Сабақтың атауы Шоқанның өмірі мен шығармашылығы Мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі25,59 Kb.
#43595
түріСабақ

Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Сыныбы: 10

Мұғалімі: К.Қалдыбаева

Сабақтың атауы

Шоқанның өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты

Білімділік: Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, көп қырлы ғалым екенін дәлелдеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденушілік қабілетін ұштау, тұжырымды пікір айтуға үйрету.
Тәрбиелік: Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды саналылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ғылымға құштарлығын арттыру.
Сабақтың типі: білімді жинақтау, қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі: шығармашылық зерттеу сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегия элементтері, топтық жұмыс, зерттеу, саралау, талдау, «Фишбоун» әдісі
Сабақтың көрнекілігі: слайд – кестелер, альбом, қосымша әдебиеттер көрмесі.
Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, география, сурет, этнография, өнер

Топқа бөлу

Ұлттық дәстүрлер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Менің көңіл - күйім» жаттығуы арқылы психологиялық ахуалды қалыптастыру

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



Шын жүректен шыққан сөз (Шоқан туралы пікірлер)
Бізге мәлім деректер (Шоқанның өмірі мен еңбек жолы)
«Сандар сөйлейді» стратегиясы
Мұны білген жөн. (қосымша деректермен жұмыс)
«Шоқан - саяхатшы және географ»
«Шоқан - фольклорист ғалым»
«Шоқан Уәлиханов - әдебиетші ғалым»
Шоқан салған суреттер
Шоқан және оның орыс достары
Шоқан жайлы толғаныстар (эссе, өлең, ой - толғау)
Жарнама (Ш. Уәлиханов туралы жазылған шығармаларға жарнама)
«Шоқан Қазақстан өнерінде» ( Театр, кино, кескіндеме, мүсін)

«Ыстық орындық» стратегиясы (сабақ туралы пікірлер)



Мағынаны тану

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов



Туған кездегі есімі:

Мұхамедқанафия

Қызметі:

шығыстанушы, тарихшы,фольклоршы, географ

Туған күні:

1835 жыл

Туған жері:

Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Құсмұрын жері

Ұлты:

қазақ

Қайтыс болған күні:

10 сәуір 1865

Қайтыс болған жері:

Көшентоған, Жетісу

Әкесі:

Шыңғыс Уәлиханов

Анасы:

Зейнеп Шорманова

Жұбайы:

Айсары Уәлиханова

Балалары:

жоқ




Ой толғаныс

Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан,Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша сауатын ашады. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.

Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады.


I топқа: Шоқанның Қытай туралы пікірлері

II топқа:Шоқанның Қашқарға сапары

III топқа:Шоқанның суретшілік өнері

Әр топ берілген тапсырманы «Фишбоун» әдісі арқылы орындау керек




Рефлексия

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады

Үйге тапсырма

«Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбында эссе жазу

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет