Сабақтың тақырыбы: «Қан. Канайналым мүшелері»



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі32,33 Kb.
#48278
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
5. Практикалық жұмыс. Оқушыларға парақша таратылып беріледі.
– Балалар, айтыңдаршы, жүрек соғысын қалай анықтауға болады ?
– Жүрек жұмысын тамыр соғуынан білуге болады
– Тамырдың соғуы арқылы дені сау немесе ауру адамды анықтауға болады ма?
– Қолдарыңнан тамыр соғуын табыңдар
– Тамыр соғысын есептеңдер.
– Сенің жүрегің минутына неше рет жиырылып, босаңсиды?

1 минуттағы тамыр соғысының саны:




отырғанда






10 рет отырып, тұрғаннан кейін






 Парақшаға / дәптерге жазып алыңдар. Қандай қорытынды жасауға болады?
Сергіту сәті.
Орындарынан 10 рет тұрып, 10 рет отырады
– Енді тамыр соғысын қайта есептеңдер.
– Қандай қорытынды шығарасың?
Қорытынды: организмге күш түскенде бұлшық еттердің көбі жұмыс істей бастайды. Олар көбірек тамақ пен ауаны қажет етеді де, жүрек оларға көп қан айдайды.


«Есіңде сақта»
Жүрек – жалқаулықты, енжарлықты сүймейтін мүше. Күнделікті ой еңбегімен шұғылдану барысында үзіліс жасап, дене еңбегімен, спортпен, үй шаруасымен шұғылданып отырса, адамның еңбек ету қабілеті артып, өзін сергек сезінетін болады. Қазіргі күні дәлелдер бойынша адамның ақылдығы оның қимыл әрекетімен түсіндіріледі. Қозғалыс болмаған жағдайда қан айналу жүйесінің жұмысы бұзылады. Ал қанайналу ағзаны қанмен оттек, энергия, глюкоза, т. б. Заттармен қамтамасыз етеді. Қан айналу жүйесі шынығуды қажет етеді. Денсаулықты бұзылғаннан кейін емес, бұзылмай тұрып ойлау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет