Сабақтың тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі1,16 Mb.
#26263
түріСабақ
1   2   3

Қадыр Мырза Әлінің «Қырсық» өлеңімен ашу

Сен оған:- Аласа — десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді…

Өлеңде қандай сөздер кездеседі?

—  Антоним дегеніміз не?

Антонимдер

  Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.



Сен білесің бе? Антонимдер — грек тілінде   anti –қарсы, onota — атау

дегенді білдіреді.

Қандай пәндерде антонимдер кездеседі? Мысалы:

Математика сабағында:

Қосу – алу

Көбейту – бөлу

Үлкен – кіші

 Биология сабағында:

Өлі және тірі табиғат

 Әдебиет сабағында:

Мақал – мәтелдерде:

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.



Жұмбақтарда:

Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас (таба нан) т.б

 №1 Тапсырма

Мақал-мәтелдерді сәйкестендір.

Ақыл — дос, ашу — дұшпан

 Көп сөз — күміс.  Аз сөз-алтын.

 Қыс азығын  жаз жина.

Қыс арбаңды сайла,

Жаз   шанаңды сайла.

Дос жылатып айтар

Дұшпан күлдіріп айтар

2 Тапсырма.

Берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңдар

Жақсы —  …                                     Ұзын — …

Үлкен — …                                       Арық — …

Биік —  …                                         Қара — …

Дос —  …                                          Ерте — …

Ақылды —  …                                  Татулық — …

Жоғары —  …                                 Қуану — …

Асты —  …                                    Жылдам -…

Көп —  …                                       Кедей — …



3 Тапсырма.

Сергіту сәті «Қара жорға» биі

4 Кітаппен жұмыс. 93 жаттығу

5Тапсырма.Үлестірме қағаздармен жұмыс.

Төмендегі антоним сөздерді жұп – жұбымен жаз

Қара, бар, қол, семіз,  жоғары, жақсы, кіші,  төмен, аяқ, алыс, үлкен, кеш,  арық, жақын,  жаз,   ерте, жоқ, нашар,қыс, ақ.

Қара  — ақ                                                        жақсы – нашар

алыс – жақын                                                 кіші – үлкен

кеш – ерте                                                      жаз — қыс

бар – жоқ                                                       қол – аяқ

семіз – арық                                                  жоғары – төмен

6 Тапсырма. Бекіту. Тест тапсырмасы

1. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.

А) Мықты

В) Атақ

С) Дәулет

2. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына

жатады?


А) Сын есім

В) Зат есім

С) Үстеу

3. «Адам» сөзінің синонимін тап.

А) Шәкірт

В) Дос


С) Кісі

4. Синонимдік қатардың дұрысын тап.

А) Күлу, сықылықтау, жылау

В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым

С) Көне, жаңа, ескі



5.Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

A) Қара.
B) Ірі.
C) Сары.
D) Осал.
E) Қас.


6.Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Тыным, тыныштық таппаған.
B) Бұраң бел, алма мойын.
C) Ара гүлге қонды.
D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
E) Сөз ағасы – құлақ.


7.Омоним болатын  сөзді атаңдар.

 А) секіру      Ә) ою         Б) жүгіру



Үйге тапсырма. 95 жаттығу. Ереже жаттау.

Бағалау
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет