Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар



Дата06.07.2018
өлшемі22,52 Kb.
#47990
түріСабақ
Бекітемін: Күні: Сыныбы: 9 Б Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар.

Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ертедегі және осы заманғы адамдардың ерекшеліктерімен, олардың  қаңқа қалдықтарының құрылысын,  өмір сүру мәдениетімен таныстыру.  

Дамытушылығы: Оқушыларды ертедегі және осы заманғы  алғашқы адамдардың ежелгі адамдардан айырмашылығын көрсете алатын деңгейге жеткізу.  

Тәрбиелілігі: Адамның тірі организмдердің ең биік сатысына көтерілуі еңбектің арқасы екендігін айта отыра, балаларды адал еңбек етуге, рухани жағынан өсуге тәрбие беру.

Сабақ түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: тест, сызықты диктант, кестемен жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, «Биолог анықтамалығы»

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру.

- оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу

- Сабақтың тақырыбымен, мақсатымызбен таныстыру.

- Оқушыларды топқа бөлу (суреттер арқылы)



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасы бойынша оқушылардан клипчартпен тест алу

1. Алғашқы эволюционист деп қай ғалымды атайды?
А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е) Вавилов.
2. Тірі табиғаттың алғаш ғылыми классификациялануын кім ашты?
А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е)К.Бэр.
3. Алғаш омыртқалылардың ізі қай дәуірде табылды?
А) протерозой. В)Мезозой. С)Кайназой. Д)Полеозой. Е)Девон.
4. Эволюцияның басты қозғаушы күші не?
А)Өзгергіштік. В)Табиғи сұрыпталу . С)Тұқымқуалаушылық. Д)Тіршілік үшін күрес. Е)Коньюгация.
5. Жануарларда қай органдар аналогиялық болады?
А) Жарқанатың қанаты мен араның қанаты. В) Құстың қанаты мен көбелектің қанаты.

С) Тараққан мен құрбақаның аяқтары мен қолдары.


Д) Тигр мен Кроттың табандары.

Е) Бақаның ауызы мен көбелектің ауыз қуысы.


6. Алғаш маймылдар қашан пайда болды?
А)Бор. В)Антропоген. С)Палеоген. Д)Неоген. Е)Силур.
7.Адамның жануарлардан пайда болу іліміне қай ғалым өз еңбегін сіңірді?
А) Ч.Дарвин. В)Ф.Энгельс. С)К.Линней. Д)Ж.Б.Ламарк. Е)Вавилов.
8. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін

эволюциялық өзгеріс.


А)Дегенрация. В)Конвергенция. С)Ароморфоз. Д)Дивергенция. Е)Идиоадаптация.
9. Жеке организмдердің даму кезеңі.
А)Эмбрионогенез. В) Филогенез. С) Онтогенез. Д) Биогенез. Е) Социогенез 
10. Қай адам “саналы адам” деп аталады?
А) Неадерталец. В) Питекантроп. С) Синантроп. Д) Кроманьон. Е) Homo sapiens
11.Қай дәуірде сүтқоретілер кеңінен таралған?
А) Протерозой. В)Архей. С) Полеозай. Д) Кайназой. Е) Мезозой. 
12.Дене мүшелерінің құрылымдары мен атқаратын қызметін және пайда болуының ұқсастығы қалай аталады?
А) Аналогия. В) Гомология. С) Рудименттер. Д) Атавизм. Е) Гигантизм.
13.Шығу тегі және құрылысы ұқсас емес, бірақ атқратын қызметі бір мүшелерді не деп атайды?
А) Аналогия. В) Гомология. С) Рудименттер. Д) Атавизм. Е) Гигантизм.
14.Жануралардың мына аталған қай мүшелері басқа мүшелерге қарағанда ұқсас емес?
А)Инеліктің қанаты. В) Жарқанаттың қанаты. С) Құстардың қанаты. Д) Қолдары.

Е)Кесірткенің алдыңғы аяғы.


15. Адамның жануарлардан пайда болуына қандай дәлел болады?
А) Ми көлемінің үлкендігі. В) Рудимент және атавизмдердің болуы.  С) Сөйлеу. Д) А бстракты ойлау.

Е) Идиоадаптация.


Тест жауаптары: 1С 2Д 3Е 4В 5В 6 Д 7 А 8C 9C 10 Е 11Д 12В 13А 14А 15В


 

Жаңа сабақ .

Тапсырма: Кітаптан берілген мәтін арқылы әр топ постер құру

1 топ: Австралопитектер

2 топ: Неандерталдықтар

Австралопитектер(лат. аustralis - оңтүстік және грек. pithekos - маймыл), екі аяқты маймылдар. Австралопитектер шамамен, 4 млн жыл бұрын өмір сүрген. Миының көлемі-530 см.куб.
Питекантроп бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропа және Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Бұдан түр бәсекелестікте төтеп бере алмай, тіршілік үшін күресте жеңіліс тапты деуге болмайды.

Неандерталдықтар — Батыс еуропалық палеонтроптарды соңғы бірлестігіне жататын ежелгі адамдар түрі; питекантроптардан кейін, бүгінгі адамдар ұрпағынан бұрынырақ өмір сүрген; мүрделері алғаш рет 1856 жылы Германия жерінен табылған, ТМД елдері  территориясында Қырым елдерінде(Киик-Коба) және Өзбекстанда(Тешикташ) табылған

Кроманьондықтар - шамамен бұдан 30 мың жыл бұрын пайда болды. Қаншама жорамалдар ұсынылды.Кейбірі адам айтқысыз қызық: «неандерталдықтар мұздақтан өліп, кроманьондықтар ғарыштық кеменің қирауынан түскен ұшқыштар екен» десті. Оның себебі антропологтар 50 мың жылдан аз мерзімде ай-күні белгіленген неандерталдықтардың қалдығын табу сәтінің болмауынан еді. Соңғы 15 жылда мұндай олжалар Азиядан да, Еуропадан да табылды. Олардың айы-күні 40 және 30 жылға белгіленген.Табылған неандерталдықтардың келбеті кроманьондықтар сияқты.

 Кроманьондықтар жануарларды алғаш рет қолға үйрете бастаған. Егіншілікке де алғаш қадам басқан. Тайпа, ру болып  саналы өмір сүрген. Ұрпақтарына деген қамқорлық , қарттарын қадірлеу және олармен санасу дәстүрге айналған. 

- Адамның тік жүруіне байланысты қол, аяқ және тұлға сүйектерінің өзгеруі жүрген

- Миының құрылысы күрделенген, дамыған және ұлғайған.

- Адамның жақ сүйектері кішірейіп, сөйлеу қабілеті пайда болған.
Жаңа сабақты бекіту.
Сызықтық  диктант. Дұрыс болса,   «+»  , қате болса, «-» белгісі қойылады.

1.Адамның шығу тегі мен тарихи дамуын зерттейтін ғылым  саласы  антропология  деп  аталады.

2.Жануарларды омыртқалылар және омыртқасыздар  деп екіге бөлген, «эволюция» және  «биология»  терминін енгізген Ч.Дарвин.

3.Епті адам  « Homo erectus» деп аталады.

4.Ата-тектің белгілерінің  қайталануы  рудименттік  белгі  деп  атайды.

5.Ч. Дарвин «Адам- тіршіліктің тарихи  даму  сатысындағы  ең   жоғары  әрі  соңғы   буыны» деп  көрсетті.

6.Еңбек- адам эволюциясының  негізгі  факторы.

7.Антропогенез адамның  шығу тегін  зерттейтін  ғылым.

8.Тіршілік үшін  күрес, табиғи  сұрыпталу  әлеуметтік  фактор.-
Жауабы:  +   –   –   –   +   +   +   –
Сәйкестендіру.

1. Австралопитек а Ұзындықтары 60 см болған және қозғалыстары бойынша осы заманғы

орангутангтарға ұқсас болған

2. Антропология ә. Шамамен, 4 млн жыл бұрын өмір сүрген. Миының көлемі-530 см.куб

3.Дриопитек б. Миының көлемі - 1600—1800 см³ Бойының ұзындығы шамамен, 180 см.

4.Епті адам в. адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін

зерттейтін ғылым саласы

5.Кроманьондық г. саналы түрде еңбекке және аңшылыққа жарамды



Жауаптары: 1. Ә 2. В 3. А 4. Г 5. Б

Терминдермен жұмыс.


Қазақша

Орысша

ағылшынша

Питекантроп

Питекантроп

Pitekantrop

Синантроп

Синантроп

Sinanthropus

Неандерталь

Неандерталь

Neandertal

Кроманьон

Кроманьон

Kromanon

Австролопитек

Австролопитек

Avstralopitek

Антропология

Антропология

anthropology

Дриопитек

Дриопитек

Driopitek

Епті адам

Умелый человек

Homo hapilis

Тік жүретін адам

Человек прямоходящий

Homo ereetus

Кестемен жұмыс.




Австралопитек

Питекантроп

Неандерталдық

Кроманьондық

Тіршілік еткен мекені













Тіршілік еткен уақыты













Тұрмыс салты













Еңбек құралы













Ми көлемі













Сыртқы анатомиялық ерекшелігі












Үйге тапсырма. Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар.



Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет