Сабақтың тақырыбы : Компьютер құрылғылары Сабақтың мақсат-міндеттері: а білімділік



Дата21.08.2017
өлшемі173,3 Kb.
#23734
түріСабақ
Информатика пәні мұғалімі Баймахан Динараның

3 «Б» сыныбында өткізген сабақ жоспары

Күні : 26.01.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғылары

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға компьютер және оның міндеттері мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру

Ә) дамытушылық:

Оқушылардың компьютерде жұмыс жасай отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, салыстыру және талдау жасауға үйрету

Б) тәрбиелік:

Сабақ барысында оқушыларды салауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі:

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

түсіндірмелі , сұрақ – жауап

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта, тапсырмалар

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын

Тексеру


-амандасу;

-кезекшілік міндеттерін

атқару;

-сабаққа



дайындалу;


ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Балалар біз бүгін бәріміз бірге мұхитқа жүзе отырып, «Информатика патшалығына» саяхат жасаймыз. «Информатика патшалығында» әр түрлі аралдар бар, сол аралдардың тапсырмаларын орындаймыз. Орындалған тапсырмаларға компьютердің құрылғыларын аламыз. Осы саяхатқа аттанар сәтте бір - бірімізге деген жылы лебіздерімізді айтайықшы. Оқушылар бір – бірінің қолынан ұстап жылы лебіздер айтады.

Мұхитты аралауға дайынбыз ба балалар?



  • Дайынбыз

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Тақтада 5 арал беріледі. «Жаңа сабақ аралы»: Бұл аралда бүгінгі өтілетін тақырыпты оқушыларға түсіндіру. Компьютердің құрылғыларымен таныстыру. Оқушылар біз информатика пәнінде компьютермен жұмыс жасаймыз. Ол үшін біз осы компьютердің құрылғыларын білуіміз керек, Компьютер құрылғыларының ішінде телевизорға ұқсас құрылғы бар, біз оны монитор деп атаймыз. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі –түсті теледидарға ұқсас құрылғы бұл- монитор. Дисплей –компьютердің «тілі».

Алғашқы түрлі –түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны пикселді монитор деп атаған.



Жүйелік блок ( Системный блок) –компьютердің негізгі тораптарын қамтиды.

-жүйелік ( аналық) тақташа;

-процессор;

-оперативті жады;

-тұрғылықты диск ( қатқыл )

-дыбыстауыш

-желілік тақташа;

Пернетақта (Клавиатура)- компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

Ол әріптің және цифр перне көмегімен компьютерге ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 105-107 перне болады.

Пернетақта 4 бөлікке бөлінеді: 1.Функциялдық пернелер F1-F12.

2. Символдық пернелер. ( әріптер)

3.Цифрлық немесе қосымша пернелер

4. Меңзерді басқару пернелер.



Тінтуір- компьютерге сым арқылы жалғанатын шағын манипулятор.

Тінтуірдін 2- батырмасы бар. Жоғары –төмен жылжыту сигналдарын орындаймыз.

Сол жақ батырмасы- бір рет шерту нысанды ерекшелеу үшін қолданылады.

Оң жақ батырмасы- мәтіндік мәзірді шақыру үшін қолданылады.



Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына:

-Принтер;

-Сканер;


-Наушник;

-Модем;


Дыбыс колонкалары;

Терте;


Оқушыларға «Болашақ компьютерлер» туралы видео көрсетіледі


Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

«Жаңа сабақ» аралында біз компьютер құрылғыларын білдік. Енді «Тапқырлар аралын» аралаймыз. «Тапқырлар аралында» сиқыршы компьютерді сиқырлап тастапты. Оны КОМПЬЮКТУС деген КАКТУСҚА айналдырып, өзінің дүкенінің сөресіне қояды. Кактус бейнесінде болу компьютерге тіпті ұнамады, себебі мұндай әдеттен тыс келбетте ол ақпараттық процестерді орындайтын басты құрал бола алмайтын еді. Оқушылар біз компьютерге көмектесеміз бе?

Ол үшін сиқыршының 3 тапсырмасын орындауымыз керек. Егер тапсырманы дұрыс орындасақ, компьютер бұрынғы қалпына келеді.



  1. Тапсырма: Әріптерді сатыға орналастырсаң, ақпаратты өңдеу құрылғысының атауын аласың

9

7

1

3

8

2

5

4

6

р

с

п

о

о

р

е

ц

с




  1. 2- Тапсырма: Таныс емес (ағылшын) әріптерді сызып тастасаң, ақпаратты енгізу құрылғысының атауы шығады



  2. 3- Тапсырма: Сандарды өсу ретіне қарай әріптерді орналастыр



  1. 5

  1. 7

  1. 6

  1. 1

  1. 8

  1. 2

  1. 10

  1. 3

  1. 11

  1. 4

  1. 9

  1. Л

  1. К

  1. І

  1. Ж

  1. Б

  1. Ү

  1. О

  1. Й

  1. К

  1. Е

  1. Л



5

3

6

4

2

1

А

Ш

Н

Қ

Ы

Т

«Сергіту сәті» орындалады
Келесі арал «Сиқырлы қобдиша» аралы. Бұл аралда сиқырлы қобдишалар көп. Сол қобдишалардың ішінде бізге арналған тапсырмалар және сыйлығымыз бар, сол тапсырманы орындауымыз керек.

1-Қобдиша:

Ақпаратты сақтап, таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан.

Бұл қандай құрылғы? (Компьютер)


  1. 2-Қобдиша:

Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (Монитор)



  1. 3-Қобдиша:

Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді. (принтер)



  1. 4-Қобдиша:

Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген (пернетақта)



  1. 5-Қобдиша:

Батырмасын басасын,

Қажетті файлды ашасын (тышқан)


Келесі арал «Адасқан құрылғылар» аралы. Бұл аралда біздің компьютерлердің құрылғылары адасып кетіпті. Біз соларды тауып алуымыз керек.
Келесі арал «Көркем сурет» аралы. Балалар бізге ұяшықтар беріледі. Сол ұяшықта компьютер құрылғыларының суреті жасырылған, біз соны табуымыз керек.
Осымен біз бүгін балалар барлық аралды араладық. Бүгінгі сабақ ұнады ма?


VІ. Үйге тапсырма.

Компьютер құрылғы атауларына ребус, сөзжұмбақ құрастыру


VІІ.Бағалау

Оқушылардың белсене қатысуын қадағалау және марапаттау

Каталог: uploads -> doc -> 056d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
056d -> Бағдарламасы: Кіріспе сөз Видео ролик Тақырыпты баяндау(слайд) Жа ғ адайаттарды шеш у,сұрақтарды
056d -> Сабақ типі: аралас сабақ. Сабақта қолданатын әдістер: сұрақ-жауап, жұмыс дәптерімен жұмыс, есептер шығару


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет