Сабақтың тақырыбы: §15. Ide-мен танысу Бөлім: 3-бөлім. «рython тілінде программалау»



Дата21.03.2022
өлшемі190,5 Kb.
#136501
түріСабақ

Мектеп атауы: №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы
Сабақтың тақырыбы: §15. IDE-мен танысу



Бөлім:

3-бөлім. «рython тілінде программалау»

Педагогтің аты-жөні:

Аскарбаева Эльмира Тохтамасовна

Күні:

20.01.2022 жыл

Сыныбы: 6Б 6В 6Г

Қатысушылар саны:
6Б... 6В... 6Г....

Қатыспағандар саны:
6Б... 6В... 6Г....

Сабақтың тақырыбы:

§15. IDE-мен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.2.2. IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Программалар құрудың интеграцияланған ортасы интерфейсімен танысады.
Көптеген оқушылар: Программалар құрудың интеграцияланған ортасының бөліктерін жіктейді.
Кейбір оқушылар: Программалар құрудың интеграцияланған ортасы программалар құрады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....
Қалай ойлайсың программалауды үйрену не үшін маңызды?
Программалар құрудың интеграцияланған ортасын (IDE) бойынша түсінігіңді сыныптастарыңа қысқаша қалай жеткізген болар едің?
Программалар құрудың интеграцияланған ортасы қандай бөліктерден тұрады?
Не үшін программалау тілдерінің арасынан Python -ды таңдадық?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

Оқулықпен жұмыс.
(Д) Жаңа білім бөліміндегі ақпаратпен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап береді және тапсырманы компьютерде орындайды.

-Неліктен көптеген программалау тілдерінің арасынан Python-ды таңдадық?
-Рython программалау тілін компьютерге қалай орнатуға болады.?
-Программалау тілі, программа және интерфейс дегеніміз не?

Дескриптор:_Жалпы_-_3_балл.'>Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-сұрақтарға дұрыс жауап береді.



Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК




(Д) №1 тапсырма. Оқулықта берілген тапсырманың шығарылу жолын пайдаланып программа құрудың алғашқы жолдарын үйренеді.

Дәптермен жұмыс.
(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интерактивті тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.

Рython терезесін пайдаланып ең алғашқы программамызды жазайық. Бұл программалау тілі қазақ әріптерін оқымағандықтан, латын әріптерін пайдаланамыз. Әрине ең алғашқы таныстық сәлемдесуден басталатын сияқты, бізде қарапайым сәлемдесу программасын жазайық. Программаның нәтижесін көру үшін «Enter» пернесін басу керек.

Дескриптор: Жалпы – 3балл.
-программаны құрып үйренеді.
-магынасын талдайды.
-өз ойын айтады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК




(Ж) №2 тапсырма: Төменде берілген сөздерден алу программасынан біріккен сөз құраңдар.

Nur, alty, Saule, Sultan, su, bakan, ak



Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

  • 3 біріккен сөз құрайды.

  • 4 біріккен сөз құрайды.

  • 5-тен жоғары біріккен сөз құрайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК




(Ж) № 3-тапсырма: Еліміздің атауымен, астанасының атуын 4 реттен баспаға бер.

Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan
Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.
-Еліміздің атауын 4 реттен баспаға шығарады
-Еліміздің астанасын 4 реттен баспаға шығарады

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК




(Т) №5 -тапсырма: Берілген бөлменің өлшемдерін пайдаланып төмендегілерді есепте:



  1. Бөлменің еденінің ауданын;

  2. Бөлменің периметрін;

  3. Бөлменің төрт қабырғасының ауданын;

  4. Бөлменің көлемін;

  5. Бөлменің жалпы бетінің ауданын.

Дескриптор:
Жалпы-2 балл.
- Бөлменің еденінің ауданын есептейді;
- Бөлменің периметрін;
- Бөлменің төрт қабырғасының ауданын есептейді;
- Бөлменің көлемін есептейді;
- Бөлменің жалпы бетінің ауданын есептейді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Сабақты бекіту сұрақтары.
1.Қалай ойлайсың программалауды үйрену не үшін маңызды?
2.Программалар құрудың интеграцияланған ортасын (IDE) бойынша түсінігіңді сыныптастарыңа қысқаша қалай жеткізген болар едің?
3.Программалар құрудың интеграцияланған ортасы қандай бөліктерден тұрады?
4.Не үшін программалау тілдерінің арасынан рython -ды таңдадық?

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет