Сабақтың тақырыбы : Ә. Тәжібаев «Портреттер»



Дата02.02.2017
өлшемі64,71 Kb.
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

35-сабақ. Сыныбы -11 Пәні - қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Портреттер» поэмасы

Сабақтың мақсаты: Әбілда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыра отырып, «Портреттер» поэмасын мен «Монологтер» драмасы туралы түсінік беру.

Дамытушылық : Тақырыпқа байланысты әр түрлі сұрақтар қоя отырып оқушылардың оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік : Туған жерді,елді сүюге,ынтымақтастықты дәріптеу. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.

Табыстылық критерийлері: қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы туралы білім алып, бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады.

Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «Кім жылдам?», композициялық құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Ресурстар: флипчарт, үлестірме қағаздар, стикер, хрестоматиялық оқулық

Сабақтың барысы:





Сабақтың кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі




Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, топқа бөлінеді.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау




1.Қасымның майдан жырларының тақырыбы мен көркемдік сипатын талдаңдар.

2. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының жазылуы мен бейнелеу тәсілдерін, көркемдік ерекшелігін талдаңдар.



Жоғары дәрежелі сұрақтар қоя алады, өзгенің сұрағына белсенді жауап береді.

ІІІ

Қызғушылықты ояту




Кім жылдам?

Жазса Тарас

Еділді

Жазса Пушкин

жырламасқа

Неге маған

менің анам

Сырда туған

Днепрді

Ел анасы

сұлу өзені

Сырдың

елімді

Қуан ана!

Жырлар кезегі

Келді

Ақыныңның




Өлеңнің жалғасын шапшаңдықпен табады. Төменгі сыныпта өткен өлеңді еске түсіреді.




Жаңа сабақ




«Әбділда тудырған шығармалардың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер. Екіншісі – поэмалар. Үшінші саласы – пьесалар болады» М.Әуезов.

Ә. Тәжібаев ХХ ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқандардың бірі, сыр елінің саңылақ ұлы.Ақынның еңбектерін үлкен 3 салаға бөліп қарастыруға болады.



Жаңа тақырып мәтінін мұқият оқып шығады, өзіндік ой түйіндеулер айтады.

ІҮ

Жаңа сабақты меңгерту




Композициялық құрлысына талдау.

Оқиғаның басталуы:лирикалық кейіпкердің отбасының ауыр тұрмыстық жағдайы.

Оқиғаның байланысы,өрбуі:бақытты балалық шағы,отбасының бақытты сәттері.

Оқиғаның шиеленісуі:әкесінің жан түршігерлік күйі,сағатын беріп жатыпғайтұан ақырғы сөзі.

Оқиғаның шарықтау шегі:есейіп ер жеткен ағасының еткен еңбегі мен оның да мезгілсіз өлімі, одан кейінгі өзінің қызықты отбасылық өмірі, көп ұзамай қарындасының соғысқа кетіп,одан да көз жазып қалуы.

Оқиғаның шешімі:әкеден мұра болып,өмірдің тоқтаусыз өтіп жатқанын көрсетіп тұрған шойын сағатты кейіпкердің өзі өлгеннен кейін,келешек ұрпаққа қалатыны. Жалпы күрескер ұрпақтардың төгілген қанымен келген өмірді сақтауға,қадірлеуге үйретуі.

Поэманы композициялық құрылысына қарай талдау

Ү


Жинақтау





  «Портреттер» поэмасының тіл ерекшелігі.

Теңеулер

Эпитеттер

Метафоралар

Алақандай,баспанаңдай,көк шөптей,мысықша,жапырақтай,

қаңбақтай,теңіздей,жұлдыздай,

жұмбақтай


Ақ шаңдақ көк аспан,үрей боран қап-қара түн,шойын сағат,қара бұйрат бұлт,

Жүздері суық,көңілі кірсіз,көзі мұңсыз,

Кірме сөздер:лампа,паравоз,музыка,вагон,бомба,семья,Джульетта мен Ромео,грим,сахна,почта.

Монолог-шығармада бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі.Монолог негізгі кейіпкердің сезімін,көңіл күйін,ойын білдіріп,сахнаға шығуын да дайындайды.«Монологтер» сахналық поэма болып табылады.

Қатысушылар:ақын,уақыт,революционер ақын С.Сейфуллин.

Ақын мен уақыт арасындағы тартысты айтыс түрінде.Соңында Сәкен монологы.

«Ол – әдебиеттің тынысын тарылтқан небір қиын кезеңдерде «шындық» деп жаны шырқыраған, ұлт перзентінің намысты сөзін айта білген, ақиқат туын қолдан түсірмеген, жаратылыстан қайсар мінезді, адал ер азамат еді.

Әбділда Тәжібаев – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі»

Рахманқұл Бердібаев

 

Шығармашылық жұмыс.

Р.Бердібаевтың пікірін ескере отырып, «Ә.Тәжібаев поэзиясы туралы ойларым» тақырыбында эссе жазу.


Ақынның тіл шеберлігін анықтайды.

Ақын туралы ой толғаныс жазады.



ҮІ

Сабақты бекіту




«Топтастыру» стратегиясы

1.Лирик ақын

2.Мықты драматург

3.Поэманың хас шебері

4.Әдебиеттанушы

5. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы

6.Қоғам қайраткері


Стратегияны мұқият орындайды.


ҮІІ

Үйге тапсырма:




Поэмадан үзінді жаттау

Оқушылар тапсырманы түсініп, белгілеп алады.

ҮІІІ

Кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек"






Оқушыларға сабақтағы әрекеттерге баға беруді сұрайды.

Сабақтағы оқушылардың әрекетіне талдау жасайды.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет