Сабақтың тақырыбы Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі Зерттеу сұрағы



бет4/4
Дата11.05.2022
өлшемі26,5 Kb.
#142623
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан тарихы 6 сынып Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі Әдістемелік нұсқау 1-сабақ

Қалыптастырушы бағалау. Әр топтан өз жұмысының нәтижесін сынып алдында қорғауды шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыруды талап етіңіз. Мысалы, постер, шағын баяндама, хабарлама түрінде. Үш топтың тапсырмалары әртүрлі болғандықтан оқушылардың бір-бірін мұқият тыңдауын қадағалаңыз. Сұрақтар қойғызып, талқылау ұйымдастырыңыз. Топтардың бірін-бірі бағалау үшін дескрипторларды беріңіз.
Интерпретация
Оқушыларды төмендегі 3 дейекке сәйкес дәлел келтіруге бағыттаңыз. Олар дәлелді сабақ барысында қолданған мәтіндерден немесе деректерден алуына болады.



Қасым хан – шебер дипломат

Қасым хан дала халқының дәстүрін сыйлаушы

Қасым хан Қазақ хандығының аумағын кеңейтті

Бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды дәйек құра білуге және құрастырылған дәйекке сәйкес дәлел негізінде сөйлеуге дағдыландыру.



Рефлексия
Сабақты «Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?» деп аталатын зерттеу сұрағына қайта оралып, оқушыларға:
- 2 сөйлем арқылы;
- 3 сөз арқылы;
- 1 сөзбен... қорытынды түйін айтуға мүмкіндік беріңіз.

Презентациядағы оқу мақсаттарына қайта орылып, оқушылардың барлығы оқу мақсатын игерді /игермеді көз жеткізіңіз.




Үйге тапсырма берілмейді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет