Сабақтың тақырыбы: Қасым хан Сабақтың мақсаты


Сабақтың тақырыбы Халықтардың ұлы қоныс аударуы



бет4/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,66 Mb.
#25894
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы Халықтардың ұлы қоныс аударуы


Сабақтың мақсаты:
Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың  өміріне тоқталу, фильмін көрсету.
Белсенді, ізденімпаз, жан-жақты білімді ащзамат тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
 Көрнекілік: карта, суреттер
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?
2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.
3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.
4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.
2. Ғұн жорықтарының маңызы.
Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген.
Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттилда туралы еңбектер 6 ғсырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, францтуз, және итальян тілінде  бірнеше туындылар шықты. Италияның  атақты компазиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де  сақталған. Халық оны  «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.
3. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.
448 жылы  Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оғның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».
Сабақты бекіту:
1. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?
2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.
3. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §21. Шығармашылық тапсырма. «Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны жайлы әңгіме құрастырыңдар.»

Сабақтың тақырыбы Хақназар хан


Сабақтың мақсаты:    Қазақ мемлекетінің Хақназар хан тұсындағы саяси әлеуметтік

                                        жағдайы, мемлекеттің қалыптасу кезеңі туралы баяндай келіп, 

                                       оқушыларды өз халқының тарихын толық меңгеруіне ықпал ету.

Дамытушылық мақсаты:    Оқушының ойлау қабілетін дамыту, ұлтымыздың

                                                   алғашқы мемлекеттік дәрежеге жетуі туралы тарихи 

                                                   көзқарас қалыптастыр.

Тәрбиелік мақсаты:            Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген

                                                  құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:       Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі:      Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, датамен жұмыс, тірек сызба, топтастыру әдісі, тестпен жұмыс.



 

Сабақтың көрнекілігі:     Карта, есеп жазылған парақ, суреттер,жылжымалы тақта.

 

Пәнаралық байланыс:    География, математика.



 

Сабақтың барысы:      І-ұйымдастыру бөлімі

                                         ІІ-үй жұмысы

Оқушылар ынтасын сабаққа аударуға арналған сұрақтар қою

 

  1.Қазақ хандығының іргесін қалаған кім?



                                             (Керей мен Жәнібек)

  1.Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп кетті?

                                             (Әбілхайыр хандығы)

  2.Қасым хан кімнің баласы?

                                             (Жәнібектің)

 3.Жәнібек пен Керейдің алғаш орда тіккен жері?

                                                          (Қозыбас, Батыс Жетісу) 

 4. Жәнібек пен Керейге жер беруші хан?

                                                          (Есенбұға) 

  5.Қасым ханның заңы қалай аталады?

                                                          («Қасым ханның қасқа жолы»)

 6. « Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы қай қала болды?»

                                                                                        (Түркістан)

 Дата мен жұмыс

1 1465-1466 Қазақ хандығының құрылуы

2 1511ж Қасым хан билікті өз қолына алды.

3 1514ж Саид хан Шайбанилерге қарсы күресу үшін Қасым ханнан көмек сұрады.

4 1518ж Қысам хан қайтыс болды.

Жаңа сабақ:

А) Хақназар ханның шығу тегіне сипаттама беру

Б) Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі саясаты

В) Хандықтың сыртқы саясаты

С) Қазақ-өзбек қарым-қатынасы

 

1) Хақназар ханның шығу тегіне сипаттама беру.



Қасым хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандындағы дағдарыс ұзақ жылға созылды. Себебі хандықтың ішіндегі талас тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалылығы  Қазақ хандығының бір шама әлсіретеді, құлдырай бастайды. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін болған хандар:

1. Мамаш   1518-1523ж

2. Тақыр 1523-1533ж

3. Бұйдаш 1533-1534ж

4. Қожа Махмұт 1534-1535ж

5. Тоғым 1535-1537ж. Бұл хандар тұсында қазақ хандығы ішкі-сыртқы талас тартыс нәтижесінде хандықтың жағдайы төмендеп кетті. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп, оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға,

Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсартуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.

 

2) Хақназар хан Қазақ хандығы жерлерін қайта қалпына келтіру мен айналысты. Хақназар батыста Ноғай Ордасымен, Оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен Солтүстігінде Сібір хандығымен іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас  орнатты. Хақназар әкесі Қасым ханның жақсы қасиеттерін алған. Ол өз алдына билік еткен Тақыр, Бұйдаш хандардың қатесін қайталамауға тырысқан. Ел басқаруда сабырлылық танытып, мемлекеттің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған. Хақназар хан  елін-жерін сыртқы жаудың шабуылынана сақтауға, халқының бірлігін нығайтуға бар өмірін арнаған.  Хақназар билік еткен кезде Қазақ хандығының қуаты өсіп, саяси өрлеуі арта түсті.



3) Сыртқы саясатта.

Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен, Орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғол хандығымен Жетісу-Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес  XVI  ғасырдың 50-60 жылдарында болды.

Бұл хандыққа қарсы күресте Хақназар қазақ-қырғыз одағынан пайдаланды. Бұл соғыста қазақтар үшін сәтсіз аяқталды. Қазақтар мен моғолдар арасында шайқастар мұнымен бітпенді. Абдар-Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс қимылдары саябырламады.

XVI  ғасырдың 60-70 жылдарында Хақназар хан моғол ханына қарсы соғыстардағы сәтсіздік және екінші жағынан жоңғарлардың шапқыншылық жорықтары салдарынан Хақназар хан Жетісудың біршама жерін уысынан шығарып алды. Дегенмен 1570 жылдардың аяғында Жетісудың батыс бөлігі Шу, Талас өңірі оның билігінде болды. Батыстағы Ноғай Ордасындағы маңғыт мырзаларының билік үшін таласқан фиодалдық қырқысы үдей түсті. Бұл жағдай осы Ордадағы халықтың жағдайын қатты күйзелтіп жіберді. Нәтижесінде Ноғай Ордасында наразылықтар күшейіп орда құлдырап дағдарысқа тап болды. Ноғай Ордасы  құрамындағы қаңлы, қыпшақтар тағы да басқа көшпелі тайпалар Қазақ хандығына келіп қосылды. Ноғай Ордасының ыдырауы орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.

4) XVI  ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір хандығы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары  жиілеп кетті. Бұл тарихы жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.

Ертеден  жауласып келе жатқан Шайбани әулетімен қарым-қатынас жасауға ұмтылды. Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Бұхар ханы II Абдаллахпен қазақ ханы хақназар «Дос болып, өзара көмектесу жөнінде ант беріскен шарт жасасты». Осы келісім шарттан кейін соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектер арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өсуіне тиімді әсер етті. Қазақ хандығы нығая түсті.

1579 жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар хан бұл таласты пайдаланып, оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуінде қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах оған Түркістан аймағынан бірнеше қаланы сыйға береді. Баба сұлтанда өзін қолдағаны үшін Түркістан, Сауран қалаларын Қазақ хандығына тарту етті.

Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып, жансыздарын жіберіп  Хақназарды және сұлтандарын тегіс өлтіреді.

 

 

 



 

                        Бекіту кезеңі. «Математикалық ойын»

1. 728*2+9=1465                    ( Қазақ хандығының құрылуы )

2. (324+43)*4=1468               ( Әбілхайыр хан қайтыс болды )

3. 342*4+215=1511                ( Қасым ханның билікке отырған жылы )

4. 299*5+23=1518                  ( Қасым хан қайтыс болды )

5. (844*2)-150=1538              ( Хақназар ханның таққа отырған жылы )

6. 6633:33+1379=1580          ( Хақназар хан қайтыс болды )

7. 779*2-11+32=1579            ( Ташкент маңы билеушісі Баба сұлтан мен өзбек ханы

Абдаллахтың билікке таласының басталуы )

                              Таңдамалы тестпен жұмыс.

 



Сұрақтар

А

В



С

1 Хақназар қазақ хандығын неше жыл басқарды?

42

40

38



2 Хақназар хан тұсында Қазақ хандығымен байланыс жасамаған ел? Сібір хандығы Ноғай Ордасы Қытай мемлекеті

3 Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының шекарасына ең көп көшіп келген халық?

Ноғайлар

Башқұрттар

Ойраттар

4 Қай мемлекеттің ыдырауы мен орыс мемлекетінің шегарасын Қазақ хандығына жақындады. Орыс мемлекеті

Моғолстан

Өзбек хандығы

Ноғай Ордасы ыдырай бастаған кезең?

XVғас


XVI ғас

XI Vғас


Хақназар хан кімнің баласы?

Жәнібектің

Қасымның

Керейдің


 

Қорытынды:

  Қасым ханнан кейін әлсіреген Қазақ хандығының билігін қолына алған Хақназар хан қазақ елінің еңсесін көтерді. Сыртқы жағдайларды ел мүддесіне пайдалана білді. Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп мемлекеттің нығайуына ереше еңбек сіңірді. Хақназар ханның өз алдына билік құрған хандардан ерекшелігі көп қырғын соғысқа бармай мемлекеттер аралық дипломатиялықәдістерді жиі пайдаланыпе отырды. Ол ең алдымен өз төңірегіне өте сенімді тату одақты ұйымдастыра білді. Қасым хан кезінде айбынын асырған Қазақ хандығы іштей әлсіреген кезеңде билікті қолына алған Хақназар хан елінің еңсесін көтерді. Сыртқы жағдайларды ел мүддесіне пайдалана білді. Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді

Үйге тапсырма беру:  & 39 тақырыпты оқып келу



Бағалау кезеңі

ақырыбы: Хақназар хан
Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ мемлекетінің тұсындағы саяси әлеуметтік жағдайы, мемлекеттің қалыптасу кезеңі туралы баяндай келіп, оқушыларды өз халқының тарихын толық меңгеруге ықпал ету.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс жасауға, өз ойын еркін, ашық айтуға дағдыландыру
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу, ұлы ханның ұлы істерінен үлгі алуға насихаттау.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдісі: топпен жұмыс, сайыс, баяндау
Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, ватман, стикер, плакат, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
А. Конверт сұрақтары мен тапсырмалары
1 - конверт:
Қазақ хандығының іргетасын қалаған кімдер?
Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы болған қала?

2 - конверт:
Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп шықты?
Қасым хан кімнің баласы?

3 - конверт:
Жәнібек пен Керей алғаш орда тіккен жер:
Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?

В. Сәйкестендіру тесті:

1. Керей мен Жәнібек
2. М. Х. Дулати
3. Қасым
4. Әбілхайыр
5. Есен - Бұға
6. Барақ

1 Алғашқы қазақ билеушілері қай хандықтан бөлініп шықты?
2 Қай ханның тұсында қазақ халқының саны 1 млн - ға жетті?
3 Қазақ хандығының құрылуы туралы орта ғасырларда қандай тарихшы жазған?
4 Моғолдың қандай ханы көшіп келген екі сұлтанды өз жеріне қоныстандырды?
5 Жәнібек кімнің баласы?
6 Қазақ хандығының негізін қалаған кім?

Тексеру кiлтi:
1. Әбілқайыр3. М. Х. Дулати5. Барақ
2. Қасым хан4. Есен - Бұға6. Керей мен Жәнібек

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
І. Хақназар хан өміріне сипаттама:
ІІ. Хақназар ханның ішкі - сыртқы саясаттары:
ІІІ. Қазақ - өзбек қарым – қатынастары:

I. Хақназар хан — (1538 — 1580жж) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын - қыстау, әскери - саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Қасым хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығындағы дағдарыс ұзақ уақытқа созылады. Себебі хандықтың ішіндегі талас - тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретеді, құлдырай бастайды. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін таққа:
Мамаш (1518 - 1523 жж)
Тақыр (1523 - 1533жж)
Бұйдаш (1533 - 1534жж) сынды хандар отырады. Бұл хандар тұсында қазақ хандығы ішкі - сыртқы талас тартыс нәтижесінде хандықтың жағдайы төмендеп кетеді. Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіріп, оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын жақсартуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.

II. Хақназар ханның саясаты
Ішкі саясаты Хақназар хан Қазақ хандығы жерлерін қайта қалпына келтіру мен айналысты. Батыста Ноғай ордасымен, Оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен, Солтүстігінде Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым - қатынас орнатты. Әкесі Қасым ханның жақсы қасиеттерін алған. Ел басқаруда сабырлылық танытып, мемлекеттің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған. Хақназар билік еткен кезде Қазақ хандығының қуаты өсіп, саяси өрлеуі арта түскен.
Сыртқы саясаты
Хақназар хан сыртқы саясатта Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен Орыс мемлекетімен бейбіт қарым - қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады. Моғол хандығымен Жетісу - Ыстықкөл аумағындағы жерлер үшін күрес ХVI ғасырдың 50 - 60 жылдарында болды. бұл хандыққа қарсы күресте Хақназар қазақ - қырғыз одағын пайдаланды. Соғыс қазақтар үшін сәтсіз аяқталды. Моғолстан ханы Абд - ар Рашид мұрагерлері тұсында да соғыс қимылдары саябырламады.

III. Қазақ – өзбек хандықтарының қарым - қатынастары.
XVI ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір хандығы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылы жорықтары жиілеп кетті. Бұл жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан хандықтың сыртқы саясатын өзгертті. Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, Бұхар ханы ІІ Абдалах пен қазақ хан Хақназар хан «дос болып, өзара көмектесу жөнінде ант беріскен шарт» жасасты. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады.

1570 жылы өзбек ханы Абдалах пен Ташент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін тартыс басталды. Хақназар бұл таласты пайдаланып, оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуінде қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдалах хан Түркістан аймағындағы бірнеше қалаларды сыйға береді. Баба сұлтанда өзін қолдағаны үшін Түркістан, Сауран қалаларын қазақ ханына тарту етеді. Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдалах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып, жансыздарын жібереді. Хақназарды және жанындағы сұлтандарын тегіс өлтіреді.

Проблемалық сұрақтар қою:
Хақназар хан әкесі Қасым ханның саясатын одан әрі жалғастырды ма, әлде басқа бағыт ұстанды ма?
Хақназар хан тұсында қазақ жерлері біріктіру толық аяқталды ма?
Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қандай дәрежеге жетті?

ІV. Бекіту
«Тарихи математика» ойыны:
1. 728*2+9=
2. 846*2+154=
3. 479+2200/2=
4. 1003 =
5. 3800/2+91=
Жауабы:
1. 1465 - қазақ хандығы құрылды
2. 1538 - Хақназар хан болып сайланды
3. 1579 - Абдалах пен Баба сұлтан арасындағы билік үшін талас басталды.
4. 1000000 - Қасым ханның тұсындағы қазақ халқының саны
5. 1991 - Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болды

V. Бағалау: «Блоб ағашы»
VI. Үйге тапсырма:
• §39 мазмұндау;
• Хақназар ханның Қазақ хандығын билеуінің қорытындысы туралы дәптерге жазып келу;

Сабақтың тақырыбы:     Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.     (XV ғасырдың соңғы ширегі)

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, қазақ ұлттық мемлекетінің  құрылуының тарихи маңызы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру;

  • Дамытушылық:

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру, өз ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Тәрбиелік:

Қазақ хандығының  ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, қазақ хандарының мемлекет құрудағы көреген саясатына оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, топтастыру, эссе.

Көрнекілік: карта, сызба, презентация, бейне материал.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:      Қазақ хандығының құрылуы.

1-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.

І Деңгей. Жауап берген оқушыға 10 ұпай беріледі.


  1. Жәнібек пен Керей қай жылы, қай жерге қоныстанды?

Жауабы:     1465-1466жж. Батыс Жетісу, Қозыбасы.

  1. Жәнібек пен Керейдің қайсысы бірінші хан болды? Неліктен?

Жауабы:     Керей; жасының үлкендігі ескерілді.

  1. Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп, қай хандыққа көшіп барды?

Жауабы:    Әбілхайыр хандығынан; Моғолстанға.

ІІ. Деңгейлік тапсырмалар.



  1. Әбілхайыр хан билігіне наразылық неге күшейе бастады?

Жауабы:    Тоқтаусыз қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі.

  1. Жәнібек пен Керей не себепті Моғолстан жеріне көшті?

Жауабы:    Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.

  1. Қазақ мемлекетін қалыптастырған басты себептерді атаңдар?

Жауабы:   Халық болып құрылуы, жүздердің айқындалуы, әлеуметтік қатынастардың нығаюы.

ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар.

1.Әбілқайыр хандығының әлсіреуі мен Қазақ хандығының құрылуында қандай байланыс болды?

2.Қазақ хандығының құрылуында Моғолстанның қандай маңызы болды?



  1. Жәнібек пен Керей саясаты туралы не айтуға болады?

2-тапсырма. Картамен жұмыс. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қазақ тайпаларының географиялық орналасуын көрсетіңдер.

Жаңа сабақты меңгерту:

  • 36. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы (XV ғасырдың соңғы ширегі)

Жоспар:

  • Хандықты басқару ісі.

  • Хандықтың ішкі жағдайы.

  • Сыртқы саяси жағдайы.

  • Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы.

 

Ой шақыру.

-Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері? (Жетісудың батысы; Шудағы Қозыбасы.)

-Қазақ хандығының алғашқы хандары? (Жәнібек, Керей)

-Қазақ хандығының құрылған уақыты? (1465-1466жж; XV ғасырдың

ІІ жартысы.)



  • Хандықты басқару ісі.

Оқулықпен жұмыс.“Түртіп алу” стратегиясы. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып, кестені толтырады.

Объявление скрыто.

СкрытьНе интересуюсьНадоелоСпамМешает

 

Бұрынан білемін       Білгім келеді        Мен үшін жаңалық



 

  • Хандықтың ішкі жағдайы. «Топтастыру» стратегиясы.

Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып, топтастыру құрады.

Сыр бойындағы қалалармен сауда-саттықты орнатуы

Көшпелі тайпалардың Жетісуға көптеп шоғырлануы

Отырықшы егіншілік дамыған аудандармен байланыс орнатуы

Қала, қыстақ-кенттермен байланыс орнатуы

 

«Қазақ хандығының алдына қойған тарихи міндеттері» бойынша бейне материал көрсету.  «Қазақ елі. Қазақстан тарихы» 1-бөлімінен үзінді.



Қазақ хандығы алдындағы тарихи міндеттер:

  • Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдалануындағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру.

  • Сырдария бойындағы қалаларды қазақ хандығына қарату.

  • Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

  • Сыртқы саяси жағдайы. Топтастыру.

Бейне материал көрсету.  «Қазақ елі. Қазақстан тарихы» 3-бөлімінен үзінді.

Сырдария бойы менг Қаратау өңірін басып алды

Темір әулетінің Шайбаниден жеңіліс тапты

Алтын Орда ыдырап, бірнеше хандықтар пайда болды

Моғолстан хандығы бірнеше иелікке ыдырады

Әбілқайыр билігінің жойылды

 

Қазақ мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы. 5минуттық эссе жазу.

 

Жаңа сабақты бекіту:



1-тапсырма.  «Тұлғаларды таны».

  • Қазақ сұлтандарына өз жерінен жер беріп, олардан өз ағасына қарсы және ойраттарға қарсы күреске пайдаланбақшы болған монғол ханы?  (Есен-Бұға)

  • Қазақ сұлтандары бөлініп шыққан көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі. (Әбілқайыр)

  • Ақ Орданың соңғы ханы, Қазақ хандығын құрушылардың бірінің әкесі. (Барақ)

  • Қазақ хандығының құрылуы туралы жазып қалдырған орта ғасырлық тарихшы. (Мұхаммед Хайдар Дулати)

  • Қазақ хандарымен Сыр бойындағы қалалар үшін 30 астам соғысқан Әбілқайыр ханның немересі. (Мұхамед Шайбани)

2-тапсырма. Тарихи сынақ хат.

  • Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды.

  • Сыр бойындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына қосылды.

  • Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұхараға қашты.

  • Қазақ жасақтары Сауранды қайтарып алған соң, жау қолындағы Отырар қаласын қоршауға алды.

  • Қазақ халқының тарихында қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.

Бағалау

Үйге тапсырма



  • 36. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. (XV ғасырдың соңғы ширегі.)

  • Қазақ хандығы күрескен Сыр бойындағы қалаларды кескін картаға түсір.

  • «Қазақ хандығын мен Қазақстан Республикасы» Венн диаграммасын құру.

 


  1. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы:

А) "Гуньмо В) "шаньюи" С) "Хан" D) "Патша"

  1. Ғұндар туралы дерек беретін

А) қытай деректері В) иран жазбалары

С) рим жылнамалары D) византия деректері



  1. Ғұндар кезеңін қамтитын аралық

А) б.з.б. У ғ.-б.з.б. І ғ. В) б.з.б. УІ ғ-б.з. У ғ.

С) б.з.б. ІІІ ғ.-б.з. УІ ғ. D) б.з.б. ІУ ғ.-б.з. ІІІ ғ.



  1. Ғұн державасының негізін қалаған

А) Чжи-Чжи В) Мұқан С) Мөде D) Бумын

  1. Шығыстанушы Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған мерзімі

А) б.з.б. 306 ж. В) б.з.б. 420 ж. С) б.з.б. 509 ж. D) б.з.б. 209 ж.

  1. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа

А) сақтар В) ғұндар С) үйсіндер D) сарматтар

  1. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша

А) 2 қанатқа бөлінген В) бөлінбеген С) 3 қанатқа бөлінген D) 5 қанатқа бөлінген

  1. Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым

А) "Тархан" В) "Сұлтан" С) "Уәзір" D)" Түменбасы"

  1. Ғұн мемлекетіндегі ру саны

А) 14 В) 9 С) 7 D) 24

  1. "Халықтардың ұлы қоныс аударуын" бастаған

А) Сақтар В) Ғұндар С) Үйсіндер D) Сарматтар


  1. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы:

А) "Гуньмо В) "шаньюи" С) "Хан" D) "Патша"

  1. Ғұндар туралы дерек беретін

А) қытай деректері В) иран жазбалары

С) рим жылнамалары D) византия деректері



  1. Ғұндар кезеңін қамтитын аралық

А) б.з.б. У ғ.-б.з.б. І ғ. В) б.з.б. УІ ғ-б.з. У ғ.

С) б.з.б. ІІІ ғ.-б.з. УІ ғ. D) б.з.б. ІУ ғ.-б.з. ІІІ ғ.



  1. Ғұн державасының негізін қалаған

А) Чжи-Чжи В) Мұқан С) Мөде D) Бумын

  1. Шығыстанушы Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған мерзімі

А) б.з.б. 306 ж. В) б.з.б. 420 ж. С) б.з.б. 509 ж. D) б.з.б. 209 ж.

  1. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа

А) сақтар В) ғұндар С) үйсіндер D) сарматтар

  1. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша

А) 2 қанатқа бөлінген В) бөлінбеген С) 3 қанатқа бөлінген D) 5 қанатқа бөлінген

  1. Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым

А) "Тархан" В) "Сұлтан" С) "Уәзір" D)" Түменбасы"

  1. Ғұн мемлекетіндегі ру саны

А) 14 В) 9 С) 7 D) 24

  1. "Халықтардың ұлы қоныс аударуын" бастаған

А) Сақтар В) Ғұндар С) Үйсіндер D) Сарматтар

Ғұндардың мемлекеттік құрылымы

Ғұн тайпаларының бірлестігі

«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» туралы әңгімелеу


«Ғұндардың Рим империясын басқаруы»
«Ғұн жорықтарының маңызы» Сипаттама беру

«Ғұндардың жеңу себептері»


« Тарихтағы ғұндардың сипаттамасын табу»
«Аттила - ержүрек ғұн көсемі»

1-тапсырма.  «Тұлғаларды таны».



  • Қазақ сұлтандарына өз жерінен жер беріп, олардан өз ағасына қарсы және ойраттарға қарсы күреске пайдаланбақшы болған монғол ханы?  (Есен-Бұға)

  • Қазақ сұлтандары бөлініп шыққан көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі. (Әбілқайыр)

  • Ақ Орданың соңғы ханы, Қазақ хандығын құрушылардың бірінің әкесі. (Барақ)

  • Қазақ хандығының құрылуы туралы жазып қалдырған орта ғасырлық тарихшы. (Мұхаммед Хайдар Дулати)

  • Қазақ хандарымен Сыр бойындағы қалалар үшін 30 астам соғысқан Әбілқайыр ханның немересі. (Мұхамед Шайбани)

1. 728*2+9=1465                    ( Қазақ хандығының құрылуы )

2. (324+43)*4=1468               ( Әбілхайыр хан қайтыс болды )

3. 342*4+215=1511                ( Қасым ханның билікке отырған жылы )

4. 299*5+23=1518                  ( Қасым хан қайтыс болды )

5. (844*2)-150=1538              ( Хақназар ханның таққа отырған жылы )

6. 6633:33+1379=1580          ( Хақназар хан қайтыс болды )

7. 779*2-11+32=1579            ( Ташкент маңы билеушісі Баба сұлтан мен өзбек ханы

Абдаллахтың билікке таласының басталуы )

1. 728*2+9=                    

2. (324+43)*4=             

3. 342*4+215=           

4. 299*5+23=                 

5. (844*2)-150=            

6. 6633:33+1379=          

7. 779*2-11+32=   


1. 728*2+9=                    

2. (324+43)*4=             

3. 342*4+215=           

4. 299*5+23=                 

5. (844*2)-150=            

6. 6633:33+1379=          



7. 779*2-11+32=       

   
Каталог: uploads -> doc -> 0889
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0889 -> Презентация құрастыру Өткізген: Төлеутай Г.Ғ Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет