Сабақтың нөмірі: 4 Сабақтың тақырыбы: Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы Сабақтың мақсаты Білім алушылар



Дата10.12.2021
өлшемі113,89 Kb.
#78883
түріСабақ
Байланысты:
11.09.2020
11.09.2020

Физика пәні бойынша 10 сынып

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: 4

Сабақтың тақырыбы: Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы

Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:

  • Қисық сызықты қозғалыс туралы мәлімет беру

  • Қисықт сызықты қозғалысты сипаттайтын шамалармен танысу

  • Қисық сызықты қозғалыс теңдеулерін есеп шығару кезінде пайдалану

Дененің қисық сызықты трактория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады.

Дененің қисықсызықты траекторияның кез келеген нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы траекторияның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен бағытталады.

Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.

Айналу периоды секундпен өлшенеді. Айналу жиілігі Гц-пен өлшенеді

Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға

кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.

Өлшем бірлігі

Түзу сызықты қозғалыспен қатар траекториясы қисық болып келетін қозғалыстар да жиі кездеседі. Жердің Күнді айналуы, айналатын карусель,электронның ядроны айналып қозғалуы, т.с.с табиғаттағы, техникадағы денелер қоғалысы – қисық сызықты қозғалысқа жатады.

Қисық сызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларға: сызықтық жылдамдық, бұрыштық жылдамдық, центрге тартқыш үдеу, период, жиілік жатады.

Әрбір қисық сызықты қозғалысты радиусы R болатын шеңбердің бір бөлігі деп қарастыруға болады

Дененің шеңбер бойымен қозғалғандағы лездік жылдамдығын сызықтық жылдамдық деп атайды

ⱱ=2πr/T ( м/с)

ⱳ=ⱷ/t (рад/с) - бұрыштық жылдамдық деп аталады. Уақыт бірлігі ішінде дененің қанша градусқа бұрылғанын көрсетеді



- сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар арасындағы байланыс формуласы

ацт=ⱱ2/R – центрге тартқыш үдеу, (м/с2)



Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видео үзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/qisyqsyzyqty-qozhalys

Оқушыларға арналған тапсырмалар :

10 сын оқулығы, 19 бет, 1-жаттығу 5есеп шығару

Есептер жинағы бойынша есептер шығару

1. Электрқозғалтқыштың айналу периоды 0,5 с. Айналу жиілігі неге тең?

2. Диаметрі 16 см болатын барабан 0,4 м/с жылдамдықпен жүкті көтереді. Айналу жиілігі неге тең?



Қалыптастырушы бағалау

1. Бірқалыпты қозғалған поездың вагоннының жоғарғы полкасынан дене құлап қалды. Дененің қозғалысын сипатта

а) вагонмен салыстырғанда...................

б) жермен салыстырғанда..................

2. Сағаттың секундтық стрелкасы 1 минутта бір айналым жасайды. Стрелка радиусы 10 см. Есептеңіз:

а) стрелка ұшының бұрыштық жылдамдығын

б) сызықтық жылдамдығын

в) айналу жиілігін



г) центргетартқыш үдеуін

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет