Сабаќтыѕ таќырыбы: Абай дыѕ лирикасы



бет1/4
Дата23.12.2021
өлшемі69 Kb.
#128225
  1   2   3   4
Байланысты:
0004ba11-92f08b72


БӨЖ 14 апта

Каинбаева Мөлдір

ДПМНО-001в

Тақырып: Абайдың көңіл-күй лирикасына арналған өлеңдерін жан-жақты талдау, тақырыптық идеясын ашу.

Лирика-адамның көңіл-күйін, қуаныш-реніш сезімін білдіретін
поэзия. Лирика бес түрге бөлінеді.

  1. Табиғат лирикасы

  2. Махаббат лиракасы

  3. Философиялық лирика

  4. Саяси лирика

  5. Көңіл-күй лирикасы

Абай лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік. Оқулықпен жұмыс.

199 беттен 2 абзацтан оқимыз. Оқушыларға оқулықтан Абай лирикасына арналған бөлімді теріп оқыту, мазмұнын түсіндіру.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» - өзінің білім-ғылымға кеш ұмтылғаны, «Әбдірахман өлгенде», «Оспанға» – көңіл күй туралы өлеңдері

«Ғылым таппай мақтанба» – философиялық лирика, білімнің, ғылымның маңыздылығы туралы

«Интернатта оқып жүр» - оқыған жастардың мақсаттары туралы, саяси лирика

«Әсемпаз болма әрнеге» - өмірдің өтпелілігі, өз орныңды таба білу, қате баспау туралы ой тастайды , «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес – философиялық лирика

«Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы», «Құлақтан кіріп, бойды алар» - сөздің, ән мен жырдың құдіреті туралы, философиялық лирика,

«Жазғытұры», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс» Абай табиғатты шебер жырлаған, өзінше ерекше жырлаған. Оның табиғаты жанды, үнемі қозғалыста. Бұл табиғат лирикасы

«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»ойын бос жүріс, алдымен білім алу керектігін жастарға айта білді. - философиялық лирика

«Болыс болдым мінекей...», « Сегіз аяқ», «Мәз болады болысың», «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» - Абай халқының дауын даулап, мұңын жоқтады. Бұл оның саяси лирикасы

Абай адам жанының нәзік қылы, ғашықтықты да жеріне жеткізе жырға қосты. Оның куәсі «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас», «Татьянаның хаты» өлеңдері

Сонымен , балалар, өздерің көріп отырғандай Абай лирикасы өмірдің барлық саласын қамтиды.

Абай өлеңдері екі жүзді алмас сияқты. Жібектей жұмсақ, жанға жағымды, екнші жағынан тілі алмастай өткір. Абай шындықты шынайы жырлады. Қазақ әдебиетіне сыншыл реализмді алып келген Абай болды. Абай өлеңдерінің тақырыбына тоқталып өттік. Енді бір өлеңін. Әдіскер Нұрша Оразақынованың әдеби шығарманы сатылай кешенді талдау технологисы бойынша талдап көрейік



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет