Сабақтың тақырыбы Адал дос пен амал дос. Жақсы дос жан азығы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата17.11.2023
өлшемі144,96 Kb.
#191948
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ ҚАЗАҚ ТІЛІ 9
Зат есімнің септелуі 24 дана карточка, Зат есімнің септелуі 24 дана карточка

Бекітемін: Сулейменова У.К.

Бөлім:

4-бөлім. Сүйіспеншілік пен достық. Морфология.

Педагогтің аты-жөні

Кенжетаева Ж.У.

Күні:

13.11.2023 ж.

Сынып: 7 «А», «Б»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Адал дос пен амал дос.Жақсы дос – жан азығы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.3.1.1 әр түрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

Сабақтың мақсаты

-идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
-әр түрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық ахуал «Сәттілік»
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау.
«Адал дос» пен «Амал дос» туралы өз ойларын айтады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Сұрақтарға жауап береді.



Мадақтау, кері байланыс беру



Оқулық

Сабақтың ортасы
33 минут

Жаңа сабақ.
1-тапсырма:
-мәтінді оқиды;
-ондағы негізгі ойды анықтайды;
-мәтінге қарап тақырып қояды;
Әңгіме:
 Достықтың неше түрі бар? – деп сұрай қалсаңыз, әркім білгенінше жауап беріп жатады. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен адам өмір сүріпті. Бір күні замандастары әңгіме-дүкен құрып отырған шақта оған: 
– Осы достықтың неше түрі болады?, - деп сауал тастаған екен. Сонда Әйтімбет: 
– Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, – деп жауап қайтарыпты. Замандастары тағы да: 
– Енді осы екі достықты қалай ажыратамыз? – деп сұрапты. Әйтімбет ойланбастан: 
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – депті. 
Тілдік бағдар:

Жазылым тапсырмасы:
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- мәтіндегі етістіктерді тауып жазады,оған болымсыздық жұрнағын жалған сөйлем құрап жазыңдар.
3-тапсырма.
Сөйлемдегі етістікті құрамына қарай талдаңдар.
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Етістіктерді талдайды..

Дәптерлеріне күн ретін, жаңа сабақ тақырыбын жазады
Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс жасайды, талдайды, ойларын айтады.
Тілдік бағдарға назар аударады.

Етістік туралы білгендерін естеріне түсіреді.


Тапсырмаларды орындайды.

Мадақтау, кері байланыс беру




оқулық


Сабақтың аяғы
7 минут

Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Жеке жұмыс:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
Оқу/ үй тапсырмасы:
5-тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет