Сабақтың өту барысы Білім алушыларды ұйымдастыру



Дата07.02.2022
өлшемі18,56 Kb.
#92535
түріСабақ
Байланысты:
(Қ) ортаның магниттік өтімділігі.пара,диа,ферромагниттік заттар
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, КОМБИНАЦИЯ ПРОФИЛЬНЫХ ПРЕДМЕТОВ, Айтыс өнері ҚМЖ, Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор, СРС-2 ББ, Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Сабақтың өту барысы
1. Білім алушыларды ұйымдастыру
-Студенттермен амандасу
-Студенттерді түгендеу
-Сабаққа назарын аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау
- Магнит өрісі қалай пайда болады?
- Магнит индукциясы дегеніміз не?
- Магнит ағыны дегеніміз не?
3. Жаңа тақырыпты меңгерту
Біртекті ортадағы В магнит өрісінің индукциясы модулі жағынан вакуумдағы магнит өрісінің индукциясынан неше есе өзгеше екенін көрсететін физикалық шама магниттік өтімділік деп аталады.

Магнит өтімділігі болатын заттар магнетиктер деп аталады.
Магнетиктер сыртқы магнит өрісінде магниттеледі. Заттардың магниттік қасиеттері атомдар мен олардың құрамына кіретін элементар бөлшектердің (электрондар, протондар, нейтрондар) магниттік қасиеттерімен анықталады. Протондар мен нейтрондардың магниттік қасиеттері электрондардың магниттік қасиеттерінен 1000 есе әлсіз екені тағайындалған. Сондықтан заттардың магниттік қасиеттерін атом құрамына кіретін электрондар анықтайды.
Электрондарда электр өрісі ғана емес, сонымен қатар өзіндік магнит өрісінің болуы оның басты қасиеттерінің бірі. Электрондардың өздік магнит өрісі спиндік (spin – айналу) деп аталады. Электрон ядроны айнала өзінің орбитальды қозғалысы нәтижесінде дөңгелек микротоктарға ұқсас магнит өрісін туғызады. Электрондардың спиндік және магниттік өрістері олардың орбита бойымен қозғалысынан туады да заттың магниттік қасиетінің кең спектрін анықтайды.
Заттар бір-бірімен магниттік қасиеттерімен ерекшеленеді. Көптеген заттарда бұл қасиеттер әлсіз. Әлсіз – магниттік заттар парамагнетиктер (мысалы, алюминий, платина, азот, оттек, вольфрам) және диамагнетиктер (мысалы, мыс, мырыш, висмут, шыны, инертті газдар, сутек, органикалық қосылыстар) деп аталатын екі үлкен топқа бөлінеді. Сыртқы магнит өрісіне кіргізгенде парамагнетиктер олардың өздік магнит өрісі сыртқы өріспен бағыттас болатындай магниттелсе, диамагнетик заттар сыртқы өріске қарсы магниттеледі.
Парамагнетиктерде , ал диамагнетиктерде , себебі
(парамагнетиктер үшін)
(диамагнетиктер үшін)
Мұндағы В0 - вакуумдегі сыртқы магнит өрісінің магнит индукциясы, В – заттағы сыртқы магнит өрісінің магнит индукциясы, ∆В – магниттелген дененің магнит индукциясы.
Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар ферромагнетиктер деп аталады. Олардың магнит өтімділігі 102 – 105 аралығында жатады. Мысалы, болатта μ = 8 000, темір мен никель қоспасында μ = 250 000. Ферромагнетиктер тобына 4 химиялық элемент жатады: темір, никель, кобальт, гадолиний. Олардың ішінде темірдің магнит өтімділігі жоғары. Сондықтан осы топ ферромагнетик деген атауға ие болған.
Ферромагниттік қасиеттер құрамында ферромагниттік элементтер бар әр түрлі қоспаларда да бар. Керамикалық ферромагниттік материал ферриттер техникада кең қолданылады. Ферриттер ток өткізбейтін қасиетімен ферромагнетиктерден ерекшеленеді.
Әрбір ферромагнетиктің Кюри температурасы (нүктесі) деп аталатын белгілі бір температурасы болады. Осы температурадан жоғары температурада ферромагниттік қасиеттер жойылып, зат парамагнетикке айналады. Темірдің Кюри температурасы 770ºС, кобальт үшін ол 1130ºС-қа тең, никельде 360ºС.


4. Жаңа тақырыпты пысықтау
Ауызша сұрақтар қою.
Магниттік өтімділік дегеніміз не?
Парамагнетик дегеніміз не?
Диамагнетик дегеніміз не?
Ферромагнетик дегеніміз не?
5. Үй тапсырма. Магнит өрісі туралы мәлімет жинақтау
6. Қорытынды. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет