Сабақтың нөмірі: 3 Сабақтың тақырыбы: Мәшинелік оқыту қағидалары Мақсаты оқушыға бағытталған



Pdf көрінісі
Дата06.02.2022
өлшемі376,34 Kb.
#80898
түріСабақ
Байланысты:
Жоспар Мәшинелік оқыту қағидалары
Ақпаратты шифрлау


Информатика 
пәні бойынша 11-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

тоқсан 
Сабақтың нөмірі: 3 
Сабақтың тақырыбы:
Мәшинелік оқыту қағидалары
Мақсаты (
оқушыға бағытталған
): 
мәшинелік оқытудың ерекшеліктері туралы түсіндіру 
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). 
Мәшинелік оқыту жасанды интеллектінің бір тармағы. Оның негізгі идеясы – 
компьютердің алдын ала жазылған алгоритмді қолданып, қана қоймай, өзінің алдына 
қойылған тапсырманы шешуді үйренуі. 
Мәшинелік оқыту өмірімізде кеңінен қолданылғандық-тан, күн санап өмірімізде 
орнығып келеді. Көлік кептелісін талдаудан бастап автокөлікті өзін-өзі басқаруға дейінгі 
міндеттердің бәрі өздігінен оқытатын мәшинелерге жүктелуде. Мәшинелік оқыту 
деректерді өңдеумен өте тығыз байланысты. 
Бізде өңдеуді қажет ететін қандай да шығу деректері болады, осы процестің 
нәтижесінде біз 
шығу 
деп аталатын жаңа деректерді аламыз (1-сурет). Мысалы, дәрігер 
емделушінің түр-әлпетіне, талдау нәтижелеріне (бұл деректер негіз болады), жинаған 
тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, аурудың қандай да бір белгілерін бақылайды, 
деректерді өңдеп, диагноз қояды.
1-
сурет 
Деректерді өңдеу бірнеше тәсілмен орындалуы мүмкін (2-сурет). Бірінші тәсіл – 
қолмен, яғни қандай да бір білімге сүйене отырып, біз қойылған сұраққа жауап береміз. 
Сәл күрделірек екінші тәсіл – осы деректерді талдайтын және шығатын ақпаратты беретін 
қандай да бір бағдарламаны жазу, бірақ бағдарламада білімімізге сүйенетін нақты 
алгоритм бар. Үшінші тәсіл – мәшинелік оқыту, ол алғашқы екі тәсілден ерекшеленеді. 
Мәшинелік оқыту – жасанды интеллектінің бір тармағы. Оның негізгі идеясы – 
компьютердің алдын ала жазылған алгоритмді пайдаланып қана қоймай, қойылған 
тапсырманы шешуді үйренуі. 
Мәшинелік оқытудың қалай жүзеге асырылатынын қарастырып көрелік (3-сурет). 
Бізде оқытатын кіру деректері және оқыту (үйренетін) жүйесі бар. 
2-
сурет 
3-
сурет 


«Мұғаліммен немесе мұғалімсіз оқыту» әдісі 
«Мұғалім» дегеніміз – адамның деректерді өңдеуге араласу идеясы. Мұндай 
оқытудың ерекшелігі – дерек-тер белгілі дұрыс жауап-тармен, яғни белгілермен 
берілуі. Жалпы заңдылық құрылатын кейбір оқыту іріктелімдері болады. 
Екі (және оданда көп) іріктемелерді салыстыру кезінде олардың тәуелділігі – 
маңызды параметр. Х іріктелімін-дегі бір жағдайға У іріктелімі ішінен тек бір жағдай 
сәйкес келетін болса және керісінше, осындай іріктемелер тәуелді деп аталады. Осы 
деректер негізінде тәуелділікті орнату (болжау үшін жарамды, модель құру) талап 
етіледі.
Егер сен мәшинені үйреткің келсе, бұл әдіс оңтайлы. Сен компьютерді үлкен оқыту 
деректер жиынтығымен таныстыра аласың және шығыста күтілетін нәтиже алынғанға 
дейін параметрлерді өзгерте аласың. 
«Мұғалімсіз оқыту» әдісі алдын ала белгісіз жауаптарды табу есебі тұрған кезде 
қолданылады. Модельде деректер жиынтығы бар, бірақ онымен не істеу керектігі 
туралы анық нұсқаулар жоқ. Жүйе пайдалы белгілерді алып, оларды талдай отырып, 
осы деректердегі заңдылықтарды өз бетінше табуға тырысады.
«Мұғалімсіз оқыту» әдісі көбіне негізгі алгоритм ретінде емес, деректерді талдау 
әдісі ретінде қолданылады. Мұғалімсіз оқытудың негізгі міндеттері Кластерлеу - 
нысандар жиынтығы, оларды топтастыру, ұқсас нысандар тобын табу керек.
  
 Жүйе өзі ұқсас нысандарды іздейді және оларды кластерлерге біріктіреді. 
Кластерлер санын алдын ала беруге немесе оны мәшинеге сеніп тапсыруға болады. 
Мәшине нысандардың ұқсастығын біз белгілеген белгілер бойынша анықтайды. Жүйе 
сипаттамалары жағынан өте ұқсас нысандарды бір санатқа біріктіреді. 
1.
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және 
т.б. нақты сілтеме беру). 
Арман-Пв, opiq.kz 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет