Сабақтың тақырыбы Ашық рай Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ашық рай туралы мағлұмат бере отырып, жасалу жолдарын Түсіндіру



Дата10.06.2017
өлшемі48,53 Kb.
#18386
түріСабақ
Облысы Ақтөбе

Қаласы Ақтөбе

Мектебі № 34 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні Туребаева Гулмира Куспановна

Пәні Қазақ тілі

Класы 7


Сабақтың тақырыбы Ашық рай

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ашық рай туралы мағлұмат бере отырып, жасалу жолдарын

Түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға ашық рай туралы теориялық білім беру, жаттығу

жұмыстары арқылы жасалу жолдарын меңгерту;

2. Оқушыларды берілген тапсырмалар арқылы адамгершілік қасиеттерге

баулу;

3. Грамматикалық категориялардың мәнін түсініп паудалануға,



байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;

Сабақтың түрі аралас

Сабақтың типі дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сатылай кешенді талдау, ән тыңдату, Кластер әдісі

Сабақтың көрнекілігі: көмекші құралдар, интербелсенді тақта, сызба, кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу;

ә) оқушыларды түгелдеу;

б) сабаққа зейіндерін аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

145-жаттығу.Оқыту, талдау.

Көр-ме-ді-м, теңгер-ме-ді-м, азай-ды, жүр-е-ді, е-кен, кел-е, жат-қан, кездес-іп, шақыр-а-ды,

бұз-а-ды, қорқ-а-ды.



ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

  1. Жаңа тақырыпты Кластер әдісі арқылы түсіндіру


Бұрынғы өткен шақ





Өткен шақ

Жедел өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ





Ашық рай

Ауыспалы келер шақ



Осы шақ

Келер шақ



Нақ осы шақ



Мақсатты келер шақ

Ауыспалы осы шақ

Болжалды келер шақ

Ашық рай мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз.



  1. Оқулықпен жұмыс.

146-жаттығу (ауызша. Оқып шығып, ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын көрсету

Жатырмын – нақ осы шақ; басып отыр – нақ осы шақ; жаныштай түседі – ауыспалы осы шақ; ағып жатыр – нақ осы шақ, тоқтады – жедел өткен шақ; төкті – жедел өткен шақ, түстім – жедел өткен шақ.

148-жаттығу (жазбаша)

Барымды салып бақтым – жедел өткен шақ І жақ; алдым - жедел өткен шақ І жақ; сайрап тұрады екен – ауыспалы осы шақ ІІІ жақ; сұрамайды – ауыспалы осы шақ ІІІ жақ; қуанатын тәрізді – ауыспалы өткен шақ ІІІ жақ.



  1. Етістікке морфологиялық сатылай кешенді талдау жүргізу

Айналды –

        1. Құрамына қарай: үш құрамды: айнал – түбірі, -ды – жіктік жалғау ІІІ жағы

        2. Тұлғасына қарай: негізгі

        3. Құрылысына қарай: дара

        4. Лексикалық мағынасы – қимыл іс-әрекетке берілген атау

        5. Етістіктің райлары – ашық рай

        6. Етістіктің шақтары – жедел өткен шақ

Бақтым –

  1. Құрамына қарай: үш құрамды: бақ – түбірі, -ты – жедел өткен шақ, -м – жіктік жалғау ІІІ жағы

  2. Тұлғасына қарай: негізгі

  3. Құрылысына қарай: дара

  4. Лексикалық мағынасы – қимыл іс-әрекетке берілген атау

  5. Етістіктің райлары – ашық рай

  6. Етістіктің шақтары – жедел өткен шақ

Сұрамайды –

  1. Құрамына қарай: төрт құрамды: сұра – түбірі, -ма – болымсыз етістік, -й – көсемше, -ды – жіктік жалғау ІІІ жағы

  2. Тұлғасына қарай: негізгі

  3. Құрылысына қарай: дара

  4. Лексикалық мағынасы – қимыл іс-әрекетке берілген атау

  5. Етістіктің райлары – ашық рай

  6. Етістіктің шақтары –ауыспалы осы шақ



  1. Қосымша ақпарат. Ақынның туған күніне орай өмірмен байланыс жасалды.

Қазақ поэзиясының патшасы, ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – шынайы поэзия өкілі. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның бірнеше өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да «Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана» деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.

  1. Поэзия минуты (тыңдалым)

М.Мақатаевтың «Жоқ, дәрігер» өлеңі тыңдатылады.

IV. Бекіту

Өлең ішінен ашық райлы етістіктерді тауып жазу.



Білмедім бе, уландың ба, кірледің бе, арқалап жүремін бе, атасың, бастай ма, адасам ба, кете ме, айтпайсың, тулайды, алдым, қайнап барады, алып тастады.

V. Үйге тапсырма

150-жаттығу. Ашық райдың жасалу жолын меңгеру



VI. Бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет