Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза өмірі мен шығармашылығы. Ш. Мұртазаның драмалық шығармалары



Дата06.04.2020
өлшемі23,67 Kb.
#61659
түріСабақ
Байланысты:
Ш.М ртаза 1-саба

Қазақ әдебиеті пәні бойынша 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқушысының өзіндік жұмыс жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 1

Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза өмірі мен шығармашылығы. Ш.Мұртазаның драмалық шығармалары

Сабақтың мақсаты:. Бұл сабақта оқушылар шығарманың сюжеттік құрылымы арқылы идеясын анықтайды

  1. Ш. Мұртаза өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат

Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілі, суреткер жазушы, публицист 

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Шерхан Мұртазаның көркем прозадағы алғашқы туындылары – «Қыз бен бота» және «Белгісіз солдаттың баласы». Ш. Мұртазаның «41 жылғы келіншек», «Интернат наны», «Бір нәзік сәуле», «Сфинкстің сыры», «Алтын тікен», «Сол бір күз», «Жүрекке әжім түспейді», «Шекшек шырылдайды» әңгімелері мен «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Мылтықсыз майдан» повестері – қазақ әдебиетінің проза жанрына қосылған таңдаулы туындылар болып табылады. 

Ш. Мұртазаның кең құлашты эпикалық шығармасы – мемлекет әрі қоғам қайраткері, тарихи тұлға Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін, ХХ ғасыр басындағы өтпелі кезеңнің қасіретті де тартысты шындығын бейнелеген «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романы .

Ш. Мұртазаның екі кітаптан тұратын «Ай мен Айша» роман-эссесі жазушының балалық шағы, басынан кешірген тағдыры туралы жазылған өмірбаяндық романға жатады.

 Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Есек саудасы», «Домалақ ана», т.б. драмалық шығармалары бар. Ш. Мұртаза аударма саласында да қомақты еңбек етіп, Ш. Айтматовтың «Қош, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида», Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы», Э. Эрискиннің «Марыкчан балалары», Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» шығармаларын қазақ тіліне аударған. 



Шері-жолбарыс.

Репрессия-мемлекет органдары қолданатын жазалау шаралары, жаза.

Интернат-оқушылар білім алып, жатаханасында тұрып оқитын орта мектеп.

Драма – шындықты айрықша тәсілдермен, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін жанр.

2. Берілетін тапсырмалар:

1-тапсырма. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/sherxan-murtaza-omiri-men-shyharmashylyhy

Сілтемеде берілген бейнежазбаны тыңдап немесе оқулықтағы 86-89 беттердегі Ш.Мұртазаға қатысты мәліметтерді оқып, дәптерлеріңізге

Ш.Мұртаза шығармаларын жанрға бөліп топтастырып жазыңыздар.

Үлгі:


Ш.Мұртаза





2-тапсырма

Ш.Мұртазаның «Сталинге хат» , «Жалғыз үйлік зілзала» пьесаларының жанрлық ерекшелігін салыстыра отырып анықтаңыз.




«Сталинге хат
»

«Жалғыз үйлік зілзала
»


Дескриптор

-композициялық ерекшелігіне байланысты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;

-оқиғаның шынайылығына байланысты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;

-кейіпкерлер жүйесіне қатысты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.




Рефлексия

  • Түйін сөз...

  • Мен үшін жаңалық ...

  • Мен үшін жұмбақ...


3. Кері байланыс:

  • Балалар, орындаған тапсырмаларыңызд электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасына жіберіңіздер.

Әзірлеуші: Оспанова Акбота Ахметжановна, № 152 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. (Алматы қаласы Білім Басқармасы ҚББЖТҒӘО қолдауымен)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет