. Иен далада кездескен екі қазақ амандасып - есендесіп, ата-тек сұраса келе міндетті түрде бір кіндік араласып тауып алады.

«Оу, баяғыда бәленбай деген атамыз сіздің елден сүйек тістеген, сол әжеміздің төркіндері екенсіз ғой, ойбау-ау, нағашы екенсіз ғой» деп айдаладан жиен табыла кетеді. Қазақ – мияның тамырындай ілігі қабат-қабат халық. Кейде әзіл-шынын араластырып «екі қазақ кездесе қалса, ет асым амандасады» дейтін сөздіңастарынан жайық көңіл, жарқын мінез халқымыздың дарқан ниеті көрінеді.










6. Топпен ән айту

Әдемі А.Шаяхметов




7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің Отаным – шұғылалы тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазып келу









8. Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.



Сабаққа

Белсене


қатысып,

сыр бөліс кені үшін алғыс айту.






75 мектеп гимназиясы Мерзімі: 24.12.18ж № 15-сабақ Сабақтың тақырыбы: Отанға жол Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресус

Сабақтың мақсаты: Қоғамға қызмет етудегі тәрбиені сүйіспен- шілікпен қабылдау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - кешірімшіл болу қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер, қалам, түрлі- түсті қағаз.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің Отаным – шұғылалы тәуелсіз Қазақстан»

тақырыбында жазып келген эсселерін оқу.



Музыка қойылад
Тыныштық сәті



3.Дәйексөз Ғ.Мүсірепов

Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ

  • Еліңе жетер ештеңенің жоқ екенін сезінген кезің болды ма?




4. Әңгімелеу:

Отан Шәкен Күмісбайұлы

  • Атасы немересіне Ауған жерінен оралған балалардың келген себебін қалай түсіндірді?

  • Мұса шет елде қандай оқиғаларды бастан кешірді?

  • Мәтінде туған елге, атамекенге деген сүйіспеншілік қалай суреттелген?

  • Өзің туған елге, жерге деген ыстық сезіміңді қалай жеткізер едің?

  • Отан алдындағы перзенттік парызыңды қалай өтер едің?

Сұрақ –жауап(пікірталас)

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-толғауларды жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдау.

.... «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ»

.... «Өз Отанын жан-тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы»

.... «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері»

.... «Біздің ел - көп ұлтты ел. Кез келген отандасың – қай халықтың баласы болса да ол сенің досың»

.... О, дариға алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.

Сүйем сені туған ел – ата мекен

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең».
2-тапсырма: Мақал-мәтелді жалғастырыңдар.


  1. Өзге елде сұлтан болғанша, .....

  2. Туған жердей жер болмас, .....

  3. Отансыз адам, .....

  4. Ат айналып қазығын табар, .....

  5. Отан - .....

  6. Өз елімнің басы болмасам да, .....



Отан – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбаттысы, ең қасиет- тісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Отан ұғымы адамның мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді, оның кең жазира жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақ -тан-ұрпаққа қалдырылып келеді. Ол – біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз. Қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең ілтипат пен қараған халық. Жалпы «Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек.



6.топпен ән айту

Жігерлендіру Мұхтар Шаханов





7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 1. Отан, ел туралы мақал-мәтелдер жазып, түсініп келу. 2. «Көк тудың желбірегені» А.Ахметбекұлы сөзіне жазылған өлеңін жаттау.






8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.



.

75 мектеп гимназия Мерзімі: 24.12.18ж № 16-сабақ Сабақтың тақырыбы: Отанға жол Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау Пән мұғалімі: Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Қоғам азаматы ретінде еліне, жеріне қиянат жасамау әр бір азаматтың міндеті екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - Мәдени мұраны құрметтеуге үйрету;

Дамытушылық: - қоғам меншігін қамқорлау ға баулу;

Тәрбиелік: - қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сәлемдесусабақтың мақсаты міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Отан , ел туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру.

2. «Көк тудың желбірегені» А.Ахметбекұлы
Көктудың желбірегені - Көктудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі. Елдіктің асқақ өлеңі,
Махаббат, қайрат екеулеп, Әр жаққа тартпай, қазағым,
Шымырлатқаны денені. Бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені - Көктудың желбірегені -


Жаныма қуат береді. Бақыттың елжірегені,
Таласқа түссе жан мен ту Қиырда қалған Қазақтың
Жан емес, маған керегі - Азат отанға жете алмай
Көктудың желбірегені. Көзінің мөлдірегені

Музыка қойылады
Үй тапсыр масын тексеру.

3. Дәйексөз Джон Кеннеди

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама,

ел үшін өзім не істей аламын деп сұра»

  • Елдің саған берері не деп ойлайсың?

  • Елің үшін сен не жасай аласың?




4. Әңгімелеу: Сапарғали Бегалин

Дала сұңқары қиырға қарайды

  • Шоқан қалаға алғаш келгенде өзін қалай сезінеді?

  • Василевский Шоқанды неге қыран балапаны деп атады?

  • Шоқан туған аулына сағынышын қалай білдірді?

  • Шоқанның туған аулына деген сүйіспеншілігі қандай қасиеттерінен көрініс береді?

  • Өзің Отаныңа, туған еліңе деген сүйіспеншілігіңді қалай білдірер едің? Айтып бер.

Сұрақ –жауап(пікірталас)

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Өлеңді оқып, талдаңдар.

«Отан» Мұқағали Мақатаев

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Отан!

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Отан!

Мен оның қасиетті тілін сүйем, Бәріне биік екен,

Мен оның құдіретті үнін сүйем. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Отанды сүймеуің де күйік екен,

Бәрі маған: «Отан» - деп сыбырлаған Отанды сүйгенің де күйік екен.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!


Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміра алматқа құл мен күң з. Елімізден құт-береке кетпесін деп, жеріміздің шететіп отыін жау баспасын деп, найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбағын елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз тса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге – танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!

Ойларын ортаға салу.

6.Топпен ән айту

«Көк тудың желбірегені» А.Ахметбекұлы




7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Қоғамға қызмет ету» жоба жұмысын аяқтап, толықтыру керек.



Үй тапсыр маларын белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.


Бүгінгі сабаққа белсене қатысып,

сыр бөліс кені үшін алғысайту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет