Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері Қатысқандар: Қатыспағандар саны



бет2/3
Дата12.04.2020
өлшемі162,67 Kb.
#62316
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
адамның дене мүшелері


Өте жақсы! Жарайсыңдар! (кері байланыс)

Сергіту сәті

(МК)  Интерактивті тақтадан түрлі аңдардың сұлбасын тануды  ұсынамын.

Оқушылар аңдарды атап шығады.

Қоян, керік, аю

-Балалар, бұл аңдардың сұлбасы. Сұлба деп бір нәрсенің бейнесін айтамыз.



(Д, Т) Дәптермен жұмыс

«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолданамын.

Кімнің сұлбасы?

Тапсырмадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қояды және кімнің сұлбасы екенін топта талқылайды.

Жауабы: балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ теруші, шаңғышы, оқушы.



Топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, бағалайды.



(ОТ, Ж) Зерттеу жұмысы.  

Оқушыға қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндірдіріп, қалған оқушылар оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Оқушылар дайын болған сұлбаға жанына дене мүшелерінің атауы жазылған сөздерді қояды .



Жүйелі жұмыс! Жарайсыңдар!

(МК)«Сен білесің бе?»

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

Адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріп өтемін.

Критериалды бағалау

ҚБ

Бағалау критерийі:

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін

сипаттайды.



(Д) Тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.



Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.



ДескрипторБілім алушы

- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;



- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.

Оқушыларға кері байланыс беремін:

Жарайсың! Керемет!    

            


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет