Сабақтың мазмұны Ресустар



бет6/9
Дата20.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#56147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ
8сынып .1-34 сабақ

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.19 ж. № 21 сабақ Сабақтың тақырыбы: Өз мұратыңа жету Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, командада (топпен) жұмыс істеу, бірлік . Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Ұжымда дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру.

Міндеттері: Білімділік: - командада жұмыс істеуді үйрету;

Дамытушылық: - ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау; Тәрбиелік: - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Асыл арман Бәкір Тәжібаев

Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,

Әлде бір алаулаған гүлімбісің,

Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,

Арманым айтарым көп саған менің.

Қ-СЫ: Асыл арман, асыл арман,

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?

Асыл арман, аспанымда жарқылдаған құсым ба еді,

Мен сенің құдіретіңе, Мен сенің құдіретіңе түсінбедім

Арманым, құздан құлар бұлақпысың,

Әлдебір күлімдеген шырақпысың.

Әлдебір албыраған ай ма екенсің,

Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

Арманым жүрегімнің жыры ма едің,

Жас ару жанарының нұры ма едің.

Әлдебір сазы ма едің домбырамның,

Қиялды асқар шыңға қондыратын.


Музыка қойыла ды


3. Дәйексөз

«Бойыңызға болашақтың арман-мұраттарын

дарытыңыз, оның өзі шын мәніндегі

күн шұғыласы тәрізді»




4. Әңгімелеу:

Бақыт іздеушілер

  • Байдың үш баласы кәсіпті қалай іздемекші болды?

  • Бақыт іздеуші кіші баласы кімдерге жолықты?

  • Жігіт өзіне тапсырылған аманаттарды қалай орындады?

  • Жігіт қандай қасиеттерінің арқасында мұратына жетті?

  • Бұл қасиеттер қандай құндылықтардың көрінісі?

  • Өзің мұратыңа жету үшін қандай жолды таңдар едің?

Сұрақ –жауап

(пікірталас)


Мәтінді талдау.

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ғұламалар ой-тұжырымдарын оқып, бақытты адамды сипаттаңдар.

«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» Әл-Фараби.

«Адамның бақытының өлшемі – көңілің қалаған, өзің ұмтылған мақсатыңнан алған жан рахатыңның ләззаты. Ондай бақытқа бөленіп, ләззатты алудың басты кепілі – ниет, пиғыл, мақсат». Әл-Ғазали
2-тапсырма: Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, «Менің түсінігімдегі бақыт» тақырыбына ой-пікірлеріңді жазыңдар.

  • Сенің бақытыңның негізі неде?ттегі мәтінді оқып

  • Бақытты адамның ұстанымдары қандай болады?


3-тапсырма: 89 - беттегі мәтінді оқып, қандай үлгі алуға болатынын айтыңдар.
Мұрат дегеніміз адамдардың өмірінің мәнін толықтырып дегеніне жетуі үшін ұмтылған арманы. Адамдар армандаған мұраттарының әйтеуір бір кезеңде іске асатынына сенім арта- ды. Егер адам өзінің жүрек түкпіріне әдемі арманы мен жоғары мұратын ұялата білсе, онда ол адам кез келген жағдаяттарды құрметтеу арқылы бастан кешіреді. Мұратты, көзге көрінген сұлулықты, жүректегі әуенді, жан сұлулығын, жұмсақ. Таза нәзіктікті аялай білсек, осының бәрі қайран қалдыратын аса жоғары әлем, егер де біз адалдық білдірсек, онда осының бәрі біздің әлемімізге айналады.




6. Топпен

Асыл арман Бәкір Тәжібаев


7.Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: «Таңбалы тастағы» таңбалар мен суреттер туралы материалдар жинап, бірлесіп мақала жазу.






8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.




№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.19 ж. № 22 сабақ Сабақтың тақырыбы: Өз мұратына жету Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Ұжымда қарым-қатынасты шынайы сүйіспеншілікпен бере білунағыз адами көрініс екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуді үйрету;

Дамытушылық: - кешірімді болуға, шынайылыққа баулу;

Тәрбиелік: - шынайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Ресурс

Сәлемдесу түгел деу



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Теңіз астына саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру.

«Таңбалы тастағы» таңбалар мен суреттер туралы

жинаған материалдарын қорғайды.



Музыка қойылады



3. Дәйексөз Ғ.Мүсірепов.

«Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге өмір сүреді»

  • Түсінігіңді баяндап бер.




4. Әңгімелесу

Есею жолында Сапарғали Бегалин

  • Келген қонақ неге Сәтжанмен танысқысы келді?

  • Сәтжан Ғылым Академиясына жазған хатында не туралы айтты?

  • Сәтжан Петрге «Таңбалы тасты» қалай таныстырды?

  • Петр Сәтжанға қандай уәде берді?

  • Сәтжанның туып-өскен жеріне сүйіспеншілігін оның қандай қасиеттерінен байқадыңдар?

  • Сәтжанның іс-әрекетінен қандай үлгі алар едіңдер?

Сұрақ –жауап пікірталас

Мәтінді талдау.



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі мәтінді оқып, өз мұратыңа жету үшін қандай қасиеттеріңді дамыту қажет екенін анықтаңдар.

Орыс ғалымы Д.И.Менделеевтің әйгілі элементтердің период тық жүйесі оның түсінде тұжырымдалғанын білесіздер ме?

Соның алдында Менделеев үш күн және үш түн бойы элементтердің аттары мен қасиеттері жазылған 62 карточканы бір жүйеге келтіре алмай әуреге түседі. Әбден қалжыраған ол жата кетеді де, бірден қатты ұйқтап қалады. Кейін ғалым: «Түсімде барлық элементтер орналастырылған кестені көрдім. Ұйқыдан оянған бойда бір жапырақ қағазға тез жазып қойдым. Ақырында бір жеріне ғана қажетті түзету енгізілді» , - деп есіне алады.

2-тапсырма: 93-беттегі мәтінді оқып, өз мұратына жету жолындағы армандаудың маңызын айтып бер.
Адам алдына қойған мақсатына жету үшін талаптану керек Талаптану дегеніміз адамның қажырлы еңбек етуі арқылы, ізденіс ке түсіп, алға қадам басу, талпынысы. Жазушы Сәуірбек Бақберге нов талап туралы былай деп ой толғайды: «Бұл бір мәнді сөз. «Талапты ерге нұр жауар» деген мақалдың өзі осы сөздің терең мәнін аңғартады. Егер мен сондай ерді елестете алсам, әрине, еңалдымен әуестігі мол, көзінде оты, жүрегінде жалыны бар, екінші сөзбен айтсам, сегіз қырлы бір сырлы жігітті кәдімгі өзіміздің Талапты немесе соған ұқсас жігітті көрген болар едім. Қайткенде талап деген ер жігіттің көкейіндегі жел жетпес тұлпары ғой». Адам баласының асқаралы болуы мол күш-қуатты талап етеді, ынта мен жігер арқылы оның өмірі жолының нәтижесі анықталады. Игілік, интелектуальдық руханилық – бәрі қажырлы еңбектің жемісі, соның арқасында ғана армандаған ой іске асып, мақсат орындалып, арман шындыққа айналады.





6. Топпен ән айту

Асыл арман Бәкір Тәжібаев

Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,

Әлде бір алаулаған гүлімбісің,

Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,

Арманым айтарым көп саған менің.

Қ-СЫ: Асыл арман, асыл арман,

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?

Асыл арман, аспанымда жарқылдаған құсым ба еді,

Мен сенің құдіретіңе, Мен сенің құдіретіңе түсінбедім

Арманым, құздан құлар бұлақпысың,

Әлдебір күлімдеген шырақпысың.

Әлдебір албыраған ай ма екенсің,

Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

Арманым жүрегімнің жыры ма едің,

Жас ару жанарының нұры ма едің.

Әлдебір сазы ма едің домбырамның,

Қиялды асқар шыңға қондыратын.



7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Туған жер – тағдырым» Қалқаман Сарин өлеңін жаттап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.






№75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: .03.19 ж. 23- сабақ Сабақтың тақырыбы: Мен әлемді сүйемін Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Жаратылысты сүю әр адамның парызы екендігін ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірде өз-өзіне адал бола білуді үйрету;

Дамытушылық: - жаманнан жақсыны ажырата білуге баулу;

Тәрбиелік: - өмірде шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлем-десу түгел деу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Туған жер – тағдырым» Қалқаман Сарин

Туған жерім – тұғырлы өлкем, Туған жерім, сен – ұлысың,

Тәй-тәй қадам басқан жерім. Баба мұра бақ-несібем!

Өзіңде өткен ғұмыр көркем, Саған деген сағынышым,

Ай-хай далам, асқар белім. Жүрегімнің қақты есігін.

Туған жерім, мөлдірейді, Туған жерім, сыйың бөлек,

Жанарымда аспан –көгің. Алтын ұя, ақ бесігім.

Жан-жүрегім елжірейді, Сені мәңгі сүю керек,

Естен кетпес жас-дәуренім. Сүймегенге жоқ кешірім!

Туған жер, туған ел – айбыным!

Гәккулі, аққулы айдыным!

Жақұтым, бақытым – байлығым сен!

Туған жер, туған ел – тағдырым,

Сен барда жалғанда бар құным,

Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!


Музыка қойы лады



3.Дәйексөз

Сұлулық әлемді құтқарады

  • Сұлулықтың қай түрі айтылуда?

  • Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болады?




4. Әңгімелеу:

Тиінді құтқару Өтебай Тұрманжанов

  • Дариға мен Анарбай тиінді неліктен құтқарып алды?

  • Адамның қоршаған табиғатты сүюінің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Әңгімедегі кейіпкерлердің ізгі әрекетінен қандай сабақ алдыңдар?

  • Өздерің қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктеріңді қандай әрекеттеріңмен көрсетіп жүрсіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақ- пыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі» деген ой –тұжырымын талқылаңдар.
2-тапсырма: «Жер қазына» мәтінін оқып, өз тұжырымдарың- ды айтыңдар.




6.Топпен ән айту Дуние керуен Жігіттер тобы

Өтетін сейілмен, Қуаныш, қайғының,

Ей, дүние базарсың. Бәрі де бітеді.

Пенделік пейілден, Бұл дүние таусылса,

Жүрегім тазарсын. Шын дүние күтеді.

Қайырмасы: Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,

Өмірдің қызығы біреуге арман екен.

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!

Амал қыл фәниде,

Иманның жолында.

Бәрі де, бәрі де,

Алланың қолында.



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» тақырыбына эссе жазу.






8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.




№75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .03.19 ж. № 24-сабақ Сабақтың тақырыбы: Мен әлемді сүйемін Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру, аянбай қызмет ету; ізгілік Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мақсаты: Әлем және адамзат арасындағы байланыс сүйіспеншіліктен құралады.

Міндеттері:

Білімділік: Өзін-өзі жақсы көру ;

Дамыту: - өмірде аянбай қызмет етуге баулу;

Тәрбиелік: - өмірде шыншылдыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Сәлм десу түгел деу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру

«Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.

Музыка қойылады

3. Дәйексөз

«Табиғат тал бесік




4. Әңгімелесу:

Түнгі қонақта Мырзабек Дүйсенов

  • Әңгімедегі кейіпкерлердің ізгі әрекетінен қандай әсер алдыңдар?

  • Адамға жақсылық жасау үшін онымен жақын туыс немесе дос болу міндетті ме?

  • «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?

  • Қайырымды адамдар қандай қасиеттерімен ерекшеленді?

  • Өзгелерге көмек қолдарыңды соза білгенде қандай сезімде боласыңдар?

Сұрақ –жауап

Пікір талас




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі қанатты сөздерді оқып, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларыңды айтыңдар.

  • «Өмірдің мәні, айналаңа қызмет ету мен көмек көрсетуде»

  • «Ағаң келсе – ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе – құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болған- ға не жетсін».

  • Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?».

  • «Адам дүние есігін анадан туылған кезде ғана бір-ақ рет ашылады. Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді».

  • «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді».

  • «Махаббат, достық, бауырмалдық – адамның ең бір асыл қасиеттері».


3-тапсырма: «Адам – әлем – сүйіспеншілік» ұғымдарының арасындағы байланыстардың мәнін ашып, мысалдар келтіріңдер.
4-тапсырма: Өлең жолдарын оқып, елге деген махаббат жайлы ойларыңды тұжырымдаңдар.

Елге деген махаббат

Сусын қылар үмітін шөлдегенде «Жерім!» деймін ондайда,

Осы жерге перзентпіз сен де, «Елім!» деймін,

Мен де! Тұрған тұстан жарты елі шегінбеймін

Барлығында сүйемін, Өзім үшін күресте жеңілсем де,

Сөйте тұра Елім үшін күресте жеңілмеймін

Махаббатым ерекше ел дегенде. Дұшпанға да.

Ел дегенде ар қандай! Досқа да табалатпан.

Намыс қандай! Сақтай көрсін жаратқан жаманаттан!

Тау мен тасқа соғылар қарыс маңдай. Батыр болып тумайсың,

Ел дегенде жығылған жалым тұрып Батыр болып кетесің

Айбаттанып кетемін арыстандай. Елге деген махаббаттан!






Топпен ән айту

Туған жер – тағдырым Қалқаман Сарин

Туған жерім – тұғырлы өлкем, Туған жерім, сен – ұлысың,

Тәй-тәй қадам басқан жерім. Баба мұра бақ-несібем!

Өзіңде өткен ғұмыр көркем, Саған деген сағынышым,

Ай-хай далам, асқар белім. Жүрегімнің қақты есігін.

Туған жерім, мөлдірейді, Туған жерім, сыйың бөлек,

Жанарымда аспан –көгің. Алтын ұя, ақ бесігім.

Жан-жүрегім елжірейді, Сені мәңгі сүю керек,

Естен кетпес жас-дәуренім. Сүймегенге жоқ кешірім!

Туған жер, туған ел – айбыным!

Гәккулі, аққулы айдыным!

Жақұтым, бақытым – байлығым сен!

Туған жер, туған ел – тағдырым,

Сен барда жалғанда бар құным,

Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!





Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Қазақтай ел қайда?» өлең жолдарын жаттап келу.






Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет