Сабақтың тақырыбы Алаш көсемі Сабақтың мақсаты



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі431,12 Kb.
#120302
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алаш зиялылары

АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ

Осынау стратегиялық мақсаттарға жету жолында ұлттық зиялы қауымға да, қарапайым бұқара халыққа да жақын идея ауадай қажет еді.

Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.

1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласында Алаш атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады «Түрік баласы» («Қазақ», 1913, № 7).

1917 жылы қараша айында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында қазақтардың басым көпшілігі «Үш жүз» партиясын емес, «Алаш» партиясын қолдады, сөйтіп «Алаш» партиясы 43 депутаттық мандатты иеленді. «Алаш»

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1937 жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырған анкета. Ресей ФСБ-ның мұрағатындағы құжат. Мәскеу, ақпан, 1995 жыл.
партиясы Қазан төңкерісінің қарсаңында Ресейдегі елуге жуық партияның ішінде сегізінші орында тұрған еді.

Әлихан Бөкейхан шынайы демократтық жолға түсті. Шынайы саясаты бағамдай білетін ол өз елінің Ресей федеративті парламенттік республикасының құрамында болашағы болмайтынын аңғарды.



Алаш көсемі 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде Батыс майданның тылында жүрген болатын. Күтпеген төңкерістен кейін ол Орал облысы мен Бөкей ордасында қазақ сиездерін ұйымдастырып, өткізу үшін майданнан Шафқат Бекмұхамедұлы мен Уәлидхан Танашұлын жібереді. Оларға сиезде қазақтың белгілі ақыны, күйші, Орынбор кадет корпусының түлегі, Әбілхайыр ханның беделді тұқымы Шәңгерей
Күні: 09.10.2021ж
Тәрбие сағатының мақсаты:
Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырығы, оқу — инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынысын оқушылырға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет, презентациялық көрініс.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы — білім мен ұғым» Ж.Баласағұни.
Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев
Маған мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин.
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол — кемел ұстаз. К.Д. Ушинский
Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо
Мұғалімділік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырғы мол рухани жан дүние үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылды.В.А. Сухомлинский.
«Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
Өнер, білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар Ы. Алтынсарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет