Сабақтың тақырыбы : Жобалық іс-әрекет. Жекеменшік сайт жасау. Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата13.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#13718
түріСабақ
1   2   3

Класы: 11 «Б» Күні: 12.11.2015ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Деректерді ұсыну пішіні (кестелер, сұраныстар, есептер).

Сабақтың мақсаты: деректерді ұсыну әдістерін, кестелерде орналасу түрін, сұраныс жасау, есептеулер жүргізуді үйрету.

А) білімділік – оқушыларды MS Access деректер қоймасының объектілерімен таныстыру.

Б) дамытушылық – жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік – оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.



Сабақтың түрі: лекция, практикалық.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: дербес компьютер, дайын кестелік мәліметтер.
І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. MS Access терезесі қалай іске қосылады?

  2. деректер қоймасының терезе элементтерін ата

  3. өріс, баған, ұяшыққа анықтама бер.

  4. Деректер қоймасының негізгі белгісі қандай?

  5. ДҚ не үшін тиімді?

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:

- негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;

- кестелер арасында байланыстар орнату;

- кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

- туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.

әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор — жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған — өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.

Деректері өзара әртүрлі қатынастармен байланысқан бірнеше кесте құрайық. Кестелердегі деректердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және әсіресе жиі қолданылатыны «объект - қасиет» типті болып табылады. Мысалы: «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер базасы кесте түрінде көрсетілген болады.

Сыныптағы оқушылар тізімі:

Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден айырмашылығы - кестені деректер базасы немесе деректер базасының объектісі ретінде қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы жолдар – жазбалар деп, ал бағандар - өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты болады, мысалы, тегі (фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының түсі.



Өрістер типтері 

 Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық. 

 Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны, арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады.

 Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады (сендердің кестелеріңдегі барлық өрістердің типі-символдық). 

 Даталық тип өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/ жжжж орысша дд/мм/гггг) болады. 

 Кесте 1 - "Қызметкерлер" қатынасы.

 Анықтама.  Реляциялық деректер қоры қатынастар жиыны деп аталады.

АнықтамаРеляциялық деректер қорының схемасы деректер қорына кіретін қатынастың тақырыптар жиыны деп аталады.

Бірақ кез келген қатынасты кесте түрінде кескіндеуге болады, қатынас кесте бола алмайды. Бұл жақын, бірақ  ұқсас емес түсініктер. Қатынас және кесте арасындағы айырмашылықтар төменде қарастырылады.

Реляциялық деректер моделіндегі терминдер тиісті «кестелік» синонимдері бар:


Реляциялық термин

Тиісті "кестелік" термин

Деректер қоры

Кесте жиыны

Деректер қорының схемасы

Кесте тақырыбының жиыны

Қатынас

Кесте

Қатынас тақырыбы

Кесте тақырыбы

Қатынас денесі

Кесте денесі

Қатынас атрибуты

Кесте тік жолының аталуы

Қатынас кортежі

Кесте жолы

Қатынас дәрежесі (-арность)

Кестенің тік жолының саны

Қатынас қуаттылығы

Кестенің  жолының саны

Домендер және деректер типі

Кесте ұяшығындағы деректер типі


ІV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында орындалатын практикум-тапсырмалар. 

ДҚ құруда тиімді жұмыс үшін оның құрылымын әрбір өрісте мазмұны тек бір типтегі деректер болатындай етіп ойлап табу керек, мысалы:

  • Өрістің аты: Тегі

мазмұны: Молдыбаев

  • Өрістің аты: Телефон

мазмұны: 25-89-56

  • Өрістің аты: Айы

мазмұны: сәуір

Деректер төмендегі түрде кестеде сақталған:



Тегі, аты, әкесінің аты

Үй телефоны

Жұмыс телефоны

Ескертпе

Сержанов Берік Қанатұлы

22-45-18

44-59-18

Үйленген, ұлы мен қызы бар, жұмыс істегеніне 12 жыл.


Мысал. "Қызметкер_нөмірі", "Фамилия", "Еңбек ақы", "Бөлім_нөмірі" домендеріндегі "Қызметкерлер" қатынасын қарастырамыз. Барлық домендер әртүрлі, онда қатынас атрибутының атын тиісті домен атымен атауға болады. Қатынас тақырыбы келесі түрде:

Қызметкерлер  (Қызметкер_нөмірі, Фамилия, Еңбек ақы, Бөлім_нөмірі)

Осы кезде қатынас үш кортежден тұрады:

(1,Иванов, 1000, 1)

(2, Петров, 2000, 2)

(3, Сидоров, 3000, 1)

мұндай қатынастың нақты көрінісі келесі түрде болады:

 


"Қызметкер_нөмірі"

Фамилия

"Еңбекақы"

"Бөлім_нөмірі"

1

Иванов

1000

1

2

Петров

2000

2

3

Сидоров

3000

1


V. Сабақты қорытындылау.

MS Access саймандар панелі батырмалары қызметіне шолу жасайық:

Создать – жаңа ДҚ құру

Открыть – бар ДҚ ашады

Сохранить – ағымдағы объектіні сақтайды

Печать – құжатты баспаға жібереді

Формат по образцу – таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді.

Анализ – ДҚ-ң кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.

Свойства – таңдалған объектінің қасиеттер терезесін ашады.

Схема данных – кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді.

Новый объект – ДҚ жаңа объект құрады.

Помощник – көмекші шақырады.



VI. Үйге тапсырма беру

  1. Өз мектебіңдегі 11-класс оқушыларының тізімін жасап, оларды туған айы бойынша іздейтін командаларды орында.

  2. Өз компьютеріңде балабақша деректер қоймасын құр


Класы: 11 «В» Күні: 24.10.2014

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Реляциялық деректер қоры. Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ).
Сабақтың мақсаты: Реляциялық деректер қорын жобалау және реляциялық деректер қоры элементтерімен таныстыру.

А) білімділік – оқушыларды MS Access деректер қоймасының объектілерімен таныстыру.

Б) дамытушылық – жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік – оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.



Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: дербес компьютер
І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. MS Access терезесі қалай іске қосылады?

  2. деректер қоймасының терезе элементтерін ата

  3. өріс, баған, ұяшыққа аныықтама бер.

  4. Деректер қоймасының негізгі белгісі қандай?

  5. ДҚ не үшін тиімді?


IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Деректердің реляциялық моделі.

Реляциялық деректер қорын жобалау. Реляциялық деректер қоры: деректер типі, домен, қатынас схемасы, деректер қоры схемасы, кортеждер және қатынастар, қатынас қасиеті, кілттер.

Деректердің реляциялық модель негізі алғашқы рет 1970 ж Е.Кодд мақаласындаы мазмұндалды. Бұл жұмыс реляциялық модель өркендеу алған үлкен санды мақала және кітап үшін стимул болды. Деректердің реляциялық моделінің ең көп тараған трактовкасы К.Дейтке жатады. Дейттің атйқанына сәйкес реляциялық модель үш бөліктен тұрады:

         Құрылымдық бөлімнен.

         Тұтастық бөлімнен.

         Манипуляциялықө бөлімнен.



Құрылымдық бөлім, реляциялық модельде қандай объектілер қарастырылады, соны сипаттайды. Реляциялық модельде қолданылатын деректердің жалғыз моделі болып қалыпты n-арлы қатынас табылады. 

Тұтастық бөлім  кез келген реляциялық деректер қорында кез келген қатынас үшін орындалатын арнайы түрдегі шектеуді сипаттайды. Бұл мән тұтастығы және сыртқы кілт тұтастығы.

Реляциялық модельде қолданылатын деректер типі.

Негізінен, деректердің реляциялық моделі үшін деректердің қолданылатын типі қажетті емес. Деректер типі қарапайым деген талапты қалай түсіну керек. Реляциялық операцияларда деректердің ішкі құрылымы саналуы керек. Мынадай әрекеттер сипатталу керек,  деректерді бір бүтін етіп қарау, мысалы, деректердің сандық типін қою, жол үшін конкатенация операциясы болады және т.б.

Деректердің реляциялық моделінің фундаменталды түсінігі болып қатынас түсінігі табылады.  Қатынас түсінігін анықтау үшін К. Дейт кітабына сүйенеміз.

1 Анықтама. Қатынас атрибуты болып жұп түрі  <Атрибут_аты :Домен_аты>.

Қатынас шегінде атрибут аттары ерекше болу керек. Жиі қатынастың атрибут аттары тиісті домен аттарымен ұқсас болады.

Қатынастағы атрибут санның қатынас дәрежесі (немесе-арность) деп атайды. Қатынас кортежінің көпмүше мәні қатынас қуаты деп аталады.Алдыңғы бөлімге енгізілген қатынастың математикалық  түсінігіне қайта келіп, келесі шешімді жасауға болады:

Мысал. "Қызметкер_нөмірі", "Фамилия", "Еңбек ақы", "Бөлім_нөмірі" домендеріндегі "Қызметкерлер" қатынасын қарастырамыз. Барлық домендер әртүрлі, онда қатынас атрибутының атын тиісті домен атымен атауға болады. Қатынас тақырыбы келесі түрде:

Қызметкерлер  (Қызметкер_нөмірі, Фамилия, Еңбек ақы, Бөлім_нөмірі)

Осы кезде қатынас үш кортежден тұрады:

(1,Иванов, 1000, 1)

(2, Петров, 2000, 2)

(3, Сидоров, 3000, 1)

мұндай қатынастың нақты көрінісі келесі түрде болады:

 


"Қызметкер_нөмірі"

Фамилия

"Еңбекақы"

"Бөлім_нөмірі"

1

Иванов

1000

1

2

Петров

2000

2

3

Сидоров

3000

1

Кесте 1 - "Қызметкерлер" қатынасы.

3  Анықтама.  Реляциялық деректер қоры қатынастар жиыны деп аталады.

4 АнықтамаРеляциялық деректер қорының схемасы деректер қорына кіретін қатынастың тақырыптар жиыны деп аталады.

Бірақ кез келген қатынасты кесте түрінде кескіндеуге болады, қатынас кесте бола алмайды. Бұл жақын, бірақ  ұқсас емес түсініктер. Қатынас және кесте арасындағы айырмашылықтар төменде қарастырылады.

Реляциялық деректер моделіндегі терминдер тиісті «кестелік» синонимдері бар:


Реляциялық термин

Тиісті "кестелік" термин

Деректер қоры

Кесте жиыны

Деректер қорының схемасы

Кесте тақырыбының жиыны

Қатынас

Кесте

Қатынас тақырыбы

Кесте тақырыбы

Қатынас денесі

Кесте денесі

Қатынас атрибуты

Кесте тік жолының аталуы

Қатынас кортежі

Кесте жолы

Қатынас дәрежесі (-арность)

Кестенің тік жолының саны

Қатынас қуаттылығы

Кестенің  жолының саны

Домендер және деректер типі

Кесте ұяшығындағы деректер типі



ІV. Сабақты бекіту.

Компьютерде MS Access деректер қоймасын ашу, кесте құру, мәлімет енгізу арқылы жұмыстар жасау.



  1. Телефонды мекен-жайлық кітап

  2. Кітапханадағы оқулықтар жайлы

  3. Сынып оқушылары туралы мәлімет


V. Сабақты қорытындылау.

MS Access саймандар панелі батырмалары қызметіне шолу жасайық:

Создать – жаңа ДҚ құру

Открыть – бар ДҚ ашады

Сохранить – ағымдағы объектіні сақтайды

Печать – құжатты баспаға жібереді

Формат по образцу – таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді.

Анализ – ДҚ-ң кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.

Свойства – таңдалған объектінің қасиеттер терезесін ашад.

Схема данных – кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді.

Новый объект – ДҚ жаңа объект құрады.

Помощник – көмекші шақырады.



VI. Үйге тапсырма беру

  1. Өз компьютеріңде балабақша деректер қоймасын құр

  2. Көшеңдегі мектепке жасына дейінгі ер, қыз балалар тізімін жасап, олар туралы толық мәлімет жинап ДҚ құр.


Класы: 11 «Б», «В» Күні: 22.10.2015ж.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Деректер қоры (кестелік, иерархиялық, желілік).
Сабақтың мақсаты: MS Access деректер қоймасының жалпы мағынасын, тиімділігін, пайдалану жолдарын үйрету.

А) білімділік – оқушыларды MS Access деректер қоймасының объектілерімен таныстыру.

Б) дамытушылық – жеке тұлғаны дамыту, оқу материалынң ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік – оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.



Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Көрнекілігі: дербес компьютер
І. Ұйымдастыру сәті:

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау

В) Сабақтың мақсатын таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. ОЖ дегеніміз? Ол не үшін қажет

  2. Қандай ОЖ лерді білеміз?

  3. Windows XP деген не?

  4. Жұмыс үстелі туралы не білеміз? Мысал келтір.

  5. ОЖ туралы не айта аламыз?


IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
MS Access реляциялық деректер қоймасын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоймасы – қазіргі уақытта едәуір кең тараған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық ДҚ-да барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қоймасымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі.

MS Access деректер қоймасы ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, есеп берулер, сұратулар жатады.



MS Access деректер қоймасын құрудың екі тәсілі бар:

Бос деректер қоймасын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді және басқа объектілерді қосуыңызға болады.


Бос ДҚ-н құру

MS Access –ті іске қосқанда диалог терезесі ашылады. Мұнда ДҚ құру н/е бұрыннан барын ашу ұсынылады. Жаңа ДҚ таңдап ОК басамыз.


Шебердің көмегімен ДҚ құру

  1. Файл-Создать командасын орында.

  2. Ашылған «Құрылу» диалог терезесінде «Деректер қоймасы» таңбашасын таңда. Экранда шебермен ұсынылған ДҚ тізімі пайда болады.

  3. Тізімнен сәйкес келетін ДҚ үлгісін таңда, ОҚ батырмасын басып ДҚ құру шеберән орында.

  4. Жаңа ДҚ файлы диалог терезесінде ашылған. Қапшық тізімінен құрылатын ДҚ-на орналастыратын қапшықты таңдап, Создать батырмасын бас.

  5. Терезеде шебер өзі құрған ДҚ қандай ақпараттан тұратынын хабарлайды. Осы диалог терезесінің төменгі жағында мына батырмалар бар:

  • Отмена – шебер жұмысын тоқтатады.

  • Назад – шебер жұмысының алдыңғы қадамына қайта келеді.

  • Далее – шебер жұмысының келесі қадамына барады.

  • Готово – орнатылған параметрлерімен ДҚ на шеберді жібереді.

  1. Жұмысты жалғастыру үшін Далее батырмасын басыңыз.


ІV. Сабақты бекіту.

Компьютерде MS Access деректер қоймасының ашу, кесте құру, мәлімет енгізу арқылы жұмыстар жасау.



  1. Телефонды мекен-жайлық кітап

  2. Кітапханадағы оқулықтар жайлы

  3. Сынып оқушылары туралы мәлімет


V. Сабақты қорытындылау.

MS Access саймандар панелі батырмалары қызметіне шолу жасайық:

Создать – жаңа ДҚ құру

Открыть – бар ДҚ ашады

Сохранить – ағымдағы объектіні сақтайды

Печать – құжатты баспаға жібереді

Формат по образцу – таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді.

Анализ – ДҚ-ң кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.

Свойства – таңдалған объектінің қасиеттер терезесін ашад.

Схема данных – кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді.

Новый объект – ДҚ жаңа объект құрады.

Помощник – көмекші шақырады.



VI. Үйге тапсырма беру

  1. Өз компьютеріңде балабақша деректер қоймасын құр

  2. Көшеңдегі мектепке жасына дейінгі ер, қыз балалар тізімін жасап, олар туралы толық мәлімет жинап ДҚ құр.


Класы: 11 «А» Күні: 8.10.2014

Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерге ену жолдары. Вирустардан сақтау шаралары. Вирусқа қарсы программалар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қалай оқу керектігін ұйымдастыра отырып, вирус және вирусқа қарсы құралдар мен компьютерді қорғаудың басқа құралдарымен вирус іздеудің әртүрлі әдістерін қалыптастыру.

А) білімділік – оқушыларға вирус, антивирус деген не, компьютердің вирус жұқтыру белгілерін, антивирустық қауіпсіздік ережелерін ұғындыру.

Б) дамытушылық – жеке тұлғаны дамыту, оқу материалының ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.

В) тәрбиелік – оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.



Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі және көрнекілікті

Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру

Каталог: uploads -> doc -> 0bf1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bf1 -> Тест 5-сынып Лексика І нұсқа Лексикология нені зерттейді?
0bf1 -> Сабақтың тақырыбы: Қармаққа түскен шағала. Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет