Сабақтың тақырыбы: Айға сапар



бет3/6
Дата04.06.2020
өлшемі88,5 Kb.
#72308
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ұшқыш қыз хиуаз доспанова. ақниет doc

Білу және түсіну

Оқылым

1-тапсырма

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тани алады; оқшау сөздердің қызметін түсінеді, ажыратады;

оқшау сөздерді тауып, тілдік құралдар арқылы танимыз..

дәледейді;



Ұшқыз қыз- Хиуаз Доспанова

Кеңес дәуірінде қазақ халқынанан шыққан мыңдаған батыр ұл- қыздың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі- Хиуаз Доспанова. Хиуаз Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысы Құрманғазы ауданынындағы Зормата ауылында дүниеге келген. Мектепті үздік тамамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды.Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған Хиуаз соғыстың алдында Мәскеудегі Жуковский атындағы Әскери-әуе академиясына қабылданбай қалса да, сонда қалып, медицина институтына түседі. Соғыс басталасымен «ұшқыш болсам» деген армагны оны қайтадан академияға жетелейді.Үкімет оны Саратовтағы әскери ұшқыштар училищесіне жібереді. Соғыс жылдары ұстазы Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында жүріп, 300-ден астам әуе шайқасына қатысқан.21 жастағы қайсар қыз Хиуаз ылғи «ПО-2» аталатын бомбалаушы ұшақ пен жау бекініс терінің үстінде жүреді екен. Ылғи түнде ұшады. Бобалаушы ұшақта штурманның атқарар қызметі ерекше. Тапқырлық,батылдық, өжеттік керек. Ұшақты аспанға тік көтеріп, әбден биіктетіп алып, лезде жердегі аңға шүйілген қара құс құсап оқыс құлдилап келіп, жау бекінісінің, қару жарақ қой -маларының үстінен ұшақ қанатының астына арнайы тұтқада бекітілген. Бомбаларды шуылдатып төгіп-төгіп жіберіп, лезде аспанға шығандап қайта көтерілуі үшін қандай тап қырлық керек екенін шамалауға болатын шығар. Немістердің зенитшілеріде жарқұл-жұрқыл оқ атып, у-шу күйге түседі, артынша Хиуаз тастаған бомбалардан жаппай отқа оранып, үндері өшеді. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш Марина Раскова оған зор үміт артқан екен. Хиуаз Доспанова теңдесіз ерлігі үшін сол кездің өзін де «қанатты қыз» атанған еді. Жау мен ас пандағы шайқаста 300 рет болған Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәре- желі «Отан соғысы» орден дері мен және көптеген ме- дальдар мен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені – соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегі нің жемісі.Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығы мен Халық Қаһарманы атағы берілді.

1.Хиуаз Доспанованы не себепті «қанатты қыз» деп атаған?

Хиуаз Доспанова теңдесіз ерлігі үшін сол кездің өзін де «қанатты қыз» атанған еді.

2. Батыр қыздың майдандағы ерлігі қалай бағаланды?

Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Ел басы ның Жарлығы мен Халық Қаһарманы атағы берілді.

Үлгі: Хиуаз соғыстың алдында Мәскеудегі Жуковский атындағы Әскери-әуе академиясына қабылданбай қалса да, сонда қалып, медицина институтына түседі. Соғыс басталасымен «ұшқыш болсам» деген армагны оны қайтадан академияға жетелейді.Үкімет оны Саратовтағы әскери ұшқыштар училищесіне жібереді. Соғыс жыл дары ұстазы Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында жүріп, 300-ден астам әуе шайқасына қатысқан.21 жастағы қайсар қыз Хиуаз ылғи «ПО-2» аталатын бомбалаушы ұшақ пен жау бекіністерінің үстінде жүреді екен. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Ел басының Жарлығы мен Халық Қаһарманы атағы берілді.

Бұл мәтін публицистикалық стилге жатып тұрған себебі, қоғам өмірі үшін маңызды мәселерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет