Сабақтың тақырыбы: § 8 Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі168,89 Kb.
#30826
түріСабақ
  1   2
Күні: 28.11.2014 жыл

Пәні: Информатика

Сыныбы: 8 «а», «б», «в»

Сабақтың тақырыбы: § 1.8-1.9. Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы
Мақсаты: Оқушылардың сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм типтері туралы білімдерін қалыптастыру. Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

Білімділік – оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:


  • Алгоритм жаза алады;

  • Сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритмдерді айырмашылығын біледі;

  • Топтасып, жұптасып оқуға үйренеді;

  • Өз бетімен оқуға үйренеді;

  • Өзін-өзі реттеу дағдысы қалыптасады;

  • Проблеманы анықтауда және шешуде ашық сұрақтарға жауап бере алады.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: біріккен сабақ (жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында)

Әдіс-тәсілдер: Оқыту жаңа әдіс-тәсілдері, бірлескен оқу, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау «ББТЗО» кестесі, интербелсенді оқыту , Көшбасшылық және АКТ-ны қолдану. Оқыту үшін бағалау. Өзін-өзі реттеу.

Құрал-жабдықтар: компьютер

Пәнаралық байланыс: математика, физика, химия, өмірден мысалдар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике».
Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Төрт топқа бөліп отырғызу




Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

«Сәйкестендіру»

5 мин

Сәйкестікті орындау:

Алгоритм

Алгоритм тіл

Программа

Алгоритм орындаушысы

Алгоритм тілі




Жауаптар:

1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.

3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.

4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.

5. Алгоритм тілі – бұл

алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.



Сәйкестендіру:

Математикалық өрнектерді есептеу
Есеп шығару жолын таңдау
Цикл басы (қайталау)
Нәтижені шығару, қағазға басу
Мәлімет енгізу (шығару)
Алгоритмнің басы, соңы
Қосылқы программаға кіру және шығу
Схеманың, формуланың түсініктемесі


Математикалық өрнектерді есептеу:


Есеп шығару жолын таңдау:


Цикл басы (қайталау):



Нәтижені шығару, қағазға басу:



Мәлімет енгізу (шығару):



Алгоритмнің басы, соңы:



Қосылқы программаға кіру және шығу:


Схеманың, формуланың түсініктемесі:


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.


15 мин

Топтарға алгоритм құрылымы бойынша тапсырмалар беру:

Сызықтық, тармақталу, қайталану алгоритмдері.
Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:

Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген

логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.


Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.




IV.Сергіту сәті.

2 мин

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.



V. Бекіту.

16 мин.

Логикалық тапсырмалар (тармақталу, сызықтық, қайталауалгоритмдеріне)


VI. Үй жұмысы

2 мин

Конспект оқу. 1.8-1.9

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

VII. Оқушыларды бағалау.

3 мин.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Сабақ аяқталды! Сау болындар!

Күнделіктеріне бағаны қойдырады.

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет