Сабақтың тақырыбы: 3D-модельдеу жəне анимация. Виртуалдылық шынайы əлемді танып білу тəсілдерінің бірі



Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#83864
түріСабақ
Байланысты:
06,10

Сабақтың тақырыбы: 3D-модельдеу жəне анимация. Виртуалдылық шынайы əлемді танып білу тəсілдерінің бірі

  • Бақылау сұрақтары:
  • Visual Basic дегеніміз не?
  • Visual Basic бағдарламалау тілі қандай стандарттық тілінің кеңейтілген версиясы болып табылады?
  • Visual Basic бағдарламаны қалай іске қосуға болады?
  • Visual Basic терезесі қандай элементтерден тұрады?
  • Басты меню қандай пункттерден тұрады?
  • Инструменттер панелінің элементтеріне не кіреді?
  • Модель – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі.
  • Түрлері:
  • материалдық;
  • идеалдық (оймен танылатын). 
  • Модельдеу - әлемді тану мен өзгертудің әдістерінің бірі. Ол сол әдістердің жаңа қызметтерін ашатын (микро-, макро-, мега әлемнің процестері мен құбылыстары
  • кибернетикалық және имитациялық модельдерді жасау, жүйелік техниканың тууы т.б.) модельдердің жаңа типтерін жасауға негіз болған ғылымның дамуымен байланысты кең тарады.
  • Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.
  • 3 қатпарлы, яғни 3D, анимация және моделдеу соңғыжылдары тез қарқынмен дамып, кең ауқымды қолданысқа түсті. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино, мультипликация, рекламмалық роликтер дайындау, ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген т.б салаларда қолданылады.
  • Декарттық координаттар жүйесін еске алыңыздар (X, Y және Z осьтері еске түсті ме?). Ал енді функцияларды және олардың графигтерін еске алайық. Мысалы: сызықтық функция, квадрат функция және т.с.с. (Парабола, гиперболалар еске түсті ғой?) Бұған қоса векторлардың да не екенін еске түсіріп алсаңыздар жөн болады. 
  • 3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т.б) құралғанын байқайсыз.
  • 3D модельдеу және оны анимациялау – бұл аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру. 
  • 3D-модельдеу процесі келесі бөліктерден тұрады:
  • 1) Моделлинг – бұл ең алғашқы этап және ең негізгі деп айтсақ та болады, себебі мұнда бүкіл фигуралар детальизация жасалады. Қоршаған орта, жер бедері, кейіпкерлер болса солардың бейнесі барлығы осында жасалады. Бұл этапта дайын болған фигуралар „3 қатпарлы модель„ деп аталады. Бұл модельдің әлі түсі, жасайтын қимылдары жоқ. Барлық нәрселер сұр-ақшыл түсте. Модельдерді жасау үшін бізге 3D бағдарламалар кез-келген фигураны бір-біріне қосу, кесу, деформация жасау сынды кең ауқымды мүмкіндіктер береді. Оларды қолданып модель жасау тек жасаушының таланты мен тәжрибесіне және, әрине, оның фантазиясына тәуелді.
  • 2) Текстуринг – бұл этапта 3D модельдер нормалдар картасына бөлініп, яғни барлық модельдің фигуралары жазықталып, керекті түстерге боялады. Бұл процессті мынадай көзге елестетсе болады: „кез-келген фигураның беткі бөлігін (терісін) сылып алып, оны жайып, керекті түске бояп, қайтадан фигураның бетіне жабыстыру„ сынды. Бұл этаптан өткен соң объектілерге реалистичный түр енеді, яғни олардың сыртқы көрінісі шын өмірдегіге қатты жақындайды.
  • 3) Риггинг – бұл процессті былай сипаттаса болады „қимылдайтын фигуралардың сүйектерін жасау„. Яғни, бұл этапта барлық қимылдайтын фигураларға сүйектер енгізіледі. Бұл сүйектер фигураны қимылға келтіру үшін керек, яғни модельдің әрбір бөлігін белгілі бір сүйекке бағынышты етіп қойып, сол сүйекті қимылдатқанда сол сүйекке бағынышты бөлік қимылға келеді.
  • 4) Анимациялау – бұл этапта барлық дайын модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалады. Жоғарыдағы риггингте жасаған суйектеріміз осында кеңінен қолданылады. 
  • 5) Рендеринг – бұл этапты екі түрге бөлуге болады:
  • Сурет рендерлеу 2)Видео рендерлеу.
  • Сурет рендерлеу бұл модельдерді текстуралап болған соң оны белгілі бір ракурстан (бір камерадан) суретке түсіру. Ал видео рендерлеуде модельдерді бірнеше, я одан да көп камерелар көмегімен түлі ракурстан қимылдап жатқан кезінде бейне түсірілім жасау. Бұл соңғы этап компютерге аса үлкен ауырлықтар түсіреді, сондықтан ең ұзақ этап болып естептеледі. Егер рендеринг супер компютерлерде орындалмаса, бұл процесс ондаған жылдарға, тіпті ғасырларға созылуы мүмкін. Мысалға: „Шрек 3„ мультфилмінің рендерингі 20 миллион сағатты алған.
  • Бақылау сұрақтары:
  • Модель деп нені атайды?
  • Модельдің қандай түрлері бар? Мысалдарды келтіріңдер.
  • Модельдеу дегеніміз не?
  • Анимацияға анықтама беріңдер.
  • 3D-модельдеу дегеніміз не?
  • 3D-модельдеу процесі қандай бөліктерден тұрады?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет