Сабақтың тақырыбы: «Астана Опера»



бет1/3
Дата09.10.2023
өлшемі100,57 Kb.
#184198
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
«Астана Опера » театры


Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Астана Опера » театры

Бөлім:

5-бөлім: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология.

Педагогтің аты-жөні:

Қайратбекқызы Т.

Күні:

01.12

Сыныбы: 7 г

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы оркестрдің түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау.

Сабақтың мақсаты:

ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолданады, авторына сілтеме жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны

Сабаққа кіріспе




Қызығушылықты ояту. Сазгер Сәкен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйін тыңдату.
Оқушылар сабақ мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды. Содан кейін нақты бағалау критерийлерімен танысады.

1. Қандай күй деп ойлайсыңдар?
2.Сазгердің домбырада ойнаған күйі сендерге қалай әсер етті?
3.Араларыңда домбырада ойнайтын оқушылар бар ма?.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.



1-тапсырма:
Мәтінді оқып, қандай стильде жазылғанын анықтаңдар, тақырыбын қойыңдар.

Мәтінді оқиды. Стилін ажыратып, мәтінге тақырып қояды.
Музыкалық туындылар орындалатын орын – оркестр. «Оркестр» деп бір музыкалық туындыны түрлі аспаптарда қатар ойнайтын музыканттар тобын айтамыз. Оркестрдің өте үлкен түрін «Симфониялық оркестр» деп атаймыз. Симфониялық оркестрдің құрамында ішекті, үрлемелі, соқпалы музыкалық аспаптар болады. Ол классикадан бастап, поп музыкакаға дейінгі барлық әуендерді орындайды. Ішекті аспаптардың барлығы оркестрдің алдына орналастырылады. Бас, соқпалы және үрлемелі аспаптар артқы қатарда тұрады. Мөлшері жағынан ішекті аспаптар үлкен болады. Концертте күйсандық, скрипка немесе виолончель сияқты дара аспаптар оркестрмен сүйемелденеді. «Гамелан» деп аталатын Индонезия оркестрінде 75-ке жуық аспап қамтылады. Симфоникалық оркестрде көбінесе батыс классикалық музыкасы немесе опера орындалады. Симфония – ырғақ деп аталатын 3 немесе 4 түрлі бөліктен тұратын музыкалық жанр. Опера музыка жанрына жатады. Оркестр ойнап тұрған музыкаға қосылып ән шырқауды «опера» дейміз. Музыканың бұл жанры 1600 жылдар шамасында Италияда дүниеге келген. Операны орындайтын басты кейіпкерлер белгілі бір драмалық шығармадағы кейіпкерлердің рөліне еніп, көрерменге солардың сезімін, көңіл күйін жеткізеді. Операда би өнері де жиі қолданылады. Әсіресе, Францияда операда ән мен би қатар жүреді. Операның кейбір түрлерінде ауызекі сөйлеу түрі – диалог те қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет