Сабақтың тақырыбы: Адам өмірін қорғау. Етістік. Адам өмірін қорғау



Дата07.02.2022
өлшемі294,02 Kb.
#85186
түріСабақ
Байланысты:
15.10.2020ж.Адам өмірін қорғау.
15.10.2020ж.Адам өмірін қорғау.

15.10.2020ж.
Сабақтың тақырыбы: Адам өмірін қорғау. Етістік.
Адам өмірін қорғау.
«Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» – адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал-жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жаралыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с). “Өмір-тіршілік қауіпсіздігі” курсының мақсаты – қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау -осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы дамүмкін.Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет