Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай Сабақтың мақсаты



бет3/12
Дата06.07.2018
өлшемі0,9 Mb.
#47976
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кітаппен жұмыс: Шоқанның шығармаларын оқып,талдау жасайды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Шоқан Уалиханов туралы не білесің?

  2. Ш.Уалиханов өмір сүрген шақтағы қоғам туралы,қазақ елі туралы не айтасың?

  3. Ш.Уалихановты не себепті аққан жұлдыз деді?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбына шығарма жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Шоқанның Қашқарияға сапары / 11-сынып/

Сабақтың мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын тарихи деректермен толықтырып түсіндіру, оны жан-жақты салада еңбек еткен ғалым ретінде таныту, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, зерттеуге дағдыландыру, ізденпаздық қасиеттерін дамыту, Шоқанның бойындағы алғырлық, зеректілік, білімге деген құшталық сияқты қасиеттерді оқушылардың санасына ұялату.
Сабақтың көрінекілігі:мультимедиялық құралдар, «Лики Евразии» филімінен үзінді, интерактивті тақта, оқушылардың жұмысы.
Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі / сабақтың мақсаты мен міндеттері , сабақтың барысы таныстырылады/

ІІ Сәлеметсіңдер ме , балалар! Бүгінгі сабағымыз Шоқан Уәлихановқа арналады. Үйге әр топқа Шоқанның өмірі мен шығармашылығына байланысты тапсырмалар берілген:

І топқа Шоқанның өмірі

ІІ топқа Шоқанның еңбектері

ІІІ топқа Шоқанды Семеймен байланыстыру

/ Әр топ өз жұмыстарын ортаға салады, басқа оқушылар өздеріне керекті деректерді дәптерлеріне жазып отырады. Әр топ өз жұмыстарын POWER POINT бағдарламасымен дайындады./


  • Жақсы, балалар. Көп ізденіп, көптеген жаңа ақпарат тауыпсыңдар. Осы материалды дайындауда Шоқанға байланысты зерттелмеген, ашық қалған сұрақтар бар ма? / әр топ өз тақырыбы бойынша ойларын ортаға салады/

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шоқанның Қашқарияға сапары. Өздеріңе белгілі 21 жасында Шоқан өзінің әйгілі Қашқария сапарына барады.Шоқанға дейін бұл елге Марко Поло мен Гоестен ғана барған. Қазір осы сапар туралы бейнетаспадан үзінді көрейік/7 минуттық « Лики Евразии» 4 эпизодтан үзінді көрсетіледі/

  • Осы сапардан келген соң , Шоқан бірнеше еңбектер жазады. Соның бірі

  • «Алтышаһар немесе Қашқария туралы» Сендерге осы еңбектен үзінді беріп отырмын.

Алтышаһар немесе Қашқария туралы./ 3 слайд/

Қашқария-үш жағы бірдей биік тау жоталарымен қоршалған, төртінші-шығыс жағы Гоби даласымен ұласып жатқан құмды сахара. Шекаралық тау жоталарының ішінде жол қатынасына қолайлысы Тянь- Шань.

Бұл тау арқылы үш жол өтеді.

Таудан талай өзен ағып шығады.Осы өзендер болмаса, бұл құлазыған құнарсыз жерлер адам мекені бола алмас еді.

Қытайдан Қашқарияға келетін жалғыз-ақ жол бар. Ол бір жақсы өңделген жол және оның бойындағы елсіз жерлерде почта тасу міндетін атқаруға тиісті қашқарлықтар мекендейді.

Ауа райы жақсы, жергілікті адамдарға оның таза ауасы қандай жақса, шетелдіктерге де сондай жағады. Қысы ұзақ болмайды, қары көп жатпайды.

Өлкенің минералдық байлықтары аз зерттелген, әйтсе де алтын және мыс кендері бар екенін аңғартқандай белгілер кездеседі.

Бұл елде жүзім, мақта, астық және бақша өсімдіктері егіледі.

«Алтышаһар» халқының санын анықтау мүмкін емес.Қытайлардың қала деп санап жүрген ең үлкен қыстақтарының өзінде халық саны өте аз. Қашқар округының ең үлкен қыстақтары Файзабад пен Ханрықта небәрі 2 мыңға жуық үй бар.

Қашқарлықтар мейірбан әрі бауырмал, жарқын мінезді, еңбекқор және мейлінше сыпайыгер халық.



Мәтінмен жұмыс

  1. Оқу, аудару, қиын сөздермен жұмыс

  2. Осы мәтінге жоспар құрыңдар.

  3. Сұрақ: Берілген үзіндіде Шоқан сендерге қандай жаңа қырынан көрінді? Шоқанның бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Дәптермен жұмыс

1 Құрмалас сөйлемді теріп жазыңдар / интерактивті тақтада талдау/

ІІІ Топпен жұмыс. Әр топқа келесі тапсырмалар беріледі:


  • Қашқария мен сол кездегі Қазақстанды салыстыр

  • Қашқарияға барар кезде Шоқанның алдында қандай қиындықтар болды деп ойлайсыңдар?

  • Қашқария сапары несімен құнды?

/ әр топ өз жұмысын қорғайды/

Мұғалімнің сөзі

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда біз сендермен халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышы, ғылымның барлық саласында еңбектер, пікірлер қалдырған Шоқан Уәлиханов туралы өттік. Шоқанның өмірі, оның бойындағы алғырлық, зеректілік, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі сендерге үлгі - өнегі болуы тиіс. Бұқар жырау «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»дегендей Шоқанның мұралары әлі күнге дейін халықтың жүрегінде сақтаулы, әлде сақтала бермек.

Үйге:Шоқан туралы нақыл сөздер.

Күні: 28.11.15 Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың мақсаты : а) Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру

ә) оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру

б) адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.



Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", - деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

Топтастыру:

өлеңдері әңгімелері




Аудармалары мақалалары
Кітаппен жұмыс: Ыбырай шығармаларын оқып,талдау жасайды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын оқып келу.

Күні: 5.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин

«Қазақ хрестоматиясы»

Сабақтың мақсаты : а) Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнынына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)

Сабақтың көрнекілігі:, бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих , еңбек

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. «Аквариумдегі балықтар» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын және жекелеген оқушылардан толық жауап беруін талап етемін.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі –оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым», - деп жазады.

Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.

Топ оқушыларына жаңа сабақ бойынша тапсырмалар беремін.


Кітаппен жұмыс: «Қазақ хрестоматиясындағы» шығармаларын оқып, талдау жасайды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Қазақ хрестоматиясы» қазақ білімі үшін не берді?

  2. Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында ағартушы ғалым болып қалыптасуына не себеп болды деп ойлайсың?

  3. Ы.Алтынсарин шығармаларында табиғат лирикасының ерекшелігі қандай?

  4. Ы.Алтынсарин еңбегінің мәні,қазақ әдебиетіндегі алар орны, бағасы қандай деп ойлайсыңдар?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Ыбырай-аудармашы» атты тақырыпта реферат жазып келу.

Күні: 30,1.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: Шығарма

Сабақтың мақсаты:

а) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;


ә) мәнерлеп оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүбге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б..

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.


Жоспар - өте күрделі жұмыс.Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті
тақырыпты, туындыны, оның идеясын,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай
етіліп жасалуы тиіс.
Оқушы шығарманың талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да
байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс, жүйелі жасауға үйретіледі.
Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты, мәселе мен
туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты. Сондықтан
шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын
қаншалықты білетінін, оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма
жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.
Қорытынды бөлім – оқушы шығармасының түйінді өзегі.Мұнда оқушы сөз етіп отырған
тақырыптан алған әсерін, тілек мақсатын жазушы я шығарма, тақырып немесе мәселе
туралы пікірін білдіреді.
Үйге тапсырма: Өткен сабақты қайталап келу.

Күні: 30.11.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин

әңгімелері

Сабақтың мақсаты : а) Ы.Алтынсариннің әңгімелеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнынына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)

Сабақтың көрнекілігі:, бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих , еңбек

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің мазмұны адамгершілікке, кісілікке,талаптылыққа, өнерге,еңбекке оқу-білімге,достыққа т.б жақсы қасиеттерге шақырады. Жақсылыққа жақын болып,жамандықтан ада болуға үйретеді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген шағын әңгімі-новеллаларының тақырыбын еңбек, тәрбие, өнер деп шартты түрде бөлуге болады

.

Әңгімелері: «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Әділдік», «Әке мен бала», «Ақымақ дос», « Жамандос,» «Таза бұлақ», «Әдеп», «Алтын айдар» т.б

Кітаппен жұмыс: «Қазақ хрестоматиясындағы» шығармаларын оқып,талдау жасайды.

Іnsert : Таблицаны толтырады.


Не білетін едім

Не үйрендім

Нені білгім келеді











Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


  1. «Қазақ хрестоматиясы» қазақ білімі үшін не берді?

  2. Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында ағартушы ғалым болып қалыптасуына не себеп болды деп ойлайсың?

  3. Ы.Алтынсарин шығармаларында табиғат лирикасының ерекшелігі қандай?

  4. Ы.Алтынсарин еңбегінің мәні,қазақ әдебиетіндегі алар орны,бағасы қандай деп ойлайсыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: әңгімелерін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Cабақтың тақырыбы : «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»

(Х сынып,Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйел-ана тақырыбы)

Сабақтың мақсаты: білім беру – романдағы әйелдер бейнесін ашу;танымдық – Абайдың әйел-ана,қыз-тағдыр,махаббаттағы ізгілік идеясын үлгі ету; тәрбиелік – оқушыға Абайдың адамгершілік,имандылық қағидаларын өмірлік ұстаным етуге бағыт беру.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ,СТО технологиясы.

Көрнекілік:Абайдың портреті,иллюстративті түрлі түсті таблицалар,техникалық деректі суреттемелер.

Пайдаланылатын оқулық,көмекші құрал: М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы; «Жарқ етпес қара көңілім ...»

(Абайдың өлеңдер жинағы); Светқали Нұржанов «Таң қауызын жарғанда» өлеңдер жинағы. «Қазақтың би-шешендері» жинағы.



Сабақтың өту кезеңдері.

І.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасамын.Көңіл күйлеріне,кабинеттің бүгінгі сабаққа дайындығына көңіл аударамын.Оқушыларды түгендеймін.

Светқали ақынның жаңа жыр жинағындағы Абай ұлылығын паш ететін тұстарын атап көрсетемін.



ІІ.Өткен сабақ тапсырмаларын тексеру үшін бірнеше оқушыға кеспе карточкалар таратып,сабақ барысында жауап алатынымды ескертемін.Ал бүгінгі талдау сабағы күрделі болатындықтан бірден жаңа сабақ материалына кіріспе жасаймын.

ІІІ.Бүгінгі сабақ тақырыбын тақтаға жазып көрсетемін.

Бұл тақырып ұлтымыздың әр заман талқысынан өтіп,қазір әйел-аналарымыз қоғамдық дамуда өз биік орын алып отырғанын естеріне сала кетемін.Ауыз әдебиетінің де небір үлгілері бұған соқпай өтпейді.

Бірде Орта жүздегі аржас Шорман төренің баласы Мұса бір топ кісімен атақты Саққұлақ бимен амандасқалы келе жатып,жанындағыларды сынау үшін мынадай бір сұрақ қойыпты:

Ағат деген немене?

Сағат деген немене?

Қанат деген немене?

Жанат деген немене?

Ханым деген немене?

Қасындағылар ананы айтып,мынаны айтып,бидің көңілін таба алмапты.Олардың жауаптарына көңілі толмай келе жатқан Мұса осының мәнісін өздері амандаса келген атақты би Саққұлақтан сұрапты Сонда «Арғынның ағасы» атанған қарт би былай деген екен:

Екі кісі ұрысса –

Ағат емей немене?! Тоқтышақтың терісі

Екі жақсы сөйлессе – Тоңдырмаса суыққа -

Сағат емей немене?! Жанат емей немене?!

Мінген атың болдырмай, Адал болса алған жар -

Мәре жерге жеткізсе – Ханым емей немене?!

Қанат емей немене?! Жайлы болса мінезі -

Жаның емей немене?!

Жесір дауында Ақтайлақ би қорлық көрген қыз баланың тағдырына ара түсіп,оның бас бостандығын былай қорғаған екен:

Жақсы туған қыз бала

Батыр туған ұлмен тең ...

Сатылса малға қарындас –

Есікте жүрген күңмен тең.

Жабырқап көңілі ашылмай,

Қараңғы болар түнмен тең.

Көз жасын көрер пенде жоқ,

Қайғының дерті умен тең.

Еркі өзінде болса,

Мына отырған қарындас

Болар енді кіммен тең?!

Осылайша шындыққа жұрттың бәрінің еріксіз басын игізіп мойындатқан бидің айтқыштығынан қыз бала басына азаттық алған екен.

Қазақ халқы қыз сұлулығын әуелден-ақ жырға қосқан.

Бет ажарын қарасаң –

Жазғы түскен сағымдай.

Ет ажарын қарасаң –

Терісінен айырған

Арпа- бидай ақ ұндай ...

«Қалқатай отыр ма екен,жатыр ма екен

Аққудай көл шайқаған аппақ болып!..»

«Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз».

Осылайша өткенге оралып,ұлтымыздың Әйел-Ана тақырыбына әуелден-ақ бей-жай қарамағанын дәлел етемін.

IV. Хрестоматиядағы Абайдың Тоғжанмен ең алғаш Сүйіндікті мекені – Түйеөркеш жеріндегі кездесуі туралы баяндайтын тұстарын тапқызып,оқытамын(245249-беттер).Тоғжан портретін өзім мәнерлеп оқып беремін. «Портрет», «мінездеме», «пейзаж» ұғымдары бойынша сұрақтарға жауап алып,теориялық білімдерін пысықтаймын.

V. Оқушыларға берілген кеспе карточкаларға жауаптар алынады.

- Абайдың Абай болуына әсер еткен өмірлік үш «көзі» қандай еді?

- Абайдың өз әкесі құнанбайға деген көзқарасы қандай болды?

- Абай үлкендер алдында әдепті болуды кімнен үйренді?

(Әжесі мен анасы Ұлжан тағлымы.)

- Абай өз өлеңдерінде көп сынаған қазақтың бойына сіңген мінездері.



«Абай жолы» романы бойынша өткен сабақтарды еске ала отырып,тақтаға Венн диаграммасы бойнша талдау жасатамын. (Ескерту.Төмендегі жауаптарды оқушылар жетекші сұрқтарға жауап бере отырып,өздері тауып талдайды.)

Осыдан барып Абайдың мәңгілік махаббат тақырыбы өзінің қолы жетпей кеткен ғашығы – Тоғжанға арналу себебі ашылмақ.Ғашығы мен әке таңдауымен алған жарына деген қарым-қатынас сыры Абай көзімен,жазушы шеберлігімен ашылады. (Бүгінгі сабақ тақырыбына айналып отырған Абайдың осы аттас өлеңін өзім әнмен орындап беремін.)

Романдағы басқа да әйелдер бейнесін ашу үшін әр тұстан түрлі іс-әрекеттерінен үзінділер оқылады.Содан барып дәптерге әр оқушы кейіпкер әйел-аналарға қысқаша сипаттама жазу тапсырмасы беріледі.Мысалға оқушылар тапсырманы мынадай үлгіде жазып шығады.


Каталог: kopilka
kopilka -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
kopilka -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Қадыр Мырзалиев "Ана"
kopilka -> Тақырыптың туындау себептері
kopilka -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
kopilka -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
kopilka -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
kopilka -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
kopilka -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет