Сабақтың тақырыбы : Ұұ дыбысы және әрпі



бет3/3
Дата08.07.2018
өлшемі0,68 Mb.
#48533
түріСабақ
1   2   3
 

 

     Үйге тапсырма беру:   Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 30.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы : Құрастыру реті мен жұмыс жоспары. Кішкентай құсты мүсіндеу.

Сабақтың мақсаты: Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілінмен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әд. т: Түсін. көрнекілік, демонстрациялық
Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілінмен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.


ІІІ. Жаңа сабақ:
Бұғының бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.Мұндай ойыншықтарды ермексаздан немесе саздан мүсіндеуге болады.

1-суреттегі ойыншықты дымковтық ойыншық деп атайды.


1) Бұғы бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.
2) Дайын болған ойыншықты бор ертіндісімен тегістеп сылаңдар.
3) Оған сүт араластырыңдар.
4) Ақ бояу мен ПВА желімін қосып ойыншықты бояуға болады.
5) Ойыншыққа лак жағыңдар.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту:
-Бұғы бұзауының мүйізі қандай?

-Қашақанның ше?

-Бұғы бұзауының әшекейіне назар аудар?
Ү.Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 31.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақ тақырыптары: Құрастыру реті мен жұмыс жоспары. Бауырсақ мүсіндеу.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «Бауырсақ » ертегісін оқып беру. Ермексаздан «Бауырсақ» ертегісінде кейіпкерді мүсіндеу арқылы оқушылардың қиялын дамыту. Ермексазбен жұмыс істеу барысында үнемділікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әд. т: Түсін. көрнекілік, демонстрациялық
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа даярлау.


ІІ. Үй тапсырмасы: Зымыранды құрастыруды аяқтау.

1. Ғарышқа ұшқан әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы айту.

2. Қазақстан ғарышкерлері туралы не біліп келдіңдер?
ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:- Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерін мүсіндеу деп аталады.

Оқушыларға «Бауырсақ » ертегісін оқып беру. Ермексаздан «Бауырсақ» ертегісінде кейіпкерді мүсіндеу арқылы оқушылардың қиялын дамыту. Ермексазбен жұмыс істеу барысында үнемділікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


IV. Жаңа сабақ:

Мұғалім бауырсақ ертегісін оқушыларға оқып береді.

- Оқушылар түсінгендерін, мазмұнын айтады.
V. Практикалық бөлім:

Ермексаздан Бауырсақты мүсіндеу

1. мүсіндеу жолдарын көрсету.

2. 50 беттегі сызба бойынша жұмыс.

3. Бауырсақты өз бетіңмен безендір.
VI. Қорытынды бөлім:

Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау.


VII. Үйге тапсырма беру:

«Бауырсақ » ертегісінің басқа да кейіпкерлерін мүсіндеп келу.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 31.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері

Адамдарға  кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын,

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

 

·        Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?



·        Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?

·     Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?

 

  

Әдептілік



Тұрсын мектептен көңiлсiз қайтты. Үн-түнсiз отырып, тамағын iштi. Бiр кезде:

– Апа, әлгi бiздiң көшенi сыпыратын атай ауруханаға түсiп қалыпты, – дедi.

– Ә, бұл бейнет дегенiң де тiлсiз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесiн жөндеймiн деп жүрiп, мертiгiптi. Өткен сенбiде екi-үш оқушы сарай төбесiнiң қара қағазын жыртып, iшiне түсiптi. Сарайдан сыпырғылар алса керек. Тентектер, өйтiп бүлдiргенше, сұрап алсашы.

Сөйтiп жүрiп апасы жұмысына жиналды.

– Апа, ұрыспайсыз ба? – дедi Тұрсын қипақтап.

– Не үшiн? Екiлiк алғаннан саумысың?

– Жоқ екiлiк емес. Одан да жаман ... мен де солардың ішінде болып едім... Айтайын дегенiм, аула сыпыратын  атайға барсам деймiн. Халiн бiлiп, кешiрiм сұрайын.

– Қап, әттеген-ай, балам. Ағаттық жасаған екенсіңдер. Сендердiң кешiрiм сұрағандарың дұрыс, атайдың жан жарасына себi тиер.

Апасы жұмысына кеттi.

Тұрсын аула сыпыратын қартқа барды.

– Бiр қателiк кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрiнен де қателiктерiңдi түсiне бiлгендерiң жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесiз болмас» деген, – дедi қарт.

 

·        Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?



·        Атай балалардың қылығын кешірді ме?

·        Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 27.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Буын

Сабақтың мақсаты:Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсінік беру. Біздің класс тақырыбына мәтін құрастыру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Буын дегеніміз не?

Буынның қандай түрлері болады?

Буындағы әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?


IV. Мақсат қою кезеңі

Біз білімді қайдан аламыз?

Суретпен жұмыс

Біздің класс тақырыбына әңгіме

Олай болса бүгінгі сабағымызда өзіміздің класс туралыәңгімелейміз
V. Жаңа тақырып

Мен екінші класта оқимын. Біздің класс өте әдемі, жарық, таза. Класс оқушылары білімді де өнерлі. Класта жиырма бес оқушы бар. Олардың он төрті қыз бала, он бірі ер бала. Біздер тоғызқұмалақ, би үйірмелеріне қатысамыз. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық шараларға белсене қатысамыз.


Өз бетімен жұмыс

Мәтіндегі сөйледегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу


VI. Жаңа материалды пысықтау
VII. Бекіту кезеңі

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 26.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы тізбек

Сабақтың мақсаты: Зейінді жаттықтыруға тапсырмалар орындау, көргенін есте сақтау арқылы орындауға үйрету. Логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау


ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

« Сәйкестікті тап» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру

Зейінді жаттықтыруға тапсырмалар орындау, көргенін есте сақтау арқылы орындауға үйрету. Логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.


ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.
Ширату

Қойдың иесі-........................Шопан ата

Ешкінің иесі-::::::::::::::::: Сексек ата

Жылқының иесі-....................Қамбар ата

Сиырдың иесі-........................Зеңгі баба

Түйенің иесі-............................Ойсыл қара


Ү. Жаңа білімді меңгерту
№ 1 Сөздерді мұқият тыңдау, ұ дыбысы бар сөздерді жазу.

Қаз, ұшақ түс, ұя, мысық, тау, алмұрт, балық, құлын, тымақ.


№2 Үстелдің үстінде қалам, қарындаш, сызғыш, кітап, дәптер, бор, газет, журнал жатыр. Сапар осы заттардың ішінен бір затты басқа затпен алмастырды. Сонда үстелдің үстінде журнал, сызғыш, кітап, күнделік, газет, дәптер, қалам,қарындаш жатты. Сапар қандай затты немен алмастырды?

Жауабы: Борды күнделікпен алмастырды.


Көңілді үзіліс.

Әжем жиі сауады,

Боз биені баяғы.

Сүті неткен көп еді,

Суалмай-ақ келеді.
№3 Кестеде 1 ден 20 ға дейінгі сандар жазылуы тиіс. Сан жиырма ал торкөз 16. Кестеде жазылмай қалған санды тап.

Жауабы: 5,7,18,20. 6,14,17,19 6,11,15,16
№4 суреттен 1,2,3,4 пішінднрді тауып, орналасуын түсіндіру.

А у қ т н ы р л д

Жауабы дуал- 9218

Анар – 1 5 1 6

Дана- 91 5 1

Көзге арналған жаттығулар.

Графикалық диктант

Бастапқы нүктеден1 тор қиялап солға жоғары, 2тор жоғары, 1 тор солға, 1 тор төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 3 тор қиялап солға төмен, 6тор оңға, 4тор төмен, 6 тор солға, 4тор жоғары. Үй


ҮІІ. Білімді бекіту

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 31.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қатесін тап

Сабақтың мақсаты: Есту арқылы жадында сақтай білуге үйрету.сайқымазақ бейнелеп тұрған сөздерді табу.ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Шыдамдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау


ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

Есту арқылы жадында сақтай білуге үйрету.сайқымазақ бейнелеп тұрған сөздерді табу.ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Шыдамдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.



ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.
Ширату

  1. Үстел үстіндегі балықтардың үйі. (Аквариум)

  2. Онсыз тамақтың дәмі жоқ. (Тұз)

  3. Аяқ киімнен жолда қалған таңба.(Із)

  4. Қыс мезгілінің үшінші айы. (Ақпан)

  5. Пияз аршысың көзіңнен не ағады? (Жас ағады)

  6. Құстың үйі. (Ұя)


Ү. Жаңа білімді меңгерту
№ 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу.

Сөздерді мұқият оқыңдар. Олардың заңдылығын анықтап, сәйкес сөздерді жазыңдар.


Үлгі: көпір-өзен уақыт-(сағат)

Аю- (апан) теңіз-(кеме)

Тақтай-(орындық) терезе-(әйнек)

Дәптер-(қалам) қар-(қыс)


№2 Сөздерді оқыңдар. Осы сөздерді оңнан солға қарай (кері) оқы. Қандай сөз пайда болды? Жаз

Қал-лақ қос-соқ

Қас-сақ қабақ-қабақ

Рат-тер салат-талас


Бой сергіту

Ал, балалар,тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға-оңға түзу тұр,

Солға-солға түзу тұр.

Жо,ары –төмен қарайық

Бойымызға күш жинап,

Бір тынығып алайық.


№3 Сайқымазақ бейнелеп тұрған әріптерді айт. Әр әріпке екі сөзден мысал келтіріп жаз.

Жауабы: Г-гүл,ертегі. Ф-фабрика,телефон. К-көрші,мемлекет.Х-хан, емхана. Я-қоян, ұялшақ. Р-рақымды,мейірімді. А- арғымақ,малақай. Т-тұлпар, шегіртке.
№4 Мұғалімді мұқият тыңдай отырып, тапсырманы орындаңдар.

Мұғалім әр тапсырманы бір рет оқиды. Оқушылар мұғалімнің айтқаны бойынша тапсырманы орындау тиіс. Балалар тарсырманы орындаған кезде көк, қызыл, сары, жасыл қарындаштар пайдаланады.

1. Шаршы мен үшбұрыштың ішіне көк қарындашпен нүкте қойыңдар.

2. Шаршының ішіне және үшбұрыштың сыртына жасыл қарындашпен нүкте қойыңдар.

3. Шаршының сыртына және үшбұрыштың ішіне сары қарындашпен нүкте қойыңдар.

4. Шаршы мен үшбұрыштың сыртына қызыл қарындашпен нүкте қойыңдар.



Көзге арналған жаттығулар.
ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру

Графикалық диктант

Бастапқы нүктеден1 тор қиялап солға төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 1 тор жоғары, 1 тор қиялап оңға төмен, 1 тор қиялап оңға жоғары, 4 тор төмен, 1 тор қиялап оңға жоғары, 2 тор жоғары, 1 тор оңға, 2 тор төмен,1 тор қиялап оңға төмен,5 тор жоғары, 1 тор қиялап оңға жоғары,2 тор төмен, 1 тор қиялап солға төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 1 тор солға, 1 тор қиялап төмен.


ҮІІ. Білімді бекіту

Логикалық тапсырмаларды орындату Оқушыларды мадақтау



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет