Сабақтың тақырыбы: «Қарттарым асыл қазынам» Сабақтың мақсаты



Дата20.11.2023
өлшемі34,9 Kb.
#192408
түріСабақ
Байланысты:
қарттар күні


Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

1 қазан қарттар күні



Күні

29.09.2023ж

Сынып тәрбиешісі:

Досхожаева Ж,

Сынып: 8 «Б»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

«ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту

Құндылықтарды дарыту

Баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата – әжелермен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Көрнекілігі

қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі



Сәлемдесу. Шаттық шеңбері өз өз ата – әжелеріне жақсы сөздер айту.
Ойланайық, пікірлесейік.
«Қарттар» сөзіне ассосация құрғызу



Мұғалімнің сұрағына жауап береді.




презентация



Сабақ басы



Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, отбасы туралы ойларын айтады



Презентация



Ортасы



ШИПАЛЫ ТҮН
(Г.Молдағалиеваның «Шипалы түн» әңгімесі бойынша жазылған сахналық көрініс)
Көрнекілігі: сахналық көрініске қажетті заттар (кілем, көрпеше, жастық, үстел, ыдыстар, телефондар, көк орамал, көрініс кейіпкерлердің киімдері).
Көрініске қатысушылар:
Жазушы - Каусар
Әже - Диляра
Немере - Ақниет
Құрбы қыз - Диана
Ана - Диана
Жазушы:
- Ауылда Дүрия әжей жалғыз тұрып жатыр. Ұлы да, қызы да қалада тұрады.
Немерелері де бар. Олар жылына бір рет келсе де, оған да шүкір. Дүрия әжей қалаға көп бара бермейді. Соңғы кезде баруды да қойды. Көптен бері ұйықтай алмай жүр. Көзі ілініп кетсе болды, түсінде күбірлеп сөйлеп, еңіреп жылап шығады. Өз үйінде ештеңе емес, ешкім де естімейді. Ал қалаға ұлы мен қызының үйлеріне барса, бала-шағаның берекесін алады. Жастыққа басы тисе болды: «Құтқарыңдар! Қайырымды жандар! Құтқарыңдар!!» - деп, жан даусы шығып, бүкіл үйді дүрліктіреді. Үй іші түгел оянып, абыр-сабыр болып қалады: бірі дәрі берсе, бірі сөзбен жұбатады. Қайта ұйқыға жатса болды, тағы да бәрі қайталанады.
Бұған Дүрия әжейдің қартығы, көрген аштық пен қарғыс атқыр соғыс кінәлі. Балалары мен немерелері таң атқанша көз ілмей, балалары ертеңгісін жұмысқа, ал немерелері сабақтарына кетеді.
Дүрия әжейді балалары дәрігерге де апарды, жазып берген дәрілерінен де ешқандай ем болмады. Балаларының мазасын алмайын деп, қалаға қыдырып баруды да қойды.
Дүрия әже рөлінде – Диляра


(Немересі Ақниет қаладан келеді). (Осы кезде немересі кіріп келеді).
Немересі Ақниет:
- Әже, әже!!! Амансыз ба, әже?!
Әже: - Құлыным! Ақниетім! Жаным менің! (Немересін құшақтап сүйеді).
Өз көзіме өзім сенбей тұрғаным. Бұл, шынымен де, сенбісің, жарығым!
Немере: - Денсаулығыңыз қалай, әже?
Әже: - Шүкір, жаман емес. Әке-шешеңнің жағдайлары қалай? Бауырларың аман-есен бе, күнім?
Немере: - Әже, мен жазғы демалысқа шықтым. Демалысымда сіздің қасыңызда екі ай бойы болайын деп келдім. Мен екі ай бойы сіздің жаныңыздан ешқайда кетпеймін, әже! Сізді қатты сағындым, әже! (Құшақтасады).
Әже: - Айналайын, жаным, құлыншағым, күнім, мен де сені қатты сағындым. Жүре ғой, шай ішейік. Әңгімелесейік.

Дүрия әже немересімен.




(Әселдің құрбысы осы ауылдың қызы - Диана кіріп келеді).(Ақниет қуанып, орнынан атып тұрады).
Немере: - Диана, құрбым, сәлем! (Екеуі құшақтасады).
Диана: - Сәлем, Әсел! Сенің ауылға келгеніңді көрші балалардан естідім. Ести салысымен Дүрия әжейдің үйіне қарай құстай ұшып келдім.
Немере: - Ата-анаң, бауырларың қалай?
Диана - Жақсы бәрі. Өзіңнің үй ішің аман ба? Іні-сіңлілерің жақсы ма?
Немере: - Келгенің жақсы болды, Жания. Мен сені сағындым.Біз екеуміз және ауылдың балалары неше түрлі қызықты ойындар ойнайтын едік қой. Мен ауылдың ойындарын сағындым. (Екеуі күліп алады).
Әже: - Келіңдер, дастарқанға жақындап отырыңдар.
Диана: - Сәлеметсіз бе, әже! Жағдайыңыз қалай?
Әже: - Шүкір, жақсы, ботам! Дәмнен алып отырыңдар, жандарым!
(Дастарқанға жайғасып, біраз уақыт отырған соң Жания үйіне кетуге жиналады).
Диана: - Мені үй ішім күтіп қалған шығар. Мен үйге барайын. Әсел, ертең біздің үйге келші. Мен саған қызықты кітаптар көрсетемін. Әкем көп кітаптар алып келді қаладан. Екеуміз бірге оқимыз.
Немере: - Мен әжеме көмектесіп болған соң барайын. Әже, солай ма?
Әже: - Әрине, құлыным, барасың. Үйге келіп тұр, Жания жаным!
Диана: - Жақсы, әжей. Әсел, ертеңге дейін. Сау бол!
Немере: - Жақсы. Сау бол, Жания!
Әже: - Әселжан, ботам, мен түнде айқайлауым мүмкін, оятып жібересің ғой.
Немере: - Түк те етпейді, әже. Мен ұйықтағанда ештеңе де сезбеймін.
Әже: - Ұйықтап, тынығатын уақыт болды. Жатайық, құлыным!
(Төсек салып, екеуі ұйқыға жатады).
Ұйықтап жатқан әже айқайлап сөйлейді:
- Құтқарыңдар! Құжаттарымды жоғалтып алдым! Көк орамалға түйілген! Кім көрді? (3-4 рет қайталап айқайлайды).
(Түн ортасында Назерке айқайдан шошып оянады. Аяғының ұшымен әжесіне жақындап, құлағын салады).
Әже: - Қайырым... Мейірім... Құдай-ай, не істесем екен?! Балаларымды «балалар үйінен» қалай алам?! (2 рет қайталап айтады).
Немере: -Әже, әжешім менің! Ояныңызшы... Әже, ояныңызшы! Әже!
Әже: - Еркешім, сенбісің, құлыным? Алжасқан әжеңді кешіре көр. Сені қорқытып жібердім бе, ботам! Кешіре гөр мені!
Немере: - Оқасы жоқ. Кешірім сұрамаңышы, әже! Ештеңе етпейді. Бастырылып қалғансыз ғой. Оң жамбасыңызға жатсаңыз, жеңіл болады.
Әже: - Жарайды, жатамын, құлыным...
(Әже ұйықтап кетеді).

Немере рөлінде – Ақниет


Немере: - Құжаттар хикаясын талай естігенмін. Соғыс кезінде әжем өзінің екі баласын, яғни менің әкем мен оның қарындасын «балалар үйіне» уақытша тапсырған болатын. Әжемнің Қайырым дегені – ол менің әкем. Мейірім дегені – ол менің әкемнің қарындасы.
Әже (жан даусы шығады): - Құдай үшін... қайтарыңдаршы!
(Ақниет төсектен ұшып тұрып, әжесінің жанына барады).
Немере: - Әже, несіне жылайсыз? Ол түс қой, сіз болсаңыз шын жылап жатырсыз, ал түс деген – жалған нәрсе. Оянсаңыз, жоқ болады.
Әже: - Әрине, әрине...
(Таң атты. Әже мен немере тұрады).
Әже: - Түнімен ұйқы бермедім ғой деймін. Ұйқың шала болған шығар. Қарттық қой.
Немере: -Әже, ол туралы ойламаңыз. Жаспын ғой. Ұйқым әлі-ақ қанады...
(Немере сыртқа шығып келеді).
Әже: - Кел, балам, тамағыңды іші ғой. Әселжан, саған бірдеңе айтайын деген едім.
Немере: - Ол не, әже? Айтыңызшы.
Әже: - Әселім, ботам, құлыным, жаз бойы менің жанымда боласың ба? Кетіп қалмайсың ба?
Немере: - О не дегеніңіз, әже! Мен жаз бойы сіздің қасыңызда боламын. Ешқайда кетпеймін.
- Әже, далада көрші-достарым мені күтіп тұр екен. Олар да мені ұмытпапты.
Әже: - Тамағыңды ішіп ал, сосын ойнауға барасың, құлыным.
(Немере тамағын ішіп алып, далаға кетеді).
Немере: - Әже, кешке дейін ойнап, әбден шаршадым. Ойынды қатты сағынып қалыппын. Қалада ойнауға уақытым жоқ. Оқитын сабақтарым көп. Сабағымды оқып болған соң үйде анама көмектесемін.
Әже: - Көмектескенің дұрыс, балапаным. Тамағыңды іш. Қарның ашқан шығар, ботам.
(Диана кіріп келеді).
Диана: - Әке-шешем сіздердің үйлеріңізге қонуға жіберді.
Немере: - Мен қатты қуаныштымы, Жания!
Әже: - Жақсы болды ғой. Сен де менің немеремсің ғой, жаным! Кел, жоғары шық.
Немере: - Әжем бұл түні айқайлаған жоқ. Жаңа таңертеңгі шайды ішіп отырғанда байқадым, әжемнің көздері қызарып кеткен. Ол қатты шаршаңқы көрінді маған. Жания, екеумізді тыныш ұйықтасын деп, түні бойы кірпік қақпай шыққан сияқты.
Диана: - Иә, мен де байқадым. Менен ыңғайсызданған болар...
Немере: - Әже, біз Жания екеуміз поштаға барып келейік. Әкем мен анама телефон шалайын. Олардың жағдайларын білейін.
Әже: - Әрине, барыңдар, құлындарым. Әкең мен шешеңе менен сәлем айтарсың.
(Немере анасымен байланыс бөлімшесінде телефон арқылы сөйлеседі).
Немере: -Анашым, жағдайыңыз қалай? Әкем қалай? Бауырларым қалай?
Диана: - Бәрі жақсы. Қалай әжең ұйқы бермей жүр ме? Айқайлай бастаса, «Доғар!» деп жекіп таста. «Болды! Доғар!» деп айқайлап берсең болды. Сонда тынышталады. Біз солай істейтінбіз. (Немере үндемей қалады. Көзіне жас үйіріледі).
Диана: - Не болды, Әсел? Көңілің түсіп кетті ғой. Тыныштық па? Айтшы, Әсел!
Немере: - Әжем қорғансыз, панасыз секілді. Мен әжемді қатты аяймын. Әжемнің көрген ауыр күндері – аштық пен соғыс. Әжем үшін ол күндер әлі өтіп жатыр, ұмытылған жоқ. Әр түнді қандай қиналыспен өткізіп жүр десейші! Қалай көмектесуге болады? Мен әжеме көмектескім келеді! Қалай көмектесемін, Жания? Қалай? Мен әжемді қатты жақсы көремін! Менің оған жаным ашиды! (Жылап қалады).
Диана: - Әсел, жыламашы. Әжең әлі-ақ жазылып кетеді. Қаласаң бүгін де сенің үйіңе қонайын. Әке-шешем рұқсат береді. Мен оларға айтып келейін. Олар мені жібереді.
Немере: (көз жасын сүртіп) – Жарайды. Жыламаймын. Біздің үйге келші.
(Түн болып, үшеуі ұйқыға жатады).
Әже: - Құжаттарым жоқ... Жоғалтып алдым... (Әже жылайды).
- Құлыншақтарым-ау... қайтарыңдаршы... (2 рет қайталайды).
Немере (орнынан атып тұрып, сәл ғана кідіріп тұрып, жұмсақ дауыспен):
- Міне, сіздің құжаттарыңыз, әжей... Көк орамалға түйілген бе? Мінекей, әжей, түсіріп алыпсыз... Алыңыз бәрі түгел...
Мінекей, әжей, түсіріп алыпсыз... Алыңыз бәрі түгел...
(Немере орамалды әжесінің қолына ұстатады. Әже үнсіз қалды да, сәлден соң сөйледі).
Әже: - Менікі, менікі. Көк орамал да менікі. Бәрі біледі менікі екенін...
Рахмет саған, қайырымды жан... Рахмет саған, қайырымды жан... (Әжей жылап жібереді).
Немере: - Жыламаңыз. Несіне жылайсыз? Құжаттарыңыз түгел. Балаларыңызға тезірек жетіңіз. Күтіп жүр ғой олар. Балаларыңызды «Балалар үйінен» алыңыз. Балаларыңызды үйге апарып, тамақтандырыңыз, ұйықтатыңыз. Өзіңіз де дем алыңыз.
(Әже бір күрсініп алып, ұйқыға кетті).
Немере (өксіп-өксіп жылайды):
- Диана, жүрегім сыздап барады. Аяныш көкірегімді керіп барады. Жыламау мүмкін емес.
Жания: - Жыламашы, Әсел! Жыламашы! Бүгінгі түнгі оқиғаны әжеңе асықпай, баппен айтуың керек шығар. Мүмкін, әжеңе бәрін түсіндіріп, ертең таңертең екеуміз бірге айтармыз?
(Немере көз жасын сүртеді).
Немере: - Жоқ! Жоқ! Бүгінгі түнгі жағдай туралы әжеме ауыз ашпауым керек.Себебі ертең де түн бар, арғы түн де келеді. Осылайша жалғастырсам, осылайша қайталай берсем, біреуінің әжеме шипа болатынына мен сенімдімін. Әжем қорқынышты түстерінен жазылып кетеді. Мен әжеме шипа таптым. Шипаны таптым, әжетайым!!! Шипаны таптым, әжетайым!!! Әжешім, жаным!!!
Жания: - Иә, Әсел! Сен әжеңе деген шипаны таптың. Әсел, сен іздеген шипаны, емді таптың! Шипаны таптың! Әжеңе шипаны таптың! Бұл түн – ШИПАЛЫ ТҮН! Бұл түн – емнің табылған түні! ШИПАЛЫ ТҮН! ШИПАЛЫ ТҮН, Әсел !!!
Немере: - Әже, әжешім!!! Жүз жыл жасаңызшы!!! Жоқ, одан да көп! Жүз жастан да асыңызшы, әже!!! (Екеуі құшақтасады. Әже немересінің маңдайынан сүйеді).
Әже: - Сен айтсаң жасаймын. Жасаймын, құлыным! Жасаймын. Сен үшін мен ұзақ өмір жасаймын, ботам!
Жағдаяттан шығу жолдары (Карточкаларды алып өзекті мәселелер туралы ой қозғау, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын ойлап табу)



  • Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?

  • Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

  • Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды. Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды. Сіз не істер едіңіз?

  • Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?

  • Өзіңе жақсы таныс, жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі, сыйламайды. Айтқандарын тыңдамайды. Танысыңа қандай кеңес бере аласың? Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?

  • Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?

Әр оқушының пікірінен кейін өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасйды.
Ой қозғау.
Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Презентация

Соңы



Қорытынды сөз :
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай
міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!




Презентация


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет