Сабақтың тақырыбы : Билік. Саяси билік. Сабақтың мақсаты : а білімдік



Дата25.08.2017
өлшемі66,12 Kb.
#26855
түріСабақ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И. ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

АБУОВА РАХИЯ ӘБІЛӘШҚЫЗЫ-қоғамдық пәндер циклының жоғары санаты оқытушысы

Саясаттану негіздері пәнінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Билік. Саяси билік.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік

  • Билік. Саяси билік жайлы , олардың функциялары мен құрылым

түрлерін, басқару формалары жайлы жалпы мағлұмат алады,

ҚР-дағы саяси билік жайлы толық мәлімет алады.

ә) тәрбиелік

-Оқушы бойында саяси саналылық

қалыптасады,патриоттық сана сезімге тәрбиеленеді;

-бірін-бірі сыйлауға баулынады;

- ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, тыңдауға,алмасуға үйренеді;

б) дамытушылық

-Жеке, ұжымдық, топтық, зерттеу және жобалау, талдау әдістерін

пайдалану барысында оқушылардың коммуникативті –ақпараттық

проблеманы шеше білу құзыреттілігі дамытылады;

-алынған ақпаратты дәл баяндай алады;


в) Сыни тұрғыдан ойлау

-ұсынылған ақпараттарға өз көзқарасын қалыптастырады, өз ойын

қосады.

Сабақтың түрі: Теориялық.Дамыта оқыту технологиясы бойынша

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Оқыту технологиялары:1. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі

оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде

берілмеуі.

2. Б. Блумның таксоманиясы (есте сақтау, түсіну,

қолдану, талдау, бағалау, құру)

Блум жүйесі

Дағдылары

Оқушы іс-әрекеті

1 .Білім

Қабылдайды, түсінеді, ойлайды

2. Түсінік

Түсінеді, көрсетеді, жазады

3. Қолдану

Жаңа проблема шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады

4. Анализ (талдау)

Салыстырмалы, ашады, талдайды,ойлайды, т.б.

5.Синтез (жинақтау)

Продуктивті, шығармашылық жұмыстар құрастырады

6. Баға (сыни баға)

Бағалайды, талқылайды. (Тақырыптың мазмұнына баға береді)


3.Ойындық оқыту технологиясы


Оқыту әдістері: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегиялары: «ой

шақыру, галереяны аралау,эссе, «insert», болжау т.б », «домино,

сайлау» ойындары, іздену, әңгіме-сұхбат, түсіндіру, өзіндік

жұмыс,жазу.



Сабақтың көрнекілігі және

техникалық жабдықталуы: Интерактивті тақта, интернет материалдары , баспасөз

материалдары, тақырыпқа сәйкес слайдтар,



Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әлем тарихы,
Сабақтың өмірмен байланысы:

1. Әлем елдеріндегі билік

2. «Мәңгілік ел» идеясы.

3. Күнделікті жаңалықтар


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

А) Аудиторияның сабаққа дайындығы

Б) Оқушылардың сабаққа қатысуы


Сабақта жасалатын әрекеттер:
Оқытушының сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлауы.

Сұрақ-жауап

Топқа бөліну

Интерактивті тақтамен, слайдпен жұмыс

Оқушылардың жұмысы

Сұхбатқа тартылу сұрақтары

Оқытушының сөзі

Бағалау, комментарий т:б



І фаза. Қызығушылықты ояту фазасы
Ой-шақыру әдісі: Оқушыға ой - шақыру мақсатында мынандай сұрақтар қоямын:

        1. Балалар, «билік» деген сөзді кім қалай түсінеді?

  1. Қандай билікке(кімге,неге) бағынасыңдар?

  2. Қолдарыңда қандай билік бар?


Сабақтың тақырыбын хабарлау және мақсатын айқындау.

Билік. Саяси-мемлекеттік билік.

Жоспары:

  1. Билік ұғымы, анықтамасы

  2. Саяси билік. Мемлекеттік биліктің тармақтары

А) Заң шығарушы билік

Б) Атқарушы билік

В) Соттық билік

3.ҚР-ғы мемлекеттік-саяси билік

4.Биліктің легитимдігі
ІІ фаза. Мағынаны тану фазасы
1.Әңгіме –сұхбат арқылы бірінші тақырыпша ауызша, көрнекіліктер арқылы түсіндіріледі.

2. Екінші тақырыпшаны өту үшін «Галереяны аралау» стратегиясы қолданылады.

А) Заң шығарушы билік

Б) Атқарушы билік

В) Соттық билік

«Әдіс ішіндегі әдіс» тәсілі бойынша «insert» cтратегиясының элементін пайдаланамын. Түртілген тұстарға оқытушының түсіндірмесі.



  1. Үшінші тақырыпшаны өту үшін оқушылар алдын-ала берілген тапсырма бойынша өздері дайындап келген материалдарымен таныстырады.

А) ҚР-ң Заң шығарушы билігі

Б) ҚР-ң Атқарушы билігі

В) ҚР-ғы Соттық билік

4.Төртінші тақырыпшаны өзім түсіндіріп шығамын.

Биліктің легитимдігі.
Жаңа тақырыпты қорытындылау

ІІІ фаза. Ой-толғаныс (рефлекция) фазасы
Жаңа тақырыпты пысықтау, бекітіу.

«Сайлау» ойынын ойнау: Қазақстан Республикасының Парламенті-Заң шығарушы билігі қалай қалыптасады? (Сайлау әрекеттерін ойнау арқылы праламенттің қалай қалыптасатыны пысықталады.) Ойынға барлығы қатысады.

«Домино» ойыны бойынша «ҚР-ң Үкіметіне кірмейтін органдар» кестесін толтыру. 3 топ жылдамдыққа.

Қосымша сұрақтар

Сабақты оқытушының қорытындылауы

Оқытушының түрлі материалмен, баспасөз материалдарымен, түрлі қосымша және саяси әдебиеттермен, слайдтармен қорытындылауы .


Көрнекіліктермен жұмыс, оқушылардың өзіндік жұмыстарымен жұмыс.
Сабаққа белсене қатысқан, құнды материалдар жинап, өз ойын толық жеткізе білген келген оқушылар бағаланып, комментарий беріледі.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, толықтыру. Саяси шолу «Әлем өткен аптада»




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет