Сабақтың тақырыбы: Қарағанды қаласы. Жалғау түрлерін бекіту. Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата10.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#11209
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Қарағанды қаласы, ЖББ №65 ОМ КММ.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Масалимова Гаухар Аскарбековна.

Сабақтың тақырыбы:
Қарағанды қаласы. Жалғау түрлерін бекіту.
Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Қарағанды туралы білімдерін толықтыру, жүйелеу.

Зат есімнің жалғау түрлерін бекіту.
Сабақтың міндеттері:


  • Қарағанды тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.

  • Қазақша тілдік қатынасты еркін игерту, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.

  • Өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тілінде дұрыс айту, жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой-өрісінің дамуына көмек көрсету.

  • Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, әдемілікке, сұлулыққа құштарлықтарын ояту.

  • Зат есімнің жалғау түрлерін меңгерту.


Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта-флипчарт (слайд, видео), деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспелер, ұпай саны белгіленген түрлі-түсті парақтар.


Сабақтың түрі:

Аукцион сабағы


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, әңгімелесу, деңгейлеп оқыту, миға шабуыл, класстер, аудирование.


Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі, география.


Күтілетін нәтиже:

  • Қарағанды туралы әңгімелеу

  • Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана білу

  • Әсемдікке бой ұсыну

  • Ойларын ашық айту

  • Зат есімнің жалғауларын меңгеру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар.

-Көңіл-күйлерің қалай?

(Интерактивті тақта-флипчарт)

-Олай болса, балалар, мына суреттердің ішінен қазіргі көңіл-күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.



-Жақсы, олай болса, сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге бүгінгі сабақтың ерекшелігін түсіндіріп кетейін. Бүгінгі сабақ «Аукцион сабағы» деп аталады. Сендер осы сабақ бойы орындаған әр тапсырмаларыңа, жауап берген әр сұрақтарыңа ұпай алып отырасыңдар. Сабақ соңында әрқайсың өз

ұпайларыңды есептеп, бүгінгі сабақтан алған бағаларыңды шығарасыңдар. Ұпай-сұрақтың ауыр-жеңілдігіне орай беріледі.

7-10 ұпай - «5»

4-6 ұпай - «4»

1-3 ұпай - «3»

-Барлығы түсінікті болса, сабағымызды бастайық.



II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

(Киіз үй мәтінін мазмұндау, киіз үй сөзін тәуелдеу, септеу)


  • Блиц-сұрау

(Сұрақтар флипчартта беріледі, жауаптары жасырын тұрады)

-Киіз үй дегеніміз не?

(Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы)

-Киіз үй неден тұрады?

(Киіз үй кереге, шаңырақ, уық, киізден тұрады)

-Киіз үй құрылысына қарай қандай болады?

- Киіз үй құрылысына қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанатты болады)

(Әр дұрыс жауапқа- 1 ұпайдан)



  • Өз-өзіңді тексер

(Интерактивті тақта-флипчарт)

-Қазір қызыл қаламдарыңды алыңдар, үй жұмысын тақтамен салыстыра отырып, тексеріп шығамыз.



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет