Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы»



бет1/2
Дата18.01.2023
өлшемі2,81 Mb.
#165799
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
6-сабақ. «Абай жолы» романы. Қайтқанда (1)
Документ Microsoft Word (2)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ Т1 11-сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Абай жолы» романы. Қайтқанда
Бөлім тақырыбы:
Ғасырлық туынды
ОҚУ МАҚСАТ(ТАР)Ы:
11.1.4.1. көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарды қолдану.
САБАҚ МАҚСАТ(ТАР)Ы:
  • Шығарма мазмұнын түсінеді;
  • Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;
  • Кейіпкер бейнесін ашады;

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

  • көркем шығарма үзінділерін ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыра алады;

  • • түрлі жағдаяттарға сай өз ойын креативті айтады;
    • өз ойын еркін және сенімді жеткізеді;


Даңқы өлмес, даусы сөнбес
«Абай жолы» романының құндылығы - жазушының халық өмірін, оның рухани жан-дүниесін, оның бақытқа, болашаққа ұмтылған, адал махаббатқа талпынған қасиетті сапаларын ұлттық бояумен, ғажайып сырлы сөзбен жеткізе білуінде. Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаушы бүкіл әлем халқының асқақ даусын естиміз. Сол себептен де ол әлемнің түпкір-түпкіріне тоқтаусыз сапар шекті ақ па, қара ма, сары ма, мұсылман ба, христиан ба- барлық адамзат баласының жүрегіне жол тапты.
Ойтүрткі сұрақтары
«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы не білесіз?
- Абайды аналары кім деп атаған?
  • Роман Абайдың неше жасынан басталады?
  • «Абай жолы» романы қай жылы жазылған?
  • 1949 жылы М.Әуезовке қандай сыйлық берілді?
  • «Абай жолы» романының алғашқы кітабы қандай

  • бөлімдерден тұрады?

1. Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен; Аналары «Телғара» деп те атаған.
2. Роман Абайдың он үш жасынан басталады.
3. Алғашқы кітабы 1942 жылы жарыққа шыққан.
4.1949 жылы М.Әуезовке эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО
Мемлекеттік сыйлығы берілді.
5. «Абай жолы» романының алғашқы кітабы 7 бөлімнен тұрады?
І том
Қайтқанда
Қат- қабатта
Жолда
Шытырманда
Бел- белесте
Өрде
Қияда
Өзіңді тексер!
Қызығушылықты ояту
«5 қадам» стратегиясы.
• «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың оқудан аулына қайтып келе жатқан сәттегі көңіл күйін 5 қадаммен бейнелеп беріңіз.

Қызығушылықты ояту
«5 қадам» стратегиясы.
• «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың оқудан аулына қайтып келе жатқан сәттегі көңіл күйін 5 қадаммен бейнелеп беріңіз.
Ықтимал жауап
  • Ауылға жетуге асығуы;
  • Туған жеріне деген сүйіспеншілігі;
  • Ата-анасына, ел-жұртына деген сағынышы;
  • Туған ауылдың ауасымен дем алып, еркіндікті сезінуі;
  • Табиғат сұлулығының жабырқаулы көңілге қанат бітіруі;

1- тапсырма «Сиқырлы сандықша» әдісі
Оқушы қалауымен сандықшадан үзінді алады. Үзіндінің қай оқиға тұсында кім айтқанын анықтайды және бала Абайға мінездеме береді:
  • - Қап, мынаның баласы!.. «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау!

  • Қой, не де болса қалмайық енді.
  • - Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап

  • ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! - деді.
    3. - Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты!
  • - Балам-ау, қаладан молдалық әкеледі ме десем, нағашыңа тартып

  • қайтқанбысың немене?- деді.
  • - Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! – деді.

Дескрипторы:
  • Кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы оқиға тұсын анықтайды; 1балл
  • Абайға мінездеме береді. 1 балл

Өзіңді тексер!
  • Жұмабайдың айтқан сөзі. Жас бала ауылын сағынғандықтан тез жетуге асығады. Сондықтан үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанға ырза.
  • Абайдың сөзі. Абай аулына келе жатқан бетте оның көзіне іліккеннін, бәрі: дала желі де, даланың жусан шөбі де, оның жұпар иісі де бала жанын өзгеше жылылыққа бөлеп, бұл даланы өзінше ұғынып, сүйіспеншілікке бөленеді. Үлкендер қорыққан Есембай да, ұрылар да Абайға суық, жат боп көріне алмады. Керісінше Жұмабайдың өзін бір қорқытып сергіп қалды.
  • Майбасардың сөзі. Абай әке сұрағына ересек адамша байсалды жауап береді. Бұл әрекетіне Құнанбай жанындағылар да разы болады. Абайдың оқыған, әдепті, ақылды екенін аңғарамыз.
  • Ұлжанның сөзі. Абайдың іс- әрекетіне сын көзбен қарап, оның мінезінде нағашы жұртына ұқсастығы барын айтса, Абай «Жігіттің жақсысы – нағашысынан» дегендей разы болды.
  • Әкесі Құнанбайдың сөзі. Құнанбайдың Абайды еліне оралуға рұқсат етуінің бір себебі де осы да. Ел ісіне ерте араластырып, өз жолын үйрету болатын. Сондықтан Абайға үміт артты.Абай оқудан келгеннен кейін Құнанбайдың қасында жүріп, ел ісіне араласа бастайды. Ел ішінде болып жатқан зомбылықты, қараңғылықты, теңсіздікті өз көзімен көреді

2. Абай, Қодардың қылмысы не, өзі кім екенін білмеген қалпында болатын. Ол жалғыз-ақ «дарға асу» деген жерде, ішінен бір түрлі тіксініп қалды. Әкесіне сене алмай, сескене қарап, «соны істейді-ау» деп бір ойлады.
  • Аз бөгелген соң бағанадан Құнанбайға сыр алдырмай, салқын ғана қарап

  • отырған Байсал:
    - Қара деп жазалаған күнде, мұның жазасы не болмақ,- деп еді, Құнанбай:
    - Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет Риза хазіреттен фатуа сұрап келді. Жазасы дарға асу депті.

3. Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің!- дегенде, Қамысбай мен бағанағы төрт жігіт Қодарды сүйрей жөнелді. Сүйретіле бара жатып, Қодар зор дауыспен барынша шырқап:
- Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?!- деп, қанталаған көзімен
Құнанбайға бұрылып, атып жіберердей қарады.
2- тапсырма. Көркем туындыдан алынған үзінділердің мағынасын ашу.
Дескриптор:
  • үзінділер бойынша өз пікірлерін айтады;1 балл
  • шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады.1 балл
  • үлкендер мен Абайдың көзқарасының арасындағы алшақтық көрінісін талқылайды;1 балл

5. - Я, құдая, зар тілегім босын. Бейуақтағы тілегім. Осы қарашығыма
әкесінің осы ит мінезін бере көрме!.. Тас бауырлығын бере көрме!..
Я, жасаған!- деп құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейрімді жүзін
сипап бата берді. Ұлжан да ішінен «аумин» деп бата қылды.
4. Абай кешкі козының жамырауынан оянды Басы мең-зең. Еті лапылдап, күйіп тұрған сияқты. Аузы құрғап, ерні қатты кезеріп қапты. Құр тамсанады. Қасында шешесі мен әжесі отыр. Абай шешелерінің күндізгі жайды білгенін байқады да:
- Әкем...Әкем!..- деп әкесін еске алып, күрсініп, кеудесін сипап, шешелеріне құпия қып шаққандай боп: - Не деген қатал, не деген қатты еді!- деді
Ықтимал жауап
Жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама- қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды /М.Әуезов/
Күні өтіп бара жатса да тамыры тереңдегі ескіліктің жарқыншағы Қүнанбай бейнесі арқылы жетсе, ал Абай жаңашылдықтың бастамасы. Жазушы Абай тұлғасының қалыптасуын суреттеу арқылы ескі мен жаңаның арасындағы қайшылықтарды бейнелейді.. Бұл Абай образын айшықтауда жаңаша сипат алды. Әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы шығарманың күш-қуатын арттыра түседі. Эпопея ерекшелігі бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген.
Жазушы ру мен ру арасындағы кескілестер - жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар арқылы үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуы тамаша композициялық құрылым деп ойлаймын.
Қорытынды. Абай жолы – өсу жолы
Дескрипторы: Абайдың азаматтық образының қалыптасуындағы өрлеу жолын қорытындылайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет