Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы. Ас қорыту жүйесінің аурулары



Дата15.09.2017
өлшемі8,91 Kb.
#33073
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.
  • Ас қорыту жүйесінің аурулары,
  • олардың алдын алу.
  • Бездер
  • Ас қорыту жүйесінің
  • маңызы
  • Естеріңде болсын!
  • Тамақты үнемі көп жеу
  • сенің организміңе зиян.
  • Тамақты жаңа дайындалған
  • күйінде жеуге дағдылану керек
  • Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
  • Ас қорыту жолы
  • Ас қорыту бездері
  • Ауыз қуысы
  • Жұтқыншақ
  • Өңеш
  • Асқазан
  • Ас ішек
  • Тоқ ішек
  • Бауыр
  • Ұйқы без
  • Ауыз қуысының құрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт , жоғары жағы-қатты және жұмсақ таңдай,төменгі жағы –тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншаққа өтеді.
  • Жұтқыншақ- ұзындығы 11-13см бұлшықетті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді
  • Өңеш- ұзындығы, шамаен 25см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.
  • Асқазан- асқорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2-3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.Тамақ асқазаннан аш ішекке түседі.
  • Аш (ащы) ішек-ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі, оның ұзындығы 5-7 м және 3 бөлікке : ұлтабар, аш ішек және мықын ішекке бөлінеді. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді
  • Тоқ ішектің ұзындығы 1,5 -2 м және соқыр ішек , жиек ішек және тік ішекке бөінеді. Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісі-ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады. Тоқ ішек тік ішекпен аяқталады
  • Ұйқы без асқазанның
  • астыңғы жағында
  • екінші бел
  • омыртқасының
  • деңгейінде орналасқан.
  • Бауыр- ең ірі без.
  • Массасы, шамамен 1500 г.
  • Ол қызыл қоңыр түсті,
  • оның көп бөлігі
  • оң жақ қабырға
  • астында орналасады.
  • Бауыр-күрделі
  • түтікшелі без.
  • Оның секреті -өт
  • Тест тапсырмалары:
  • 1.Салауаттану нені зерттейді?
  • А. Организмнің құрылысы мен қызметін
  • Ә. Денсаулыұқ сақтаудың және нығайтудың әдістерін
  • Б. Әр түрлі ауруларды емдеу әдістерін
  • 2. Қоректік заттар құрамына қандай органикалық заттар кіреді?
  • А. Нәруыздар, көмірсулар
  • Ә. Витаминдер, майлар
  • Б. Минералды тұздар мен су
  • 3. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы:
  • А. 3-5м
  • Ә. 8-10м
  • Б. 15-18м
  • 4. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
  • А. Ауыз қуысында
  • Ә. Жұтқыншақта
  • Б. өңеште
  • 5. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?
  • А. Аш ішек
  • Ә. Тоқ ішек
  • Б. Ұлтабар
  • 6. Тоқ ішектің бөлімдері:
  • А. Аш ішек, жиек, тік ішек
  • Ә. Соқырішек, тік ішек, ұлтабар
  • Б. Соқырішек, жиек ішек, тік ішек
  • 7. Аш ішек бөлімдері:
  • А. Ұлтабар, тік ішек, аш ішек
  • Ә. Ұлтабар, аш ішек, мықын ішек
  • Б. Соқырішек, жиек ішек, тік ішек
  • 8. Күн тәртібі дегеніміз не?
  • А. Тәулік ішіндегі сенің әрекеттеріңнің дұрыс реті
  • Ә. Мектеп сабақтары режимінің орындалуы
  • Б. Таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас.
  • 9. Қандай қоректік заттар негізгі болып табылады?
  • А. Витаминдер, амин қышқылдары
  • Ә. Өсімдік майы, қант
  • Б. Май, белок, көмірсу
  • 10. Асқазан мен ас қорыту жолының бөгеттік қызметі?
  • А. Асқазан сөлі
  • Ә. Түкірік, тұз қышқылы, бауыр
  • Б. Жұтқыншақтың шырышты қабығы
  • Ас қорыту жолдары
  • ауруларының алдын алу үшін:
  • Дұрыс тамақтану;
  • Санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау;
  • Дұрыс қозғалыс режимін сақтау;
  • Зиянды әдеттерден аулақ болу қажет.
  • Үйге тапсырма:
  • Оқушылар өздеріңнің ас қорыту жолында қандай
  • өзгеріс бар деп ойлайсың, одан құтылу үшін
  • не істеуге болады?
  • Қорытынды шығар, бақылап,
  • нәтижесі қандай болғандығын жазып келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет