Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
Әдебиеттік оқу
|
Бөлім:
|
Менің туған өлкем
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 2
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Алматы мен Астанаға қарашы
Күләш Ахметова. Астана.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу
2.2.2.1 – мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлығы: оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Көбісі: өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Кейбіреуі: оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(4 мин)
|
Қызығушылықты ояту: «Ой сергек»
Оқушыларды ортаға шеңберге шығарып, еліміздің қалалары жайлы айтқызу. Әркім өзіне ұнайтын қала жайлы немесе білетіні жайлы айтып шығады.
Алдыңғы білімді еске түсіру (фронталды)
Тәуелсіздік тұғыры ескерткіші қай қалада орналасқан?
Ескерткіштегі Алтын адам не себепті қанатты барыс үстіне орналасқан?
Алтын адам қолына қыран құс пен садақты не үшін ұстап тұр?
|
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді
|
ҚБ: Шапалатау арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ: Ауызша мадақтама
|
слайд
|
Сабақтың ортасы
(30 мин)
|
Білу және түсіну. Мағынаны ажырату Оқулықтағы ребустарды жеке шешу
Тақырыпты болжау. Ребустың шешімі арқылы тақырыпты болжау .Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларға Нұр-Сұлтан қаласының еліміздің бас қаласы екендігін және Алматы қаласының Тәуелсіздікке жетуде ролін түсіндіру.
Оқылым. Өлеңді түсініп оқы.
Астана
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір-біріңді аяла!
Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан!
Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Есілдің де жандай ыстық жағасы.
Жан даламның –
Алматы мен Астана
Көздерінің ағы мен қарасы!
Күләш Ахметова
Тыңдалым. Белсенді оқу тапсырмалары (жұпта)
Дескриптор:
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды
мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Жазылым. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Автормен танысу. Сызбаны пайдаланып әңгімелеу.
|
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Жеке отырып ребустарды шешеді.
Оқушылар өз беттерімен оқулықтағы өлеңді оқиды
Оқушылар бір-біріне өлең мәтіні бойынша сұрақ қойып, тақырыбын анықтап, негізгі ойды табады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
|
ҚБ: Ауызша мадақтама
ҚБ: Смайлик сыйлау арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ: Ауызша мадақтама
|
Оқулық, слайд
Оқулық, слайд
Смайликтер
Жұмыс дәптері.
Оқулық
|
Сабақтың соңы
(10 мин)
|
Жұптық жұмыс. Күләш Ахметова «Астана» өлеңі 1-тапсырма. «Шынжыр» ойыны. Өлеңдегі ақын ойын сызбаға түсіріңдер.
Сергіту сәті: Дирижер
2-тапсырма. Жұптық тапсырма:
суретке қарап әңгіме құрастыр
|
Оқушылар жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
Сергіту жаттығуын жасайды
Оқулықтағы сереттерге қарап ауызша әңгіме құрастырады.
|
ҚБ: Ауызша мадақтама
|
Оқулық
|
Кері байланыс
(1 мин)
|
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, кері тақтасына іледі.
|
«Білім шыңы»
|
Кері байланыс тақтайшасы.
|