Сабақтың тақырыбы : Ы. Алтынсарин тағылымы. Сабақтың мақсаты



бет3/5
Дата14.12.2021
өлшемі19,49 Kb.
#126887
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ы.алтынсарин сыныптан тыс
Масғұт, Гажайып ағаштар, 10 сынып, олқылық жоспар, ы.алтынсарин сыныптан тыс
Мұғалім:

Ыбырай ата-қазақ балалар әдебиетінің атасы, қазақ мәдениетінің зор қайраткері, жазушы, тұңғыш қазақ мектебін ашушы, кемеңгер ақын, өнер-білімнің жалынды жаршысы, ғалым,халық қомқоршысы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, өнегелі ұстаз, ұлы педагог, халық мақтанышы, аудармашы, энограф, фольклоршы, ағартушы-ұстаз, озық ойлы, ұшқыр қиялды, шешен тілді өнерпаз.«Ыбырай-қазақ балалар әдебиетінің атасы» дейміз, ендеше сынып оқушылары дайындаған көріністерге кезек берейік.



Отбасы тәрбиесі, негізгі тірек –ана, әке».

Осы ойымыздың дұрыстығын таныту үшін сіздерге отбасы тәрбиесі шын мәнісінде көрініс беретін мына шығармаларынан көрініс көрейік.

6 «А» сынып- «Бақша ағаштары»

«Бір уыс мақта»

Әке мен ана –баланы өмірге әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, баланы жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін бас ұстазы екен.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»



Тіршілік тірегі-еңбек.

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б.

8 «ә» сынып «Әке мен бала»

9 «А» сынып «Бай баласы мен жарлы баласы»


Тәрбие басы –тал бесік.

Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай  шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған, көрген адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.

8 «А» сынып «Асыл шөп», «Талаптың пайдасы»

Зияткерлік тест

Шашылған сөздерден сөйлем құра.Қай шығармадан алынған?

А) ауырды,жәшігім,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. (Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.)

Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. (Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.)

Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.)

В) Жанды-жансыздардың болмайды керексізі жаратылған дүниедегі ешқайсысының (Дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының керексізі болмайды)

Шығарма аты мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендір.

Өзен

Мына сүрлеу, бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен-малдың жас тезегі бар.

Бір уыс мақта

Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?

Асыл шөп

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған...



Бай баласы мен жарлы баласы

Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас;

Бақша ағаштары

-Әй, ондай болса шөбіңнің атын айытшы, мен де ауырымды жеңілдетейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет