Сабақтың тақырыбы: «1 мамыр Халықтар бірлігі күні»


Дильназдың орындауында қазақ биі



бет3/3
Дата09.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#176327
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты 1 мамыр-халықтар бірлігі күні!
Презентация 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
Дильназдың орындауында қазақ биі
(осы кезде сап түзеген ұлдар шығып тақпақтарын айтады)
Жасұлан:Арыстан батыр – атымыз,
Қыран құс құмай – затымыз.
Жауынгер жалын жасақтың,
Арқалы азаматымыз.
Асхат:Асу бермес шын,құздармыз,
Жауларға қаһар,ызғармыз.
Қатер кеп төнсе халқыма,
Қалқаны болар біз бармыз.
Аружан:Отаным,кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың,шаттықтың мекені
Қолдаймын,қорғаймын ордамды.
Мағжан:Нұр шашады алтын күн
Отанымда мереке!
Қона берсін еліме,
Бақыт,шаттық береке!
Нұрдәулет:Қызмет етіп Отанға
Бола білсең нағыз ер.
Мақтан тұтар ерлерді,
Туған елің,туған жер.
Жасұлан:Отаным анамдай көремін.
Озасың бәрінен сенемін
Желбіреп әрқашан көк туым
Гүлденіп көркейіп өсемін.
Сымбат: Отан -біздің үйіміз
Отан біздің жырымыз,
Отан біздің бақшамыз,
Құлпыртатын гүліміз.
Нұрдәулет:Отан – көкшіл туымыз.
Отан біздің еліміз,
Отанды қорғап жүреміз
Туып өскен жеріміз.
Барлығы:Біз Отанның ұланымыз,Біз Отанның қыранымыз.
Ән: «Алға қазақ жігіттері» балалардың орындауында.
Ойын: «Күш сынаспақ»
Викториналық сұрақтар: (балаларға арналған)
1. Біздің әскер күшті ме? (Күшті)
2. Бейбітшілікті қорғай ма? (Қорғайды)
3. Ұлдар әскерге бара ма? (Барады)
4. Қыздарды өздерімен бірге ала ма? (Жоқ)
5. Матрос деп кімді айтады? (Теңізшіні)
6. Ұшқыш шекарада тұра ма? (Жоқ)
7. Ол құстан биік ұша ма? (Иә)
8. Бүгін қандай мереке? (Жеңіс күні және Отан қорғаушылыр)
9. Қыздар мен аналар мерекесі ме? (Жоқ)
10.Бейбітшілік - өмірде ең қымбат нәрсе ме? (Иә)
Жүргізуші:Асқақ ән көңілді тербесін,
Тұтпасын күн қара пердесін.
Бақытпен көз ашқан балалар,
Бүлікшіл соғысты көрмесін,- деп Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік тәрбие сағатын аяқтаймыз.






271 мектеп









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет