Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі


Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары



бет17/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,73 Kb.
#96409
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
био каз-11 ОГН

Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___12_____
Сабақтың тақырыбы: Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.
Мақсаты : 11.1.2.5 - фотосинтез және хемосинтез үдерістерінің ерекшеліктерін салыстыру.
Қысқаша конспект
Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.
Фотосинтез органикалық затты синтездеудің жалғыз-ақ жолы емес, органикалық затты синтездеудің басқа да жолдары бар — ол бактериалды фотосинтез бен хемосинтез. Кейбір бактериялар мен балдырлар түрлерінде күн сәулесінің энергиясымен көмірқышқыл газынан органикалық заттар синтезделеді. Бұл процесті бактериалды фотосинтез немесе фоторедукция деп атайды. Бактериялды фотосинтездің жасыл өсімдіктер фотосинтезінен өзгешілігі — С02-ні тотықсыздандыру үшін «Н» донаторы ретінде Н20 емес, «H» бар бірнеше басқа қосылыстар пайдаланылады.
Бактериялды фотосинтездің де жоғарғы дәрежелі жасыл өсімдіктер тәрізді екі фазасы бар. 1. Жарықәсерімен жүретін; 2. Жарық әсерінсіз де жүретін. Сіңірілген сәуле куаты Н20 молекуласын ыдырату үшін жүмсалады. Н20-дан ажыраған «Н» С02-ні тотықсыздандыру үшін жұмсалады. Бірақ жасыл өсімдіктер фотосинтезі гидроксилдер полимеризацияланып, Н202 пайда болып, ол кейіннен «Н20» мен «0»-не ыдырайтын болса, бактериалды фотосинтез процесінде Н20-дан гидроксилдің тотықсыздануы бактерияның басқа «Н» бар қосылыстардан «Н» алуы арқылы жүреді. /Бүдан Н20 пайда болады/. Демек «Н» донаторы ретінде бүл жағдайда Н28, органикалық қышқылдар, спирт т.б. заттар пайдаланылады. Бактериялды фотосинтез кезінде «О» сыртқы ортаға бөлініп шықпайды.Фотосинтезді бактериялардан хемосинтезді түссіз бактериялардың бір өзгешелігі — кейінгілер аэробты жағдайда ғана өмір сүреді. Органикалық заттарды синтездеу үшін хемосинтетикалық бактериялар керекті энергияны анорганикалық заттарды тотықсыздандыру арқылы алады. Хемосинтетикалық бактерияларды бірінші ашып зерттеген аса көрнекті орыс ғалымы, микробиолог С.Н.Виноградский болатын. Түссіз бактерия beggiatoa H2S бар жылы бұлақтарда өмір сүреді. Органикалық заттарды синтездеуге керекті куатты бұл бактерия H2S — ті тотықтыру арқылы алады. Оны мынадай тендеу арқылы көрсетуге болады. 2H2S + 02 = 2Н20 + S2 + 479 кдж Жылы бұлақ көздеріндегі күкіртті сутек осылайша ыдырайды, сутегін жоғалтқан күкірт бактерия клеткасына сарғылт тамшы тәрізді болып жиналады. Егерде сыртқы ортада H2S қоры таусылса, бактерия өз клеткасы ішінде жиналған күкіртті тотықтырады.
S2 + 302 + Н20 = 2 H2S04
Осы тотығу реакциясында бөлінетін қуатты хемосинтезді бактериялар С02-ні тотықсыздандырып, органикалық зат синтездеуге жұмсайды. Бұл реакцияны төмендегідей тендеу арқылы өрнектейміз.
С02 + 2H2S———> (СН20) + Н20 + S2
Хемосинтезді бактериялар ішінде әсіресе үлкен маңызы бар — нитрификациялық бактериялар. Топы-рақта үнемі өсімдіктердің, жануарлардың және микро-организмдердің қалдықтары кездесе^і. Олардың құрамындағы белокты заттар ыдырауы нәтижесінде аммиак бөлінеді. Сондай-ақ аммиак топырақтағы қарашірік /гумус/ ыдырау барысында да түзіледі де, ондағы бактериялардың әсерінен азот қышқылына дейін тотығады
Оқушыларға арналған тапсырмалар
1.сілтеме https://yandex.kz/video/preview/?filmId=5494691711073425210&from=tabbar&parent-reqid=1598494661558400-1216016371251930938900280-prestable-app-host-sas-web-yp-31&text=%D1%84%D0%BE%D1%82%D0%BE%D1%81%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B7+%D0%B8+%D1%85%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D1%81%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B7
осы видеоны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Хемосинтездің ашылу тарихы туралы айтыңдар.
2. Хемосинтездің табиғаттағы маңызы туралы айтыңдар.
3. Кестені толтыр.

Процестің атауы

Энергия көзі

Түзілетін заттар.



















Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет