Сабақтың тақырыбы : Етістік 360-364 жаттығу



Дата01.05.2017
өлшемі44.26 Kb.
түріСабақ
Күні: . 09. 2015 ж. Пәні: қазақ тілі Сынып 8 « » Сабақ реті____25__

Сабақтың тақырыбы: Етістік 360-364 - жаттығу

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы түсінік беру,

сын есім,сан есім,зат есім,етістік – сөз таптары екенін дәлелдей отырып, етістік жайлы


түсіндіру, сөз таптарын ажырата білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету;
2.Тәрбиелік:Оқушыларды оқу - білім үйренуге, әдепті болуға, ізденімпаздыққа,

ұқыптылыққа, сыйластыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу

3. Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылығын, сөз байлығын, ойлау және



шығармашылық қабілеттерін мәдениетін, ойларын, зейіні мен танымдық

қабілеттерін, қызығушылығын дамыту

4. Жаңа технология:дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту, іс-

әрекетті бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту,

саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар

арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту

технологиясы, ақпараттық технологиялар

5. Техникалық құралдар түрлері:____________________________



Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы,

қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы, бекіту сабағы



Сабақтың түрі: сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы, әңгімелесу,

сырттай саяхат сабағы, аралас сабақ



Сабақтың әдісі: 1. Иллюстрациялық түсіндіру: Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция,

семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу

2. Репродуктивті әдіс: Білім – білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы

білімді белсенді игерту.

3. Зерттеу әдісі: Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі,

оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі

материалдармен жұмыс.

4.Эвристикалық әдіс: Ішінара ізденгіштік әдіс,оқушылар мақсатты немесе

міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.

5. Мақсатты әдіс: Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын

көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:


  1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

  2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

  3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

  4. Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: суреттер, кестелер

Пәнаралаық байланыс: әдебиеттік оқу

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

  3. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі

  4. Сабаққа мақсат қою

  5. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

  6. Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі

  7. Оқушылардың білімін бағалау

  8. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық. Оқушыларды қазақ тілі сабағына даярлау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 359 - жаттығу,
ІІІ Өтілген материалды пысықтау. "Тез ойла, сөз ойла"
Не? ... қоздайды. ... құлындайды. ... лақтайды. ... боталайды. ... бұзаулайды
Кім? ... емдейді. ... оқытады. ... ұшады. ... тігеді. ... жазады.
Сәйкестендіру. Адасқан сөздерді орнына қой.
Арыстан боздайды
Түйе ақырады
Жылқы маңырайды
Қой мөңірейді
Аю бақырады
Сиыр кісінейді

ІҮ Жаңа сабақты түсіндіру.
Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді - етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.

Ү Жаңа сабақты бекіту.
360 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен етістіктерді тап.
Көру диктанты
1-топ. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2-топ. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
3-топ. Түнде жортады, Жарықтан қорқады. (Үкі)
Сергіту сәті: Ормандағы аю, қонжық,
Ұялардан бал іздейді
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды,
Ағаштарды шайқап көрді
Қуанғаннан билей берді.
Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап.
362 - жаттығу. Оқы. Етістіктерді қойылған сұрағына қарай екіге топтап жаз. Етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.

Не істеді?

Не істейді?

Шығармашылық тапсырма. 363 – жаттығу. Ұйқасын тап. Арыстан туралы ертегі құрастыр.


Өзіндік жұмыс Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.

1-топ. Қонды, жауды


2-топ. Жүзді, тасыды.
3- топ. Жарқырады, түсті.
Сабақты қорыту:

1. Қандай сөз таптарын білесіңдер?

2. Зат есім дегеніміз не?

3. Зат есімнің түрлері.

4. Жалқы есім деген не?

5. Жалпы есім деген не?


6. Етістік деген не?

7. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?



Үйге тапсырма: Сөйлемдер құрап, талдап келу. Ереже жаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 0e16
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e16 -> Информатика пәнін бастауыш сыныпта оқытуда жаңа технологияларды пайдалану


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет